Баға белгілеу (котировка) - қор биржасына бағалы қағаздарды сату үшін қабылдау; біріншілік нарықта акциялар мен тауарлардың бағаларын белгілеу.
Баға белгілеу әдістері - әлемдік тәжірибеде баға белгілеудің екі негізгі ұстанымын қолдану; нарықтық және әкімшілік. Нарықтық жағдайда нарықтық баға белгілеу бәсекенің әсері арқылы да мүмкін. Таңдап алған ұстанымға байланысты, баға белгілеудің әр түрлі әдісі қолданылады.
Баға бойынша икемділік - баға өзгерістерінің әрбір пайызына ұсыныс пен сұраныс көлемдерінің жауап қайтару мөлшері.
Баға бойынша сүраныстың икемділігі - бағаның нарықтағы өзгерістерінің әрбір пайызына сәйкес, осы тауарға сұраныс өзгерістерінің пайызы.
Баға жетекшісі -басқа фирмалар қолдайтын, баға белгілейтін фирма олигополист.
Баға индексі - нарықтық қоржынның бағасы өзгерістерінің қозғалысын көрсететін индекс. Бағалы қағаз - белгіленген тәртіп бойынша мүліктік құқықты куәландыратын құжат, оны орындау немесе тапсыру, соны ұсынғанда ғана мүмкін болады.
Бағалы қағаздар- иеленушісіне мүліктік құқық және дивиденд ,процент түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжаттар.