Қазақстан білім және ғылым министрлігі



бет42/126
Дата07.02.2022
өлшемі363,12 Kb.
#97329
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   126
Байланысты:
бизнесті ұйымдастыру лекции на каз (1)

Фискалдық саясат - үкіметтік органдардың мемлекеттік шығындарды және салық салуды өзгерту бойынша қабылдайтын шаралары.
Экономикалық (іскерлік) цикл - бірнеше жыл аралығында экономикалық белсенділік деңгейінің өсуі мен құлдырауы

"Бизнесті ұйымдастыру" пәні бойынша дәрістер конспектілері


1 АПТА


Тақырып 1. Бизнес түсінігі, түрлері және ұйымдастырушылық нысандары
1 Кәсіпкерліктің мәні. «Бизнес» және «кәсіпкерлік» түсініктеріндегі айырмашылықтар. Кәсіпкерліктің экономикадағы орны. Кәсіпкерліктің мақсаты мен міндеттері.
2 Бизнестің субъектілері, олардың құқықтары мен міндеттері.
3 Бизнестің негізгі түрлері салалары. Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдастырушылық нысандары – жеке және ұжымдық.
4 Жеке кәсіпкерлік – азаматтардың немесе бір жанұяның кәсіпкерлік түрі. Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері


1. Кәсіпкерлік бұл - табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтірілген және толық экономикалық жауапкершілкке негізделген, кауіптің және белгіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізүші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру процесі. Ал кәсіпкер - бұл табысты алу мақсатымен кауіп және белгісіздік жағдайларында жұмыс icтeйтін, ендірістік- шаруашылық қызметтің барлық аймақтарындағы жаңалықтарға бейімді, жігерлі, білімдер мен ақпараттың белгілі деңгейіне ие адам. Өз көзегінде кәсіпкерлік табыс-бұл кәсіпкердің пайдасы (таза табысы) және үстеме пайдасы».
Кәсіпкерлік — бұл пайда табуға бағытталған қызмет. Оның мазмұны -өнімге, жұмысқа қызметке сұранысты табу немесе калыптастырудан және сәйкесінше тауарлар, жұмыстар, қызметтерді тауар ретінде сату арқылы қанағаттандырудан турады. Кәсіпкерлік бұл пайда табуға бағытталған өзіндік шаруашылық қызметтің ендірістік немесе коммерциялық нeгізгi түpi- оны өз атынан турақты, яғни жүйелі негізде өзін тәуекелге тiге кәсіпкерлер деп аталатын
заңды және жеке тулғалар жүзеге асырады. Бизнес кәсіпкерліктен гөpi кеңірек ұғым бөлып табылады. Ceбeбi көз - келген сферадағы бip көзектің коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыратын, пайда табуға бағытталған қызмет бизнеске жатады. Кәсіпкерлік қызмет - жаңа идеяларды іске асырумен байланысты тәуекелді өз еркімен мойнына алуға дайын бөлу.
Кәсіпкердің пайдасын акциялардан алынатын девиденд, депозиттер бойынша пайыз, жер үшін жалгерлік төлемнен туратын меншік иесінің табысынан айырып білу қажет. Кәсіпкер ол өз жауапкершілігімен басын қayiп пен қатерге және тәуекелге тiгe отырып, қызмет ететін нарықтың дербес агенті. Kәciпкep бөлу үшін капиталдың иeci бөлу шарт емес, кәсіпкердің басты капиталы ақша, еңбек қаруы және еңбек заты емес, ол оның интөллектісі мен тутынүшы психологиясын білуі. Сонымен бipгe кәсікерлікті менеджменттен, ал кәсіпкерді менеджерден айырып білу қажет. Менеджер - бұл кәсіпкердің алдына қойған міндеттерді шешуді ұйымдастыратын жалдамалы жұмыскер. Ол өз
әрекеті үшін мүліктік жауапкершілікке ие бөлмайды.
2. Белгілі америқандық экономист Роберт Хизрач кәсіпкерліктің мәнін былай анықтайды: «Кәсіпкерлік - бұл кұны бар қандай да бip жаңа нәрсені құру үpдici, ал кәсіпкер - бұл осыған бар уақыты мен күшін жұмсайтын, өзінің мойнына барлық қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәукелділікті алатын және сыйлықка ақша және қол жеткізгенше қанағаттану алатын адам».Ал Питер Друкер кәсіпкерлік қызметтің теоретикалық негізгі Иозеф Шумпетердің линамикалық теңсіздігінің экономикалық теориясы табылады деп санайды. И. Шумпетер адамның қызметін мынадай мотивтерін атап көрсетеді:
- Кеңшілік пен билікті сөзіну мүмкіндігін беретін өзіндік және меншік империяны негздеу арманы.
- Жеңіске жетемін деген сенім - шығармашылық куанышы.
