80
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
«Егер шамамен 8 жоғарғы сынып оқушысы болса,
оның біреуі – көшбасшы. Олар барлық мектепті
өз уыстарында ұстайды және олардан бәрі
қорқады. Мұғалімдер оларға ештеңе жасай ал-
майды, ал ата-аналарға бәрібір. Олар мектеп-
ке мас болып келіп немесе сабақтардан кете
береді». [90]
Кейбір жағдайларда балалар тағы бір қадам жа-
сап, мектептегі полиция инспекторына мектептегі
зорлық-зомблық туралы хабарлаған. Кемінде бала
өздері тап болған мектептегі зорлық-зомбылық
туралы біреу-міреуге айтуға қаншалықты
қорыққандарын айтты, сондықтан «сосын олар
басқа сыныптың ұлдарымен бірге мектеп инспекто-
рына өтініш жазуға уағдаласып, оны арыз-шағымға
арналған жәшікке қалдыруға уағдаласқан; әрі сонда
оқиғаны түсіндірген» [180]. Осы бала түсініктемесін
жалғастырды: «біз мектеп инспекторы сол балалар-
мен жұмыс жасайды деп ойладық, бірақ ол [мектеп
инспекторы] өзін ештеңе болмағандай ұстап жүр».
Осылайша, басқа екі бала мектеп испекторына
қалай домалақ хат жазғандарын, алайда ешқандай
жауап болмағандықтан, көңілдері қалғандарын
түсіндірді.
«Бұл топ туралы барлығы біледі; тіпті мұғалімдер
де, бірақ ешкім ештеңе істемейді. Бұл топ ақша
талап етеді. Мұғалімдер ештеңе істемейді. Мен
мектеп инспекторының осы топ туралы білетінін
немесе білмейтінін білмеймін. Біз бұл туралы
мектеп директорына шағым жаздық та оның
үстелінде қалдырып кеттік, бірақ бұл жайында
ешкім ешқандай шара қолданған жоқ». [190]
«Біз жай ғана мектеп инспекторына хат жазып,
оны арыз-шағымдарға арналған жәшікке қалдырып
кеттік, бірақ бұл жайында ешкім ештеңе жасаған
жоқ. Ешқандай жауап жоқ». [177]
Қатарластар тарапынан
көрсетілетін қолдау
Сауалнамалар сондай-ақ балалардың өздері
соған зәру болған кезде құрдастарынан қандай
деңгейде қолдау алатынын сезетінін анықтау
мақсатында әзірленген болатын, мысалы, оларға
көңілсіз болған немесе ашуланған кездерде.
3.22-кестеде балалардың 38,4%-ының (3-тен 1-і)
оларға бұл қажет болатын кезде мектепте оларға
мектептегі басқа баланың “өте жиі” көмектескенін
хабарлағаны және балалардың 51,9%-ының (2-
ден 1-і) өздеріне қажет болған кезде мектептегі
басқа баладан өздерінің “кейде” көмек алатынын
хабарлағаны көрсетілген. Балалардың 9,6%-
ы ғана өздеріне қажет болатын кезде мектеп-
те басқа баладан “ешқашан” көмек алмағанын
хабарлаған.
3.22-кестеде сондай-ақ балалардың 41,3%-
ының өздеріне көңілсіз болған немесе ашуланған
кездерінде оларды мектептегі басқа баланың
“өте жиі” дем бере алатынын атағандары және
балалардың 43,5%-ының өздеріне көңілсіз
болған немесе ашуланған кездерінде оларға
мектептегі басқа баланың “кейде” дем бере ала-
тынын хабарлағандары көрсетілген. Салыстыру
үшін, балалардың 15,0%-ы өздеріне көңілсіз
болған немесе ашуланған кездерінде оларға
мектептегі басқа баланың “ешқашан” дем
бермейтінін мәлімдеді.
Қорытындысында, 3.22-кестеде біраз
балалардың мектепте өздері туралы уайым-
дайтынын білдіретін басқа баланың бар екенін
атап айтқандары көрсетілген. Шындығында,
балалардың 37,2%-ы (3-тен 1-і) мектепте
өздері үшін бәрібір емес екенін/уайымдайтынын
Достарыңызбен бөлісу: