Ашық (айқын) инфляция - бағаның өсуі, ұлттық валюта бағамының төмендеуі т.б.
Ашық экономика - халықаралық тауарлар мен капиталдар нарығында барлық шаруашылық субъектілері (заңды және жеке тұлғалар) ешқандай жағдайлармен шектелмеген операциялар жүргізе алатын ұлттық шаруашылық.
Ашық экономика, үлкен пайыздың мөлшерлемесі - ішкі экономикалық құбылыстардың ықпалымен қалыптасатын, ашық экономика; әлемдік қаржы нарығына және пайыздың әлемдік мөлшерлемесіне әсер ететін экономика.
Ашық экономика, шағын пайыздың мөлшерлемесі - әлемдік қаржы нарығының шарттарымен берілген, әлемдік экономикалық құбылыстарға әсер етпейтін экономика. Әлеуметтік реттеу - қоғамның дамуына, экологияға, еңбек пен өмір қауіпсіздігіне және т.б. тауар мен қызметтер өндірісінің әсер етуінің талдауына негізделген мемлекеттік реттеудің түрі
Әлеуметтік экономикалық қатынастар - материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну туралы адамдар арасындағы қатынас.
Баға - ақшаға шағылған тауардың құны, тауардың, қызметтің бірлігін алу үшін басқа бір нәрсені құрбан ету.