Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



Pdf көрінісі
бет82/83
Дата19.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#177240
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
Байланысты:
Тарих

102.
 
 Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен 
маңызы.
Президент Жолдауда әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мән бере отырып, дағдарысқа қарсы 
жедел жүзеге асырылатын шараларға арнайы тоқталды. Соның ішінде ұлттық валютаның тұрақтылығын 
қамтамасыз етуге, мемлекеттің үлесі бар компаниялардың валюталық табысының экспорттық сатылымын 
ұлғайтуға, мемлекеттік аппараттың қызметіндегі бюрократияны жоюға да баса мән берілді. Мемлекет 
басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына 
Жолдауында елдің саяси жүйесін жаңғырту мәселесі баяндалып, "Күшті Президент - Ықпалды Парламент - 
есеп беретін Үкімет" формуласын берік ұстану арқылы мемлекетті демократияландыру үдерісіндегі 
Президенттің өкілеттілігін қысқарта отырып, Парламенттің төменгі палатасының құзыретін жоғарлату, елдің 
тұрақты жан-жақты дамуына әкеліп, ішкі саяси тұрақтылықты сақтайтыны сөзсіз. 
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өзгерістер туралы айтты, Бұл уақыт тарих 
беттеріне жазылып, ел дамуының жаңа бағытының - Жаңа Қазақстанның бастауы болады. Президент әрбір 
сөзінде халықтың пікіріне құлақ асып шешім қабылдағанын жеткізді. Соның ішінде жаңадан облыстар құру 
Абай, Ұлытау, Жетісу сияқты атау берудің астарында зор мағына бар. Ерекше бір айта кететіні халық егер 
қарсы болмаса Қапшағайдың атауын аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік 
еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед 
Қонаевтың атына берудіде ұсынды! 
103.
 
Білім және ғылым жүйелеріндегі реформалар. «Болашақ» бағдарламасы.
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты халыққа білім беру саласында халықаралық қарым-
қатынас кеңейді. Бүгінгі күндері мыңдаған оқушылар, студенттер және аспиранттар оқуларын шет 
елдерде жалғастырып жатыр. Осы мақсатта Қазақстан Президенті жанынан “Болашақ” бағдарламасы 
бойынша арнаулы қор құрылып, республиканың жоғары оқу орындарынан жыл сайын жүздеген 
студент шетелдерге, соның ішінде АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Францияға, Қытайға, Түркияға және т.б. 
жерлерге оқуға жіберіледі. Қазақстан мемлекет есебінен жылына 3 мың студентті әлемнің 25 
университетіне оқуға жіберуде. Соңғы 13 жылда 2 мың қазақстандық шетелдердің жоғары оқу 
орындарында білім алып қайтты. Бүгінде жалпы саны 20 мыңнан асатын қазақстандық шет елдерде 
білім алуда. Олар Қазақстанның кадрлық әлеуетінің перспективалық негізі болады.
Бүгінде 
«Болашақ» стипен¬диясы арқылы шетелдерде оқып келген мыңдаған маман түрлі са¬лаларда еңбек етіп жүр. 
Олар медицина, инженерия, IT, білім беру, құқық және басқа да салада қызмет етуде. «Болашақ» 
стипен¬¬диясымен оқыған 150-ден астам азамат ғылыми мекеме мен жо¬ғары оқу орнында профессор 
деңгейіне жетті. Олар жылына 1,2 мың ғы¬лыми мақала жария¬лайды. Соны¬мен қатар бағдарлама 
бас¬тапқы кезде қаржы бар, бақуатты отбасы балаларының ғана қолы жететін жоба сияқты көрінгенімен, іс 
жүзінде қазір стипендия барлық әлеуметтік топ өкілдері үшін қо¬лай¬лы деңгейге жетті. Тек жастар білімін 
дәлелдесе болғаны. Ал кейін оқу бітіріп келген жастар өз қабілет-қарымы¬на байланысты жоғары қызметке 
орналасуға мүм¬кін¬дік алады. Бұл бағдарлама¬ның әлеуметтік саты рөлін атқарып отырғанын көрсе¬теді. 
Сондай-ақ бағдарлама қо¬ғамдағы әлеуметтік топтардың арасындағы жіктің те¬реңдеп ке¬туіне де жол 
бермейтін құ¬ралға айналды. Яғни, дәстүрлі капи¬талистік қоғамдағыдай бай мен кедейдің арасындағы 
алшақ¬тық¬тың денсаулық сақтау, білім беру сияқты салаларға еніп кетуіне тос¬қауыл болуда. Бұл жағынан 
қарастырғанда бағдарлама Қазақ¬¬станның әлеуметтік мемлекет құруды басшылыққа алған ұстаны¬¬мымен 
үйлескен жоба.Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары және «5 институционалдық реформа» 
бағдарламалық құжаттарында, “Мәңгілік Ел” идеясында білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту бойынша 
міндеттерді келтіруге, халықаралық стандарттарға сәйкес, нақты міндеттерді қойды. Бүгінгі әлемнің тез 
өзгеретіні соншалық, заманауи білім беру өзгерістерді соңынан емес, керісінше, алдын ала болжауы тиіс. 
Осыған байланысты отандық білім беру жүйесі қайта құруды, халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді 
және заман талабына лайықты азаматтарды даярлауды қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет