Байланысты: бизнесті ұйымдастыру лекции на каз (1)
Коммерциялық несие - тауарларды сатқанда сатушы сатып алушыға төлем мерзімін ұзартады.
Консорциум - кейбір жобаларды бірлесіп орындау үшін, ірі шараларды қаржыландыру үшін, қымбат объектінің құрылысы бойынша бірнеше фирмалар, банктер, компаниялар арасында жасалған ерікті уақытша келісім.
Концерн - өнеркәсіп сферасында көп тараған корпорациялардың нысаны, бұлар іс- әрекеттерге көп салалы талдау жүргізеді. Ерекшелігі: капитал салымы саласында қатал орталықтанған басқарудың кәсіпорындарының, бөлімшелердің, филиалдардың кең шаруашылық дербестігімен ұштасуы және басқарудың орталықсыздандырылуымен ұштасуы.
Корпорация кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың кең тараған формасы, мұнда жалданып еңбек ететін жоғарғы дәрежелі маманданған басқарушылар кәсіпорынның басқарушылық қызметтерін атқарады.