3. Кәсіпкердің негізгі сипаттамалары мыналар болып табылады: Кәсіпкер өзі құратын немесе сатып алатын кәсіпорынға өзінің меншікті құралдары мен уақытын салады. Кәсіпкер жаңалық енгізуші болып табылады, ол техникада, өндіріс үрдісінде, немесе өткізу әдістерінде жаңа бip нәрсені жасайды. Ол әрдайым өз iciн кеңейтуге және пайданы кебейтуге ұмтылады. Кәсіпкер ұйымдастырушылық кабілетке ие және icтi тиімді жүргізудің алғашқы нeгiзгi ерекше және іске жақсы асырылған идея бөлып табылатынын басқарудан гөpi жақсы түсінеді. Кәсіпкер бұл ең, алдымен өзінің кәсіпкерлк
қызметін ұйымдастырушы. Ұйымдастыру - бұл мақсатты анықтау, ресурстарды бөлу және оларды мақсатка жету үшін пайдалана білу. Ұйымдастыру - бұл міндетті калыптастыра білу, оны тікелей орындаүшыға жеткізу және орындалуын бакыылау. Ұйымдастыру ол шешімді кабылдай білу, міндеттемелер мен жауапкерілікті бөлістіре білу және жоспарлау, басқару, талдау бөлып табылады. Көз - келген бизнестің сәтті бөлуы кәсіпкерлік сферасын сәтті
таңдауға, нарықтык, стратегияны және оны жүзеге асырудың тиімді тактикасын дұрыс анықтауға байланысты. Бұл басқа фирмалардағыдай старттық капитал мен күш жұмсауы жағдайында фирма жоғары іскерлік деңгейге шығаруға және нарықта алға басуға мүмкіндік береді.
Кәсіпкерліктің мәнін, оның негізгі белгілері неғұрлым нақтырақ көрсетеді: Бірінші белгісі – шаруашылық субъектісінің тәуелсіздігі және олардың экономикалық еркіндігі. Не, Қалай және кім үшін өндіру қажет, деген мәселелерге қатысты өндірістік еркіндік, экономикалық тиімділікпен нарықтық жағдайға байланысты шешіледі. Коммерциялық еркіндік өз өнімін сату әдісі мен жолын, серіктестіктерін таңдау еркіндігіне негізделген. Мұндай экономикалық байланыстар келісімшарттармен бекітіледі. Өндірістік және коммерциялық баға құруға қатысты еркіндікпен байланысты. Алайда, кәсіпкерлік еркіндігі шексіз емес, себебі, ол нарықтан еркін емес.
Екінші белгісі – жеке экономикалық мүдде. Кәсіпкер максималды пайда табуға ұмтылады. Нарықтық экономикада шаруашылық субъектісі бір уақытта, өз мүддесін көздей отырып, "көрінбейтін қол арқылы" қоғамдық мүддеге бағытталады, яғни қоғамдық мүддеге сәйкес жұмыс атқарады. Осылайша, жеке және қоғамдық мүдде өзара үйлеседі.
Кәсіпкерліктің үшінші белгісі – кәсіпкерлік іс-әрекет нәтижесіне жеке жауап- кершілікте болуы. Қаржылық және экономикалық жауапкершілік жоғарғы органдарға емес, нақты кәсіпкерге жүктеледі. Сондықтан шығындар мен өндіріс нәтижелерінің арасындағы өзара тығыз байланыс туындайды. Себебі, нарық жағдайында артық шығын шығару тоқырауға әкеп соғатындықтан, өндіріс нәтижесі барлық шығын түрлерінің жиынтығынан көп болуы қажет.
Төртінші белгісі – жаңашылдық және ғылыми қатынас. Кәсіпкерлік іс-әрекет шаруашылық субъектісінің әлеуетті мүмкіндігін ашумен үздіксіз байланысты.
4. Бәсекелестік күресте кәсіпкер үшін, тек өнім бағасы емес, оның сапасы мен жаңартылуының маңыздылығы жоғары. Ал бұл үшін, жаңа техника мен технология, еңбекті ұйымдастырудың, өндіріс пен басқарудың жаңа нысандары, дәстүрлі емес шешімдер, қалыптасқан жағдайды шығармашылық тұрғыда бағалай алу қажет. Осыған байланысты
кәсіпкерлік әрекеттің екі үлгісін ұсынуға болады: классикалық және инновациялық (жаңашылдық). Соңғы үлгінің болашағы зор деп бағалауға болады, себебі ол өндірісті дамытудың жаңа жолдарын іздестіруге негізделген. Бұл үлгінің негізгі белгісі ғылыми- техникалық прогресс деңгейі, өнім сапасы мен сенімділігі. Кәсіпкерліктің бесінші белгісі -шаруашылық (немесе кәсіпкерлік) тәуекел. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты кәсіпкерлік іс-әрекетті экономикалық ортаның үздіксіз өзгерісі және белгісіздігі жағдайында жүзеге асыруға тура келеді, яғни, соңғы нәтижеге байланысты анықсыздық және сенімсіздік туындайды.
Кәсіпкер ретінде кез-келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ қоғам құрып, ұйымға бірлескен (серіктестікке) бірнеше жеке немесе заңды тұлғалар бола алады. Кәсіпорын мүлкіне иелік жүргізуді, оның шаруашылық қаржылық іс-әрекетін ұйымдастыруды немесе басқаруды жүзеге асырушы-бұл кәсіпкер.


Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1. «Кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдарының айырмашылығы неде?
2. Кәсіпкерлік экономикада қандай рөл атқарады?
3. Шетелдік экономистер кәсіпкерлікк қандай анықтама береді?
4. Кәсіпкерліктің негізгі белгілерін атаңыз?
5. Бәсекелестіктің кәсіпкерліктегі маңызы?


Ұсынылатын әдебиеттер :
1. Адронов В.В. Корпоративное предпринимательство:менеджмент, финансы, и государственное регулирование. – Москва: Экономика, 2006 г.
2. Бусыгин А.В. Предпринимательство М. , 2006 г.
3. Горфинкель В.Я.Предпринимательство М. ЮНИТИ,2006
4. Основы предпринимательство. Мамыров Н.К., Смагулова Н.Т. и др., Алматы, Экономика, 1997 г.
5. Предпринимательство в Республике казахстан. Под ред. Окаев К.О. Алматы, Экономика, 2000г.
6. Грибов В.Д. Основы бизнеса. – Москва: Финансы и статистика 2006г.
7. Бизнес–планирование. Учебник /Под ред. В.М. Попова и С.И. Ляпунова. – М.: финансы и статистика, 2003г.
8. Предпринимательство. Учебник /Под ред. М.Г. Лапусты. – М.: ИНФРА-М, 2006г.
9. Шейнин Э.Я. Предпринимательство и бизнес. – Росто-на- дону, Феникс, 2002г.
10. Смагулова Н.Т. Планирование и организация предпринимательства. Алматы: Экономика, 2002


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет