91
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
құрбандары болмағандарын хабарлаған бала-
лармен салыстырғанда (тиісінше, 11,0% және
2,0%), мектеп директорлары мен мұғалімдер
тарапынан болған зорлық-зомбылыққа ұшырау
ықтималдығының үш есе жоғары болғаны
(37,4%) және кемсітушілік ықтималдығының
бес есе жоғары (11,0%) болғаны көрсетілген..
Аталған тұжырым кейбір мектеп директорлары
мен мұғалімдердің мектептегі зорлық-зомбылық
жағдайында кімнің құрбан, ал кімнің зорлық-
зомбылық көрсетуші болып табылатынын
анықтауға үнемі тырыспайтындарын және жай
ғана қатысқан барлық балаларды немесе екеуін
де жазалайтындарын көрсетеді.
3.29-кестеде сондай-ақ мектепте басқа
балаларға қарсы зорлық-зомбылық және
кемсітушілік жасаған балалар арасында басқа
балаларға қатысты мектепте зорлық-зомбылық
және кемсітушілік жасамаған адамдар бо-
лып табылатын балалармен салыстырғанда
(тиісінше, 15,7% және 3,4%), мектеп дирек-
торлары мен мұғалімдер тарапынан болатын
зорлық-зомбылыққа ұшырау ықтималдығының
кемсітушілікке ұшырау ықтималдығынан үш есе
жоғары болғаны (48,9%) және кемсітушілікке
ұшырау ықтималдығының төрт есе жоғары
болғаны (15,5%) көрсетілген. Мектептегі
зорлық-зомбылық және кемсітушілік құрбандары
және/немесе куәлерінің арасына қарағанда, мек-
тепте зорлық-зомбылық жасаған тұлғалардың
арасында мектеп директорлары мен мұғалімдер
тарапынан болатын зорлық-зомбылық пен
кемсітушілікке ұшырау ықтималдығы біршама
жоғары болғанын атап өткен маңызды.
Қорыта келгенде, 3.29-кестеде былтыр бір жыл
бойы мектеп аумағында қару ұстап жүрген ба-
лалар үшін былтыр мектеп аумағында қару ұстап
жүрмеген балалармен салыстырғанда (тиісінше,
23,1% және 5,8%), мектеп директорлары
мен мұғалімдер тарапынан болатын зорлық-
зомбылыққа ұшырау ықтималдығының екі есе
жоғары (48,1%) және кемсітушілікке ұшырау
ықтималдығының төрт есе жоғары (25,5%)
болғаны көрсетілген.
Қызметкерлердің балалардан және
ата-аналардан ақша алуы
Балалардан мектеп директоры мен мұғалімдер
оқу немесе сыныптағы жағдайды жақсарту
үшін өздерінен немесе ата-аналарынан ақша
жинады ма деп сұрадық. 3.30-кестеде кейбір
балалардың былтырғы жыл бойы оқулары не-
месе сыныптағы жағдайды жақсарту үшін бала-
лардан немесе олардың ата-аналарынан мектеп
директорларының (12,5%) және мұғалімдердің
(29,6%, 4-тен 1-і) ақша жинағандығы туралы
айтқандары көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: