Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Д.А.Қонаевтың қызметі. 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған



Pdf көрінісі
бет76/83
Дата19.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#177240
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   83
Байланысты:
Тарих

Д.А.Қонаевтың қызметі. 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған 
Желтоқсан оқиғасы. 
Жастардың алаңға шығуы 
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері 
арасындағы қайшылықтар және шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі 
себептері болды. Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық 


50 
Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы 
басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск 
облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының 
ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси 
қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды. 
Желтоқсан оқиғасы 
1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа 
қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық 
сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық 
жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап 
етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер 
көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның 
кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді. Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су 
шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп 
сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары 
бұл жағдайға көз жұма қарады. Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу 
камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, 
комсомолдан шығарылды. Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол 
Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. 
Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас 
бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам 
комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан 
шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам 
жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 
жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 
жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның 
ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет