Қазақстан халқы Ассамблеясы



бет1/3
Дата07.05.2017
өлшемі437,88 Kb.
#15763
  1   2   3
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Манаш Қозыбаев атындағы

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Северо-Казахстанский государственный университет

им. М.Козыбаева
Қазақстан халқы Ассамблеясы

/Ұсынылатын библиографиялық көрсеткіш Қазақстан халқы Ассамблеясына-15 жыл /
Региональная Ассамблея народа Казахстана

/Рекомендательный указатель литературы к 15-летию образования Малой Ассамблеи народа Северного Казахстана /



Петропавл , 2010

Оқырмандарға
Ұсынылып отырған көрсеткіш Мемлекет басшысының

бастамасымен құрылған Қазақстан халық Ассамблеясына-15 жыл толуына арналған.

Мағлұматта Ассамблеяның тарихы, құрылуы және даму

жолдары көрсетілген.

Осы мәліметтер СҚМУ ғылыми кітапханасы қорында бар.

Көмекші құрал ұстаздарға, студенттерге және қалың оқырман қауымға арналған.




Отанымыз ортақ үйіміз
«Болашақта ассамблеяның рөлі арта түсетін болады.

Өйткені ол республика халқын азаматтық

тұрғыдан интеграциялаудың шешуші

құралдарының біріне айналып келеді.

Ал біздің мемлекетіміздің болашағы

тап осыған байланысты»

Н.Ә.Назарбаев.
Тәуелсіздік алған он жылда Қазақ елі ғасырлардағы тең жолдан өтті. Ең бастысы-әрбір қазақстандықтың өз елі, Отаны- Қазақстанға деген отаншылдық сезімі нық болды. Ұлты мен ұлысына қарамай әр бір қазақстандық осынау құт мекенінің абыройы мен беделін көтеріп, тәуелсіздікті нығайта түсуді өзінің басты парызы санайды.

30-40 жылдары тағдырдың талқысымен кең-байтақ даламызға қоңыстаған бірнеше ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Сол бір ауыр кездерде жатсынбай құшағын ашқан қазақ халқының бауырмашылдығын олар әсте де естерінен шығармайды.

ХХ ғасырдың 30-40 жылдарында әлемнің алтыдан бір бөлігін алып жатқан КСРО империясында әкімшілдік-толитарлық жүйе қалыптасты. Бұл жүйенің жеңісі мен жеңістігі, кемшілігі мен қасіреті қандай болды деген сұрақтарға талай жылдардан бері ғалымдар жауап іздеуде.

ХIХ ғасырдың соңында Ресейден, Украинадан, басқа да аймақтардан Қазақстанға жер алуға дәмелі көптеген қоныс аударушылар ағылып келе бастады. Бұл лек ХХ ғасырдың алғашқы он жылында, столыпиндік реформаны іске асыру барысында шырқау шегіне жетті. Жыл сайынғы көшіп келушілер саны 140 мың адамнан асып жығылып отырды. Қоныс аударушылардың бестен бір бөлігі жат елге сіңісіп кете алмай, кейін қайтып, қалғандары жайғасып, иеліктеріне жер алып, қоныстанып жатты. Соңғы деректерге қарағанда сол кездерде Қазақстанға келгендердің ұзын ырғасы 1 миллион 200 мыңнан асады.

Сол саясатты кеңес үкіметі одан әрі жалғастырады. Сөйтіп ұжымдастыру кезінде Қазақстанға 250 мың мал-мүлкі алыңған бай-кулак жер аударылған еді.

Қиянатқа толымды сталиндік ұжымдастыру кезінде жер бетінен 1,5 миллионға жуық қазақ жойылып кетті. Ал, 1930-1932 жылдары, 1,3 миллион қазақ өздерінің байырғы атамекенін тастап, босып кетуге мәжбүр болды.

Егер 1930 жылдары 5 миллион 873 мың адам тұрған болса, 1933 жылы ондағы халықтың саны 2 миллион 493 мың ғана болып қалды. Сол ашаршылық жылдары емшектегі сәбилердің 72 пайызы, 7 жасқа дейінгі балалардың 60 пайызы қырылып қалған. 1933 жылы 1 қантарға дейін 45.100 бала панасыз қалып, оның 1682-сі аштан өлген. Мұңдай қысқа мерзімде осыншалықты қырғынға ұшыраған халық оған дейін де, одан кейін де адамзат тарихында болған емес. Ал «қызылдар империясы» өзінің саясатын одан әрі жалғастырып, «босап» жатқан қазақ жеріне жан жақтан, басқа ұлттарды қуып әкеліп тоғытумен болды. Мысалы, 1930 жылдары бір ғана Балқаш пен Қарағандыға 190 мың жұмысшы әкелінсе, жаңадан бой көтеріп жатқан құрылыстарға, өңдіріс ошақтарына 1 миллионға жуық қоныс аударушылар келіпті. Яғни қазақ халқы өз жерінде аштан қырылып жатқанда, басқа республикалардан келген адамдар есебімен Қазақстан халқын толықтырылып отырған екен.

Қазақ жері «халықтар түрмесіне» айналды, Карлаг,Степлаг,Алжир секілді мекендерде бүкіл Кеңес Одағынан жиналған «халық жаулары» азап шекті.

Ұлы Отан соғысы қарсаңында және соғыс кезінде Қазақстан мен Орта Азия аудандарына 55 ұлт пен ұлыстардың өкілдері жер аударылды. Қазақстанға 1937 жылы сонау Қиыр Шығыстан 18,5 мыңға жуық кәріс отбасы, 1940-41 жылдары Батыс шекарадан 102 мың поляктар, соғыс басталысымен Еділ бойындағы бір миллионан астам немістің 425 мыңы, 1943 жылы 2 мыңнан астам қалмақ, 30 мыңдай қарашай, 1944 жылы 55 мыңнан астам қырым татарлары мен балқарлар,325 мың шешендер мен 83 мың ингуштар ата мекендерін суытып, көшіп келуге мәжбүр болды. Оларға қоса еврейлер, курдтар, месхед түріктері, гректер, ассирийліктер мың-мыңдап айдалып әкелді. Тіпті ол аздай 1948-56 жылдары «бұрыңғы басмашылар мен власовшылар» да осы Қазақстанға жіберілді. Сонымен қазақ жеріне зорлықпен көшірілген халықтар саны бұл кезенде 890698 адам болатын.

Арнай жүргізілген күштеп қоныстандыру шараларының нәтижесінде 1954 жылы 1 қантарға қарай Қазақстанға қоныс аударылғанның саны 1 миллион 976 адамға жеткен.

«Ұлы қоныстандыру» мұнымен де тоқталған жоқ. 60-ші жылдарға дейін Солтүстік Қазақстан мен Орталық Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеруге екі жарым миллиондай адам келді. Соғыстан кейінгі жылдары тағы да 150 мың қоныстанушы республикада салынып жатқан әскери обьектілерге, соның ішінде Семей ядролық полигоны мен Байқоңыр ғарыш айлағына келіп табан тіреді.

Қазақстанның ұлттық кейіпінің қалай қалыптасқаны осы мысалдардан әбден түсінікті.

Республика Президенті Н.Назарбаевтың еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы жылын мерекелеу қарсаңында отандастарымызбен алқалы кеңес құрып оларды реформаны тереңдету, жалпы ұлттық татулыққа шақыру Қазақстан халықтарының форумын өткізу жөнінде ұсыныс жасады. Тұңғыш рет өткен басқасу 1992 жылы желтоқсанда Алматыда ұйымдастырылды. Осы форумда Президент кездесуді тұрақты негізгі көшіру жөнінде-жаңа қоғамдық институт яғни Қазақстан халықтарының татулығы мен бірлігі Ассамблеясын-биүкметтік, бисаяси ұйымын құру идеясын алға тартты. Бұл ұсыныс қолдау тапты. Сөйтіп Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Ол мемлекет басшысы жанындағы кеңесші орган ретінде саналады. Ассамблея қызметі Конститутцияға, мемлекет заңдары мен актілеріне, осы органның ережесіне негізделген. Ассамблеяны басқаруға жұртшылықтың қолдауы бойынша Н.Назарбаев ұсынылды.

Қазір Ассамблея құрамына 320-дан астам мүше бар. Олардың ішінде қазақ және 33 диаспораның өкілдері топтасқан. Нақтылап айтсақ: 77 қазақ, 52 орыс,22 кәріс,21 неміс, 20 украин,18 татар, 14 еврей, 12 ұйғыр, 9 беларус, 8 чешен, 6 ингуш, міне осылай жалғаса береді. Бұл қатарға халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының, республикалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің, орыс қауымдастығының «Лад» қоғамдық славян қозғалысының тағы басқа қоғамдар мен қозғалыстардың, мәдени орталықтар мен дін өкілдері, Сенат пен Мәжіліс депутаттары да кіреді.

Қазақстан халықтары Ассамблеясында 25 республикалық және аймақтық, 185 обылыстық және қалалық ұлттық- мәдени орталықтар түрлі ұлттардың мүддесін білдіріп үкімет орындары мен жұрттар арасындағы сындарды үндесуді қамтамасыз етіп, сол арқылы біздің ортақ ұлттық шаңырағымызды нығайтуға жәрдемдесіп отырғаны белгілі.

Ассамблея мемлекет жүзеге асырып отырған ұлттық саясатта сан алуан ұлт мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз ету, қоғамдағы кездескен әлеуметтік қиыншылықтар, қайшылықтарды шешу жолында, сондай-ақ қоғамдық пікірді қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарды дайындайды.

Ассамблея ұлттық диаспоралар арасында жүргізілетін ұйымдастыру жұмысының орталығына айналды. Қазақстан халықтары ассамблеясының сондай-ақ Астана, Алматы және обылыс әкімдерінің жанындағы шағын ассамблеялардың жұмысшысы органдарына мемлекеттік мәртебе берілуі арқасында ұлттық-мәдени орталықтар мен ассоциациялар үшін өмірлік маңызы бар көптеген мәселелер жедел түрде шешіліп келеді.

Ассамблеяның бастамасымен Алматыда Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымастық жөніндегі ұйымының (ЕҚЫҰ) «Жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі этносаралық қатынастардың жарасымды үйлестігінің проблемалары (Қазақстан тәжірбиесі негізінде) деген халықаралық конференция өткізілгені мәлім.

Ассамблея мүшелері мен белсенділерінің қажырлы күш-жігер жұмсауы арқасында Наурыз мейрамы, ұйғыр, корей, неміс, татар, түрік мәдениеттерінің фестивальдері шын мәніндегі халықтық дәстүрге сай өткізілді. Түріктердің, курдтардың, және дұңғарлардың бас қосқан мерекелері алғаш рет республикалық дәрежеде тойланды.

Ассамблеяның жәрдемімен ұлттық диаспоралар өздерінің тарихи отандарымен байланыстарын қалпына келтіре бастады. Мысалы, қазір «Қазақстан-Украина» достық қоғамы белсенді жұмыс істеп келеді. Қырғызстан халықтарының ассамблеясымен іскерлік байланыстары да жолға қойылды. Одан басқа «Қазақстан-Ресей» қоғамы құрылу үстінде. Аталмыш қоғамдар көрші мемлекеттер мен халықтар арасындағы достық ынтымақтығымыздың ұйтқысы болып отыр. Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшелері әртүрлі ұлт өкілдерінің мүдделерін көтеру мақсатында қоғамдық, әлеуметтік-мәдени өмірге белсенді араласуда. Ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттар бірлігін нығайта түсудегі Ассамблея миссиясы «Қазақстан-2030» даму стратегиясына толық сәйкестендірілген.

Ұлттық-мәдени орталықтар, сан түрлі шаруашылық есептегі құрылымдардың құрылтайшылары болып табылатындықтан, жиналған қаражатын өз мүдделері мен мақсаттарына, ұлттық тіл мен мәдениетті көтеруге бағыттап келеді. Мәселен, неміс ұлттық мәдени орталығы «Беми» деген ғылыми-техникалық өңдірістік бөлімшелер құрды.

Ұлтаралық келісімге жетуде тіл саясаты жетекші рөл атқарды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері қаладағы қазақ мектептерінің саны 33-ке дейін көбейіп, ұйғыр тіліндегі мектептер ашылды және мектептерде неміс,татар,поляк, түрік тілдері оқытылатын болды. Осы соңғы жылдары ғана Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде ұйғыр,кәріс,түрік тілдерін оқытатын мұғалімдер даярлануда. Жалпы республика бойынша мектептерде сабақ 20 ұлттың ана тілінде жүргізіледі.

Қазақстан топырағында тұрып жатқан басқа халықтардың тілдерінде кітаптар мен газеттер шығарылады. Ел жұртының баршысының толық құқықтық теңдігі заң жүзінде нығайтылып отыр. Газеттер 11 тілде шықса, теледидар 12 тілде хабар таратады, радионы жұрт 6 тілде тыңдайды.

Тілдер туралы Заңды жүзеге асыру шеңберінде «Тілге құрмет-елге құрмет», «Қазақ тілі- менің тілім» байқаулар өткізілуі өзге ұлттардың да мемлекеттік тілді білу мен қазақтың салт-дәстүрлерін үйренуіне жол ашуда.

Облыстағы Қазақстан халықтарының кіші ассамблеясы ұлтаралық татулықтың әмбебап аспабы болып табылады, Мемлекеттің ұлттық саясатын жүргізуге белсене қатысу, халықтар достығын, бірлік пен ұлтаралық келісімді нығайту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, облыста тұратын халықтардың мәдениетін, тілін, ғұрыптары мен дәстүрлерін жаңғыртуды және сақтауды көздейтін ұлттық- мәдени орталықтардың қызметін қолдау, ұлтаралық қатынастар саласында келеңсіз көріністердің алдын алу-оның негізгі міндетері.

Кіші ассамблеяның құрамында әртүрлі ұлттардың 72 өкілі бар. Кіші ассамблеяның жоғары органы-жылына бір реттен жиі шақырлмайтын сессия. Сессиялар аралығында жұмысты жүргізу үшін обылыс әкімінің шешімімен 17 адамнан тұратын кеңес құрылған. Кіші ассамблея мен кеңестің мәжілістерінде ұлтаралық келісімді нығайтуға, этникалық топтардың өз құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыруға арналған қоғамының әлеуметтік-саяси өмірінің өзекті мәселелері талқылынады.

2006 жылғы 24 қазанда обылыс делегациясы Астана қаласында Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХII cессиясына қатысты. Онда облыстағы ұлттық-мәдени орталық пен қоғамдарды тоғыстырады. Олардың қатарында «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің филиалы және «Лад» славян мәдениетінің қоғамы, «Кентрон» армян мәдениетінің орталығы мен «Вайнах» шешен-ингуш қауымы, «Дуслық» татар-башқұрт қоғамдық орталығы мен «Қазақстанның орыс қауымы» қоғамдық бірлестінің филиалы, «Видергебурт» немістің қоғамдық орталығы мен «Коперник» поляк мәдени орталығы, «Парвина» тәжік қауымы мен «Қазақстан кәрістерінің қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы, еврей мәдени орталығы мен «Қазақстан орыс,славян, және қазақ ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің филиалы, белорусс мәдени орталығы мен «Ұрпақ» қазақ мәдени-ағарту орталығы» қоғамдық бірлестігі, азербайжан мен украин мәдени орталықтары бар.

Аудандарда 59 ұлттық мәдени бірлестігі жұмыс істейді. Кіші ассамблея мен ұлттық-мәдени орталықтар Солтүстік Қазақстанның қоғамдық –саяси өміріне, мемлекеттік мерекелер мен атаулы күндерді өткізуге белсене қатысады. Олар қолданбалы өнер көрмелерін безендіреді, облыс тұрғындарын ұлттық тағамдарымен таныстырады. Орталықтардың жанынан құрылған балалармен ересектердің фольклорлық ұжымдары концерт бағдарламаларын ұсынады. Бірлестіктермен қоғамдар ұлттық мерекелерін, этностар күнін, мәдениет фестивальдерін аса көрнекті, тарихи қайраткерлерге, ақындар мен жазушыларға арналған кештер өткізеді.

