І. « Шаттық шеңбері»
Оқушылар ортаға шығып түрлі түсті ленталардан бір- бірлеп ұстайды да киіз үй құрады.
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық
Уықтар боп иіліп
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық!
Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің еліміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын, ондағы барлық ұлт тату- тәтті өмір сүрсе дегім келеді. Еліміз - бірлік пен татулықтың мекені бола берсін!
Мұғалім:
Шебер болсақ тіл байып
Шешендіктер бір ғайып,
Мақал-мәтел үйреніп
Тілімізді шындайық-
деп кезекті мақал-мәтел сайысына берелік.
1. Дос туралы:
1. Дос жылатып айтады, (Дұшпан күлдіріп айтады)
2. Досы көпті жау алмайды, (ақылы көпті дау алмайды)
3. Дос басқа қарайды, (Дұшпан аяққа қарайды.)
4. Ағаш тамырымен мықты, (Адам дос-жарымен мықты)
5.Досың дос болғанға шаттан, (Дұшпанмен дос болудан сақтан)
6.Күлме досыңа –(келер басыңа)
2. Бала туралы:
1. Балаңа байқап сөйлесең, (ақылыңа көнер)
2. Бала жетіге жеткенше (жерден таяқ жейді.)
3. Бала, баланың (ісі шала.)
4. Бала — бауыр, (дос — тамыр.)
5. Балаң жаман болса да (аман болсын.)
6. Жаман бала өзінен кішкенені ұрып жылатады,
Жақсы бала (жылағанды жұбатады.)
3.Отан туралы:
1.Отансыз адам, (ормансыз бұлбұл)
2. Отан елдің анасы, (Ел ердің анасы.)
3. Отансыз адам — (ормансыз бұлбұл.)
4. Отанын сүйген: отқа жанбайды,( суға батпайды.)
5. Отан (от басынан басталады.)
6. Отан үшін еңбек етсең (халқыңның сүйген ұлы боласың.)
Мұғалім: «Бірлік бар жерде бақыт бар»
Отан- әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған- туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.
1 - топ: «Бірлік»
2 - топ: «Ынтымақ»
3 - топ: «Достық»
Достарыңызбен бөлісу: |