Кіші ассамблея аудандарда ұлттық-мәдени орталықтардың филиалдарын құруда белсенділік танытты. Мәселен, Ғабит Мүсірепов атындағы, Ақдарында қазақ,славян,украин,неміс орталықтары,Петропавл қаласында «Қазақстанның орыс,славян, және қазақ ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің филиалы құрылды. Аға ұрпақ өкілдерінің қатысуымен олардың тұсаукесері өткізілді. Тұңғыш рет аудандарда Мәдениет үйлері мен кітапханалардың негізінде 11 Достық үйі ұйымдастырылды. 2005 жылы Петропавл қаласында Достық үйін қайта жаңарту және жөндеу аяқталып, оған обылыстық бюджеттен 40 миллион теңгенің үстінде қаржы бөлінді. Қажетті барлық техникалық құралдар,жиһаздар сатып алынды.

Қысқасы ұлттық-мәдени бірлестіктердің жемісті жұмыс істеуіне жақсы жағдай жасалады.

Кіші ассамблея бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс жасап тұрады. Секретариат орталықтардың өкілдерін қатыстыра отырып, ұлтаралық мәселеге қалам тартып журналистермен кездесу өткізді. Әңгіме барысында рухани келісім, қазақстандық патриотизм идеясын қалыптастыруға және таратуға, әртүрлі халықтардың мәдени мұрасын насихаттауға ықпал жасайтын материалдарды БАҚ-та жариялау келісілді. Оның нәтижесі жақсы: мерекелі жылы «Северный Казахстан» газетінде кіші ассамблея мен ұлттық-мәдени орталықтардың ұлтаралық келісімді сақтау жөніндегі қызметін бейнелейтін материалдар жүйелі түрде жарияланды, ал «Солтүстік Қазақстан» газетінде «Отаным менің-Қазақстан» арнауы айдары ашылып, оның шеңберінде нақ осы тақырыпқа арналған мақалалар оқырмандар назарына ұсынылады. Кіші асссамблея мен орталықтарда өткізілетін барлық қызықты шаралар радио және тэлеэфир арқылы беріледі.

Өскелең ұрпақты топтастыру жөнінде мақсатты жұмыс жүргізілуде. Кіші ассамблеяның жастар орталығы құрылды, оған ұлттық- мәдени бірлестіктердің өкілдері мүше. Ұлттық құрамалардың жас мүшелері «Балдәурен» республикалық лагеріне жылда барып, онда түрлі ұлттарға, олардың мәдениетіне, ғұрыптары мен дәстүрлеріне құрметпен қараудың дәстүрінен өтеді.

Кіші ассамблея мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға, облысты мекендейтін ұлттардың тілдерін жаңартуға және сақтауға жіті көңіл бөліп отырады.

Облыс орталығында кіші ассамблеяның қамқорлығымен №7 мектепкешенінің негізінде ұлттық жаңғыру мектебі ашылды. Оның неміс, армян, поляк, татар, кәріс, шешен, азербайжан, украин, еврей, беларус бөлімшелерінде 200-ге жуық бала оқиды. Бұл оқу орны жұмысын жексенбілік мектеп қағидаты бойынша жүргізіледі. Оқыту тегін, әрқайсысы үш жылдан тұратын үш кезеңге созылады. Қалалық бюджеттің есебінен қаржыландырады. Онда тіл, әдебиет, елтану, бейнелеу өнері, дін тарихы, оқытылады. Сабақтарда ойын элементтері пайдаланып, ғұрыптар мен дәстүрлер туралы әңгімелесетін дәстүрлі емес нышанда өткізіледі.

Тайынша ауданының 16 мектебінде мыңнан астам жасөспірім поляк тілін оқып жүр. Оларға жоғары білікті ұстаздар сабақ береді. «Видергебурт» неміс қоғамдық орталығы ана тілін сақтау жөнінде айтарлықтай жұмыс жүргізіп келеді. Онда тілді терең және жедел меңгеру жөнінде ақысыз курстар ұйымдастырылады. «Солнечный» санаторий-профилакторийінің негізінде балалар жазда демалумен бірге ана тілі жөніндегі білімдерін жетілдірді, этностың мәдениетіне, ғұрыптары мен дәстүрлеріне қаныға түсті. Қоғамның төрт өкілі Германияда болып, жастар жобасының шеңберінде ТМД елдерінен қоныс аударғандардың тұрмысымен танысты.

Орталықтар Қазақстан халықтары тілдерінің мерекесі щеңберінде сан-салалы бағдарламаларын ұсынады. Олар апта ішінде 30-ға жуық ұйым мен мекемелер болып, өздерінің ғұрыптары мен дәстүрлері туралы баяндайды, ал фольклорлық ұйымдар концерт береді. Кіші ассамблея С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханамен бірлесе отырып, «Халықтың мәдениеті оның тілінде» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізді. Неміс орталығында «Тілдер әлеміне саяхат» ұйымдастырылды. Осы этностың дәстүрлері, тілі мен тұрмысы туралы біле түсті, көптеген тілдерде амандасуды, жақсылық тілеуді үйренеді.

Польша, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь, Германия елшіліктерінің өкілдіктері кіші ассамблея мен ұлттық-мәдени орталықтардың мәдениетін, дәстүрі мен ғұрыптарын сақтауда және насихаттауда, қоғамды топтастыруда, азаматтық татулық пен дәстүрлі достықты нығайтуда көп жұмыс атқарылғанын атап көрсетті.

Ұлттық-мәдени орталықтардың шараларының бірі-аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке әзірлеуге қолдау көрсету жөніндегі қайрымдылық акциясы. Тәжік пен шешен қауымдары,сондай-ақ поляк орталығының Бөбектер үйіне, мүгедектерге арналған интернат - үйге бірнеше рет көмек көрсетті. Петропавл қаласында ұйымдастырған әлеуметтік көмек станциясы жұмыс істейді. Неміс бірлестігі диаспора мүшелерін жергілікті шипажайларда сауықтыруды ұйымдастырып отырады. Бұл қоғамының бастамасы бойынша екінші қалалық аурухананың негізінде бірқатар ақысыз мединалық жобалар ұйымдастырылды: табыстары аз отбасылардың мүшелері УЗИ аппаратымен тексеріледі,стоматологиялық қызмет көрсетіледі, сондай-ақ стационарлық жағдайда ем алуға мүмкіндік берілген. Басқа да орталықтар қайрымдылықпен шұғылданады.

Қорыта айтқанда, кіші ассамблея мен ұлттық-мәдени бірлестіктердің осы бір сан қырлы атаулы жұмысы Солтүстік Қазақстанның кең байтақ өңірінде татулықты, келісім сақтауға ықпалын тигізуде.

Тәуелсіздік алысымен мемлекеттің саяси бағытын-ұлтаралық келісім мен татулықты сақтауға негізделген Елбасының сындарлы саясатына көп ұлтты Қазақстан халқының қолдау білдіруі мен өзара түсіністіктің арқасында әлем жұртшылығына кең танымал тұғырлы мемлекетке айналдық.

Біздің қол жеткізген тарихи жеңісіміз - ұлтаралық татулық. Бізді, қазақстандықтарды, жалпы ұлттық идея, Қазақстан халықтарының идеясы берік топтастырады. Сол идея арқылы бейбіт жағдайда гүлденген өмірге жететін боламыз. Халықтар арасындағы достық нағыз қасиетті қазына болуы тиіс.

Ассамблеясының қызметі ұлтаралық келісім мен елдегі тұрақтылықты сақтауға ықпалдасу; барлық ұлттық топтардың өкілдері арасында достық қарым-қатынасты дамытатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар жасау; олардың рухани-мәдени жаңаруына және теңдік негізінде дамуына жәрдемдеусі; өркениетті және демократиялық нормаларға сүйенетін азаматтардың саяси мәдениетін қалыптастыру және т.б.

Тұрақты демократиялық дамудың басты шартының бірі барлық қоғамдық ұйымдардың Қазақстан қоғамының тыныс-тіршілігіне қатысы екендігі белгілі. Осы орайда Ассамблея соңғы 15 жылда этносаралық қарым-қатынасты үйлестірудегі қоғамдық институт ретінде қызмет етіп келе жатыр.

Бүгінде Ассамблея арнаулы Заңмен айқындалған жаңа құқықтық мәртебенің аясында жұмыс істейді. Ол ұйымдық тұрғыда әлдеқайда күшейтілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс тәжірбиесі шетелде кеңінен белгілі. Бұл тәжірибені АҚШ-та, Қытайда, Ресейде, Францияда, Ұлыбританияда және басқа елдерде зерттеу үстінде.

Тұтастай алғанда, Қазақстан халқы Ассамблеясы-таза қазақстандық саяси жаңашылдықтың нәтижесінде қалыптасқан өзіндік те бірегей институт.

Ол этносаралық және конфессияаралық келісімнің басты тетігі ретінде ел тарихында маңызды рөл атқарды және атқарып келеді.

Бүгінде біздің Ассамблея кәмелеттік кезеңге аяқ басты. Біз оның қызметі жаңа жүйелік қасиеттер дарытуға тиіс шепке келіп жеттік.

Барлық қазақстандықтар өзінің этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан, Конститутцияда көрсетілген азаматтық құқықтар мен бостандықтарға ие болып табылады. Мемлекет әрбір қазақстандық этностың өзіндік ғұрпын, тілі мен мәдениетін жаңғырту және сақтауға ықпал етеді.

Мемлекет басшысымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениетаралық және этносаралық үнқатысудың ерекше тетігіне, халықтық дипломатияның, мемлекет пен азаматтық қоғамының өзара іс әректенің нақты құралына айналды.

Біз Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдері, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың күшті және өркенденген Қазақстанды құруға, қазақстандық қоғамды ұйыстыруға бағытталған саясатын толықтай қолдаймыз.

Біз бірлік пен ұйымшылдықсыз ұлы міндеттер мен жеңістерге жету мүмкін емес деп санаймыз. Міне сондықтан ұлттық бірлік-біздің стратегиялық таңдауымыз!

Біз ортақ үйіміз Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен келісімінің сақталуына барлық күш жігерімізді жұмсауға әзірміз!

Қазақстан халқы Ассамблеясы-барын да, нарын да салып, ұлттық ынтымастық пен ұлтаралық келісімнің сақталуына аянбай үлес қосатын ұйым. Қосып та келеді. Қоса да береді. Өйткені Қазақстан-баршамыздың ортақ үйіміз.



Әдебиет тізімі.


  • Абдрахманов С. Ұлы ұйымының ұмтылысы: ҚР Президент Назарбаев БҰҰ бас Ассамблеясында 62-ші сессиясында сөз сөйледі.//Дала мен қала.-2007.-28 қыркүйек.

  • Абдрахманов С. БҰҰ - соғыс және бейбітшілік мәселелеріне тиімділікпен ықпал ете алатын бірден- бір халықаралық орган:БҰҰ бас Ассамблеясы сессиясында сөз сөйледі.// Егемен Қазақстан.-2007.-26 қыркүйек.

  • Азаматов Ю. Ассамблея-татулық пен бірліктің тұғыры: Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығына.//Еге-

мен Қазақстан.-2010-16 наурыз.

  • Алдабергенов А.Қазақстан Республикасы Парламентінд-

егі Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдігі:Конститу-

циялық құқық. //Әділ сот.-2009.-6.-б.35-37.



  • Ахметжанова Т. Көп ұлтты құшағына сыйғызған қазақ елі: Форум. //Заң газеті.-2009.-5 мамыр

  • Әлемнің ең биік мінберінен айтылған сөз: ҚР Президенті Н.Назарбаев БҰҰ бас Ассамблеясының 62- сессиясында сөз сөйледі. //Дала мен қала.-2007.-26 қыркүйек.

  • Әрқашан бірге, әрдайым алда болайық: Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында Президентің сөйлеген сөзі. //Солтүстік Қазақстан.-2006.-27 қазан.

  • Біз отан тағдырына жауаптымыз: Облыс әкімі Т.А.Мансұровтың Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының 9 сессиясында жасаған баяндамасы. //Сүлтүстік Қазақстан.-2004.-30 сәуір.

  • Бірлік бар жерде тірлік бар: Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 сессиясы. //Дала мен қала.-2008.-30 қазан.

  • Байбосынов Ж Қазақ тілі халық тіліне айналмаса-халық қараң: Қазақстан Халықтар Ассамблеясының 12 сессиясында Елорданың сөйлеген сөзі. //Жас қазақ.-2006.-27.10-02.11.

  • Бейбітшілік, прогресс және қоғамдық келісім: Тәуілсіздігіміздің он жылы.// Егемен Қазақстан.-2001.-25 қазан.

  • Боқаев Қ Ассамблеяда айтылған ақиқат: келесі мәселе. //Ақиқат.-2006.-11-12.-б.25.

  • Даулетханова Ә. Қазақстан халықтары Ассамблеясы және ұлттық саясат: қоғам. //Тура Би.-2008.-№3.-б.22-25

  • Енхуан С. Кәрістердің Қазақстанға келуі.//Ақиқат.-2010.-4.-б.28-29.

  • Көлбаев Т. Қазақстан болашағы халықтар бірлігінде.// Ақиқат.-2001.-№12.-б.26-31

  • Кәпқызы Е. Тіл-кез-келген мемлекеттің ұлттық саясатының өзегі: Н.Назарбаев Қазақстан халықтары ассамблеясының 12 сессиясы. //Түркістан.-2006.-2 қараша.

  • Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы: Қазақстан Республикасының Заңы //Егемен Қазақстан.-2008.-21 қазан.

  • Дәулетханова Ә. Қазақстан халықтары Ассамблеясы және ұлттық саясат. //Тура Би.-2008.-8.-б.22-25

  • Қазақстан Ассамблеясының даму кезеңдері: кеше бүгін. //Ана тілі.2009.-29 қазан-4 қараша

  • Майемер А. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы-ұлтаралық-қарым қатынасының маңызды құралы: саясат. //Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.-2007.-12.-б.45-47.

  • Назарбаев Н. Ұлттық бірлік-біздің стратегиялық таңдауымыз. //Ана тілі 2009.-29 қазан-4 қараша

  • Назарбаев Н. Ұлттық бірлік-біздің стратегиялық таңдауымыз: Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 сессиясы. //Егемен Қазақстан.-2009.-27 қазан.

  • Назарбаев Н. Ең бастысы-Қазақстанға деген мызғымас сенім: Алматыда Қазақстан халықтары Ассамблеясының 7-ші сессиясы болды. //Егемен Қазақстан.-1999.-11 желтоқсан

  • Сағат Е. Басты ұлттық идея-ұлттық бәскеге қабілетінде: Н.Назарбаев Қазақстан халықтар Ассамблеясының 12 сессиясында сөйлеген сөзі. //Дала мен қала.-2006.-3 қараша.

  • Сим Ф. Ұлттар келісімі-ұлы көш: Корей диаспоралының мәдениеті туралы. //Солтүстік Қазақстан.-2002.-29 қараша.

  • Тәуелсіздігіміздің он жылы: Бейбітшілік прогресс және қоғамдық келісім. //Солтүстік Қазақстан.-2001.-2 қараша.

  • Халықтың рухани-мәдени дамуы-Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтудың негізі: Н.Назарбаев. //Егемен Қазақстан.-2000.-17 желтоқсан.

Құрастырушы: Қазиқанова А.Қ.

ақпарат-библиографиялық бөлім


Каталог: library -> Library -> ukazateli
ukazateli -> Петропавловск, 2008 Оқырманға
ukazateli -> Ұсынылатын библиографиялық көрсеткіш Кеңес Одағының Батыры. Халық қаһарманы,жауынгер,жазушы Б. Момышұлы-100 жас толуына арналған/ Свинцовые слезы Бауыржана Момышулы
ukazateli -> Ұсынылып отырған көрсеткіш қазақтың ірі суреткері көрнекті жазушысы, белгілі журналист Оралхан Бөкейдің туғанына 65 жыл толуына арналған
ukazateli -> Өтеді өмір осылай
ukazateli -> Рекомендательный указатель литературы к 70-летию со дня рождения А. Кекильбаева/ Петропавл, 2009
ukazateli -> Манаш Қозыбаев атындағы
ukazateli -> Рекомендательный указатель литературы к 85-летию казахского писателя А
ukazateli -> Ұсынылатын библиографиялық көрсеткіш С
ukazateli -> -
ukazateli -> Көрнекті ақыны /Ұсынылатын библиографиялық көрсеткіш


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет