Қазақстан Мұнайы және Газы Қазақ тіліндегі басылымдарға шолу


Казакия (Актобе), № 46 (52), 19.11.2014,т



бет5/5
Дата28.01.2018
өлшемі464,42 Kb.
#35601
1   2   3   4   5

Казакия (Актобе), № 46 (52), 19.11.2014,т

Ақтөбедегі Қытай «шекарасы» /Шара Елеусіз/


«Қытай» тақырыбы, жұмсартып айтқанда, әбден жауыр болған тақырып.

«Қытайдың бұйымдары Қазақстанды басып кетті». Қайтеміз, егер қазақстандық өндіріс бәтіңке бау да шығара алмайтын болса, қалай күн көреміз?

«Қытаймен бірге, дәл сондай жұмыс атқаратын қазақ еңбекақыны одан он — жиырма есе аз алады». Шырағи-ау, сол қытаймен арадағы еңбек қатынастары жөніндегі құжатқа қол қойған өз қазағың болса, өл дейсің бе маған?

«Қазақтың қыздарына қытайлар ондап, жүздеп үйленіп жатыр». Енді қайттік, идеологиядан жұрдай, содан да тәлім-тағлымы сетінеген, ұрпағына тәрбие бермек түгілі, өздері сол қытайдың сасық тауарын сатып шәй-пұлын айырып отырған шарасыз (бейшара!) қазақ қызының ышқырын қай уақытта бақсын?!

«Түрікпен төрін бермейді» деген бір сөз бар қазақта. Аса жағымды ретте айтылмайды. Бірақ, меніңше, сол түрікпен ағайындікі — дұрыс, себебі төр - өзінікі. Өз төріңді өзгелерге таптатпау — философияның әйдігі. «Қазақ-қонақжай халық» дегенге жылы — жұмсағымызды бала-шағамыздың аузынан жырып көрінген көк аттыға ақтара салғаннан шыққан төбеміз қане? «Алдымен – өз басыңа, артылса — досыңа» деген тәмсіл біздің ұлттың миына қашан кірер екен?

Меңдуана жеген адамдай, соңғы жиырма жылда мәңгүртке айналып болған қарапайым қазақтың біздің бәдік биліктің саясатында саудалары шамалы. Айлығын (дұрысы-жалақысын, жалданып табатын ақысын-авт.) шайлығына жеткізіп, екі-үш көгенкөзін ел қатарына қосса, болды! Ел, Жер, Қазақтың болашағы, ертеңгі ұрпақ… деген биік пафостағы сөздер ат төбеліндей азғана ұлт жанашырларының лексиконы. (Олардың ішінде де өз ұпайын ғана түгендеп жүргендер көп).

Ауылдағы көкеме қажеті – киер киімі, ішер тамағы, сосын әзірге Алла көпсінбей тұрған (лайым көпсінбесін) тыныштығы. Қара нанын кеміріп, қара шайын сіміріп, қарнын тыр-тыр қасып жатып «Е, Алла, бергеніңе шүкір!» дейтін тәубешіл қазақ … көбейді. Бір жағынан алғанда, «тәубе» мен «шүкірге» не жетсін?! Бірақ… «тәубе, тынышпыз» деп қалғып-мүлгіп отырғанда, инвестор боп келіп, иінімізді иілтуге айналған қара қытай басымызды жұтпасына кім кепіл?

Тапайдың тал түсінде өз үйіңе баратын жолға қытайға ақша төлейтін болсаң… онда шаруаң шалқайып қана қоймай, біржола біткені екен та.

Өткен апта бойы Ақтөбені дүрілдеткен хабар: «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» дейтін алпауыт компания Кеңқияқ –Ембі жолына шлагбаум қойып, жүргіншілерді өткізбей жатыр. Мердігер компаниялар жұмысшылары жұмыс орындарына жет алмай әлек. Әлеуметтік желілерді керіп кеткен хабарлар біріне бірі кереғар. «Жел болмаса шөптің басы қимылдамайды», біз де шулы мәселені хал-қадарымызша зерттеуге тырыстық.

Кенжетай Тілеумағанбетов, мердігер кәсіпорын өкілі:

- Жолдан өтуге рұхсат қағаз керек. Ал ол рұхсат қағазды алу үшін жолды күтіп, ұстап тұру туралы келісімге қол қоюың керек. Жол мемлекеттікі емес пе?

- Бұл жерді біз баяғыда-ақ «қытай шекарасы» деп атап кеткенбіз,- дейді жергілікті тұрғындар.- Жеңіл көлікпен өтсең 1000 теңге төлейсің. Тіпті мына тұрған Қожасайға қатынай алмаймыз.

Бір аптаға созылған осы дау төңірегінде не болмаса ресми билік, не заң орындары «ләм» демеді. Алайда, рухты қазақ тірі екен, әлі бар екен, заң мен билік күбежіктеп күнәлі мүшесінің басына қарап қалғанда, Ақиқатты айнытпай айтқан бір азамат болды.

Дастан Аманов, Ақтөбе облыстық автомобиль жолдары басқармасының бөлім бастығы:

— Осы уақытқа дейін де айтылған ескертпелерге «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясы пысқырған да жоқ. Бұл жол – облыстық дәрежедегі Покровка-Темір-Кеңқияқ-Ембі жолы. Аталмыш бөліктегі шлагбаум заңсыз орнатылған. Оны орнатуға біздің мекеме ешқандай рұхсат берген жоқ, келісім де берілген емес.

Қытай жақтың уәжі:

Тексеру-өткізу қосынын (КПП) қоюға жергілікті әкімшіліктен (?!) рұхсат алған. Тіпті қолдарында келісім-шарттары да бар екен.

Ал керек болса! «Жердің, Елдің, Қазақтың дейікші, тағдыры Елбасының қолында, ол біздің барлық бақыт-бағымыздың кепілі» деп жүрсек… жерді оңды-солды тарата беретін құдірет иесі Мұғалжар ауданының Ембі округінде екен-ау?

«Заңсыз бекетті алып тастау» туралы облыстық прокуратура ескертпелеріне де «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясы «қыңқ» дер емес. Ақтөбе прокурорларының талабына, Қазақтың заңының қарпіне түкірмейтін компанияға қазақтың есіл сөзін қор қылып, «Ақтөбемұнайгазды» қоспай-ақ қойса да болатын шығар…

СНПС… «Сиенписи» деп жатады, қытайшасы шығар. Біз де қазақша түсінбейтін қытай компаниясына былай дегіміз келеді:

Бу яу го фың. Го жия шы-Қасакы!

Қазақшасы: Тасыма, қытай қарағым! Жер - Қазақтікі!

…Қарашада күн кілт суытып кетті. Желтоқсан жақындап келеді…

P.S. Материал жазу кезінде тілімді қытайша «сындырған» Ұларбек Дәлей бауырыма мың да бір алғысымды білдіремін.



Жоғары

кен ӨНЕРКӘСІБІ ЖӘНЕ МЕТАЛЛУРГИЯ

Сыр бойы (Кызылорда), № 175 (18869), 25.11.2014,т

Өңдеу саласын өркендетудің әлеуеті мол /Ж.Әлмаханұлы/


Қазақстанда, оның ішінде Сыр өңірінде экспорт үлесі, әлбетте мұнай мен газға және басқа да шикізат өнімдерін өндірумен байланысты. Жалпы экспорт үлесінде Қазақстандағы жылу-энергетикалық тауарлардың үлесі өткен жыл қорытындысы бойынша 75 пайызды құрайды.

Осының барлығы Қазақстан, оның ішінде Сыр өңірі үшін шикізат ресурстарын өндіру мен өңдеудің қаншалықты маңызды екенін айғақтайды. Бұл, сайып келгенде, біздің болашағымыздың даму көкжиегін, іс-қимыл жоспарымыздың бағыт-бағдарын айқындайды. Ал оның негізі аймақ басшысының 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында көрініс беріп отыруы негізсіз емес.

Өткен жылы Елбасы Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келгенде, біздің жайбасарлығымызды емеурінмен білдірді. Өңір бюджетінің 15-18 пайызы ғана өзіміздің несібеміз екенін ескерсек, біз үшін бұл емеуріннің астарынан атқарылатын шаруаның шаш етектен екені аңғарылады.

Аймақ басшысы соңғы уақытта осынау бүгінгі күннің өзекті мәселесіне барынша назар аудара бастады. Сараптау көрсеткеніндей, жалпы өнеркәсіп өніміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2010-2012 жылдары облыста тиісінше 4,5, 4,0, 4,3 пайызды құрады. Демек, облыста өңдеу өнеркәсібін жаңа бағытта дамыту бойынша үлкен шаруалар өз кезегін күтіп тұр.

Өткен жылдың статистика деректері көңілге сенім ұялатады. 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда облыста өңдеу өнеркәсібінің өсімі 19,3 пайызды құрады. Статистикада бірінші рет өңдеу өнеркәсібіндегі жан басына шаққандағы өнім көлемі көрініс тапты. Сөйтіп, облыста өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі жан басына шаққанда 15,2 мың АҚШ долларын құрады. 2012 жылмен салыстырғанда 90,6 пайыз өсімге қол жеткізілді. Бұл республикадағы бірінші көрсеткіш. Талдау көрсеткеніндей, өңдеу өнеркәсібіндегі өсім газ, күкірт қышқылы өндірісіндегі серпінді жобалардың жемісі болып табылады, демек, облыс басшысы экономиканың дамуына үдемелі қарқын қоса алатын буындарды дәл айқындады. Ал сырқаттың диагнозы дәл анықталса, бұл сырқаттан айығудың басты жолы емес пе?

Қазірдің өзінде өңдеу өнеркәсібіндегі оңды қадамдардың жалпы алғанда мұнай мен газды ұқсату арқылы жасалатынын, ал бұл салада бізде кезегін күткен түйіндер көп екені айқын сезіле бастады.

Өңірлердің дамуы Қазақстанның болашақта өркендеуінің негізгі түпқазығы, бұл Елбасының алға қойып отырған келелі міндеттерінің бірі. Ал, кешегі аграрлық сипатта өркендеп, өндірісі кенжелеп қалған Сыр өңірі таяу болашақта Қазақстанның қуатты, экономикасы қарыштап дамыған өлкесіне айналуы үшін жоғарыда айтқан салаларға үміт арта алады.

Әзірге облыс Қазақстан бойынша дамудың барлық көрсеткіштері жөнінен орташа деңгейден төмен дамып келеді. Атап айтқанда, жан басына шаққандағы ішкі аймақтық өнім Қазақстанның орташа көрсеткішінен біршама төмен. Облыс әкімі бір жыл көлемінде біршама түйінді мәселелерді талдау сүзгісінен өткізгенде тау-кен өндірісінің әлеуетіне негіз артатынын сездірді. Бұл тұрғыда өңірдің әлеуеті жеткілікті, облыс төңірегі қазба байлықтарға бай, осының өзі өңірде өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға ерекше негіз қалайды. Бірақ... Өңірде барлығы ойдағыдай болып жатса кәнекей?

Облыс басшысы өңірдегі тау-кен өндірісінде қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдіре отырып, жақында республика Мұнай-газ министрі Ұзақбай Қарабалиннің алдына бірқатар мәселелерді алға тартты.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2013 жылы Қызылорда облысында 10,6 миллион тонна шикі мұнай өндіріліп, 2012 жылғы өндіру көлемінің 97 пайызын құрады. Жыл ішінде «Торғай Петролеум» АҚ бойынша ғана өндіру көлемінің төмендеуі 450 мың тоннаны құрады. Осыған қарамастан, облыс мұнайшылары өндіру көлемінің 250 мың тоннаға дейін төмендеу орнын толтыра алды.

Енді 2014 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы көрсеткіштерге тоқталайық. 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің нақты көлемі біршама төмендеді. Бірақ, облыстың кейбір өңірлерінде өндіріс көлемінің өсуі тіркелді. Өңдеу өнеркәсібінде өнім көлемі салыстырмалы кезеңде 0,7 пайызға өссе, оның ішінде тамақ өнімдерін өндіру 5,7 пайызға артты. Атап айтқанда, ет, балық, сүт, нан, күріш өнімдерінің өсімі біршама қарқын алып келеді. Облыста өңдеу өнеркәсібіне жататын жиһаз, резеңке және пластмасса бұйымдарын шығаруда оң өзгерістер бар. Жаңадан резеңке бұйымдарын шығаратын «Қазкаучук» ЖШС іске қосылды. «Азоваралагромаш» ЖШС ауыл шаруашылығы техникалырын шығаруда. Сонымен бірге облыста химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндру саласы жолға қойылып келеді. Осы сала бойынша «СКЗ-U» ЖШС күкірт қышқылын шығарса, «ШНС» ЖШС биоотын, «Байкен-U» уран өңдеумен айналысуда.

Аймақтың негізгі кен орындарында өндіру көлемінің күрт төмендеуіне қарамастан, өнім өндірісінің көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 100,1 пайызды құрады. Осы көрсеткішке өңдеу өнеркәсібінің жоғары өсу қарқыны арқасында қол жеткізілгенін атап өту маңызды. Өңдеу өнеркәсібінің Республика бойынша орташа өсу қарқыны 1,6 пайыз болса, Қызылорда облысында ол 19,3 пайызды құрады.

Аймақ басшысы мұнай өндірудің алдағы 5 жылға арналған болжам межелеріне талдау жасап, оның жыл сайын 5-6 пайызға төмендейтініне алаңдаушылық білдіріп отыр. "Мұнай өндіру коэффициентінің орташа көрсеткіші 20-60 пайызды құрайтын болады. Бұл көрсеткіштер бізді қанағаттандырмайды. Сондықтан кен орындарындағы мұнай өндіру көлемін инновациялық әдістерді енгізу арқылы арттыру өзекті мәселе болып табылады”, – деді ол Мұнай-газ министрімен кездесуде. Шындығында алаңдайтын мәселе, қалай айтқанда да, шұғыл шаралар кешенін қабылдамаса болмайды.

Облыс басшысының атап өткеніндей, қазір бірінші және екінші мұнай қайтарымын арттыру тәсілдерінің орнын үшінші тәсіл басуда. Мұндай тәсілдерге, әдетте, ең алдымен жылу, газ, химия және микробиологиялық технологиялар секілді жаңа технологиялар жатқызылады.

Мысалы, сарапшылардың бағалауынша, мұнай өндіру коэффициентін 0,1 пайыз арттыру аймақтағы мұнай қорларын 30 млн. тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл аймағымыздың 3 жылдық мұнай өндіру көлеміне тең. Әрине, осының барлығы айтуға оңай шаруалар қатарына жатады. Аймақ мұнайшыларының әртүрлі инвестициялық форумдар арқылы Ресей ғылыми-зерттеу институтының өкілдерімен кездесуі алдағы уақытта түйінді мәселелерді оңтайлы шешеді деп ойлаймыз.

Қазіргі таңда Елбасының тапсырмасына сәйкес, геологиялық барлау Қазақстан дамуының басымдықтарының біріне айналды. Ал Сыр өңірі үшін бұл өте маңызды, себебі алдағы жылдары өңдеу секторының жоғары қарқынмен дамуының өзі мұнай-газ саласындағы өндіріс көлемі төмендеуінің орнын баса алмайды.

Еліміздің минералдық-шикізат базасын жаңғырту үшін барлау аймағын кеңейту қажеттігі туындайды. Яғни, барлығы озық жаңа геологиялық және геофизикалық әдістерді қолдануға, геологиялық барлау көлемдерін ұлғайтуға тіреліп тұр.

Алайда, жер қойнауын алдын ала геологиялық зерттеудің төмен деңгейі, геологиялық инфрақұрылымның әлсіздігі, сертификатталған зертханалардың жоқтығы, қолданбалы ғылым деңгейінің төмендеуі және кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі мұнай және газ саласын әрі қарай дамытудың басты кедергілері болып табылады.

Осы орайда облыс әкімі өңірге келген республиканың салалық министрлік басшыларына Оңтүстік Торғай, Шу-Сарысу және Сырдария шөкпе бассейндерін бірлесіп зерттеуіміз қажеттігін мәлімдеді. Мұнда көмірсутегінің қомақты қорларын анықтау болжанып отыр. Аймақ басшысы бұл мәселелерді тек мемлекеттік органдар мен мемлекеттік бюджет арқылы шеше алмайтынымызды айтып, геологиялық барлауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік ұстанымдарын кең пайдалану керектігін мәлімдеді. Неге? Жер қойнауын зерттеу, ондағы қорлардың қаншалықты пайда әкелетінін болжап білу тәуекелі көп шаруа. Ал ықтимал инвесторлар әдетте мұндай тәуекелге бара бермейді.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, республикамыздың оңтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз етуге бағытталған «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырын салу жобасы жүзеге асырылуда. Осы магистральды газ құбыры құрылысының бірінші кезеңі аяқталуына орай, Қызылорда облысында елді мекендерді газдандыру бойынша дайындық іс-шаралары жүргізілуде. Екі жыл ішінде облыс тұрғындарының 70 пайызын қамтитын 21 елді мекен кезең-кезеңмен газдандырылады деп жоспарлануда.

Осының барлығы, сайып келгенде, өңдеу өнеркәсібінің өркен жаюына сүбелі үлес қосады. Егер облыстың келешегі тау-кен өндірісінің дамуымен сабақтас болса, онда аймақта кешенді жобаларды тиянақты түрде қолға алу қажеттігі туындап отыр.

Аудандар бюджетінің 80 пайызға жуығы жоғары бюджеттердің қаржысынан құралып отырғаны әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінен айқын көрініс береді. Бірақ облыста жоғарының көмегін азайту бағытында алғашқы қадамдар жасалып жатыр. Үстіміздегі жылы облыс өз кірісін 12 млрд. теңгеге өсірді.

Сонымен бірге өңірде экономиканың басты салалары – мұнай, газ, уран, ас тұзы және басқа да шикізат өнімдерін өндіру көлемі төмендемей, керісінше, өсіп отыруы маңызды шарт болып табылады. Бұл облыс әкімінің принципті ұстанымы, экономиканы қосылған құны жоғары өніммен қамтымай аймақ серпінді дами алмайды.

Жалпы, Қызылорда облысы – өзінің экономикалық дамуы ерекшелігіне қарай бірқатар салаларды қайта құрылымдау арқылы өңдеу өнеркәсібін дамытуға нақты бетбұрыс жасай алатын аймақтың бірі. Сол себептен де аймақты дамытудың 2020 жылға дейінгі нақты бағыттары белгіленді. Осының барлығы уақыт өте келе жемісін беретін болады.

Соңғы деректер бойынша халықтың орташа атаулы ақшалай табыстары 400 мың теңгеден астам көлемді құрап отыр. Бұл өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 9,5 пайызға жоғары. Ал, 2014 жылдың тамыз айында халықтың орташа жан басына шаққанда атаулы ақшалай табыстары 53,4 мың теңгені құрады. Бұл өңірлер бөлінісінде алғашқы ондықтың қатарына еніп отырғанымыздың белгісі болып табылады. 2013 жылдың тамыз айымен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстардың өсімі 8,5 пайызды құрады, нақты ақшалай табыстан 4,4 пайызға жоғарылады.

Аймақта соңғы уақытта индустриалды-инновацилық бағыттағы жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Бұл өңір дамуына оң ықпал жасайды деп сенеміз.



Жоғары


коммуналдық шаруашылық

Мунайлы Астана (Атырау), № 47 (591), 19.11.2014,т

«Жалақыңызды несие жабу үшін алдық» /Гүлфайруз Дүйсенғалиқызы/


Қаржы саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау - бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының бірі. Өйткені күні бүгін несие алу, депозит аштыру, ақша аударымдары секілді қызмет түрлерін пайдаланбайтын адам кемде-кем. Аталған саладағы өзекті мәселелер жөнінде Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде өткен дөңгелек үстел барысында айтылды.

Жиынды жүргізген Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысының орынбасары Ерболат Уайсовтың айтуынша, банктің ішкі құпиялары әр тұтынушыға айтылмайды. Оған қоса несиенің үстіне қосылатын пайыздық мөлшері де анық көрсетілмейді. Есесіне қаржылық қызмет көрсету өкілдерінің есепсіз қоңырау шалып, көрсетілген күннен бірнеше күн бұрын несиені өтеу туралы ескертулері көптеген адамдардың әбден ашуын тудырған. Одан басқа сот шешімінсіз жалақы алатын азаматтардың карточкаларын жаптырып тастау секілді деректер де көп кездескен. Мысалы, өзінде несие карточкасы және депозиті бар тұтынушы несие өтеу күнінің мерзімі бірнеше күн асып кеткеннен кейін, банкке қоңырау шалған. Алайда ол сол кезде оған карточкалы несиені жабу үшін ескертусіз, келісімсіз депозиттегі ақшасын алғандығы (ұрланғаны) туралы біледі. Тағы бір клиентке карточкасына мүлдем тосқауыл қойып, 1 жыл ішінде сот шешімінсіз сіздің жалақыңызды несиені жабу үшін алып отырамыз деп айтылған.

Жалпы жыл басынан бері аталған департаментке құқығы бұзылған осындай 137 тұтынушының шағымы түсіп үлгеріпті. Оның ішінде атыраулық зейнеткер де бар. Зейнеткер өзі тұтынатын «көгілдір отынға» ақша төлеу үшін «Алмагүл» ықшам ауданындағы «ГазТрансАймақ» абонеттік бекетіне барып, есеп бойынша 250 теңге төлеу керек болған. Бірақ ондағы мамандар зейнеткерден ақша төлегені үшін тағы 80 теңге талап еткен және ондағылар мұны банктің қызмет көрсеткені үшін деп түсіндірген.

Алайда, осындай қаншама арыз-шағымдар түскенімен екінші деңгейлі банктерге ҚР Ұлттық банкінің Атырау облыстық филиалы бүгінге дейін тек ескертулер беріп қана шектелген көрінеді. Яғни, әзірге айыппұл салынып, не лицензиясынан айырылған банктер болмапты.

Бұған ҚР Ұлттық Банкінің Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Серік Омаров:

- Кейде уақтылы несие төлеп отырған адам туралы несие бюросы қате ақпарат береді. Одан кейін ол адам несие алуда айтарлықтай қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан ондағы мамандардың жұмысына да қатысты тұрғындардан шағым түседі. Олардың барлығына зерттеу жұмыстары жүргізіліп отырады. Алайда, келіп-түскен арыздардың барлығы бірдей шынайы бола бермейді, - деген уәж айтты.

Кім не десе де, тұтынушыны құзырлы орган қорғай алмайды. Яғни, қандайма бір шарасын алуға не тексеру жұмыстарын жүргізуге қауқары жоқ. Өйткені елімізде ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң әлі күнге дейін қабылданбаған.

- Біздерге түрлі категориядағы адамдар келеді немесе телефон шалып, «құқығымызды қорғаңыз» деп шағымданады. Алайда, біздің қолымыздан келер қайран жоқ. Өйткені тексеруге немесе қандайма бір шара алуға келгенде заң тұрғысынан қауқарлы емеспіз.

Агенттік бізге жыл соңына дейін заң қабылдаймыз деп айтты. Егер Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң қабылданса, біздер тұтынушылардың құқығын толық қорғай алатын боламыз, - деді жиын соңында Ерболат Уайсов.

Жоғары

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Сыр бойы (Кызылорда), № 175 (18869), 25.11.2014,т

Спорт кешенi – сергектiк мекенi /Д.Елубаев/


Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың аудандарға іссапары жексенбі күні өңірдің солтүстігіндегі Қазалы ауданында жалғасты.

Аймақ басшысы Қ.Көшербаев алдымен Әйтеке би кентіндегі "Қолжетімді тұрғын үй-2020” бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан үй құрылысымен танысты. Осы жерде Қазалы ауданының әкімі Бақыт Жаханов өңір жетекшісіне көрнекі тақта арқылы аталған бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баян етті.

Өткен жылы аудан орталығында 2 арендалық үй салынған. Ал, биыл аталған бағдарлама шеңберінде аудан орталығында бірқабатты 12 арендалық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұған қоса, Т.Айбергенов көшесінде көпқабатты үйдің құрылысын "Болашақ” серіктестігі жүргізуде. Жалпы құны 206 млн. теңге болатын жоба бойынша 3 қабатты нысан 18 пәтерден тұрады. Ғимарат ауыз су, кәріз және орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Сонымен қатар аудан әкімі Бақыт Жаханов аудан орталығы газдандырылған кезде тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйлердің газ құбырына дереу қосылатынын жеткізді. "ҚазТрансГазАймақ” АҚ "Қызылорда облысының 5 елді мекенін газдандыру” инвестициялық жобасы аясында аудан орталығы – Әйтеке би кентіне жақын арада автоматтандырылған газ тарату стансасы орнатылатын болады. Ал кентішілік газ құбырларының желілері алдағы жылдың 1 шілдесінде басталады деп күтілуде. Жалпы Әйтеке би кентінде соңғы жылдары аталған бағдарлама бойынша бой көтерген арендалық тұрғын үйлердің барлығы да таяу уақытта салынатын автоматтандырылған газ тарату стансасы орнатылатын жерге жақын орналасқан. Аталған тұрғын үйлер желтоқсан айында пайдалануға берілмек.

Нақты кезеңде аудан бойынша үй кезегінде тұрған азаматтардың саны – 400. Ал, алдағы жылы осы бағдарлама шеңберінде тағы 9 арендалық баспана салынады деп жоспарланып отыр.



Мұнан соң облыс әкімі Қ.Көшербаев аудан орталығындағы Қ.Пірімов көшесінен бой көтерген спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. Типтік жобада салынған спорт кешеніне қаражат аудандық бюджеттен бөлінген. Қос қабатты 120 орындық спорт кешенінің тұсаукесер рәсімінде сөз алған аймақ басшысы Қ.Көшербаев адам денсаулығы қоғамның өлшеусіз байлығы екенін атап өтті. "Саламатты Қазақстан” бағдарламасының облыста жүзеге асуы туралы тарқата айтқан өңір жетекшісі Елбасының бұл мәселені үнемі назарда ұстап отыратынына тоқталды. Жаңа спорт кешенінің символикалық кілтін "Жылу ХХІ” ЖШС басшысы К.Бижанов спорт кешенінің директоры Н.Әбиевке табыс етті. Мұнан соң кент тұрғындары атынан сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов соңғы жылдары ауданда әлеуметтік нысандардың көптеп салынып жатқанын жеткізіп, облыс басшылығына алғысын білдірді.

Жоғары



© «Медиа-Систем» БАҚ мониторингі Агенттігі


Каталог: upload -> medialibrary
upload -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
upload -> Ғарыш әлеміне саяхат
upload -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
upload -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
upload -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
medialibrary -> Перечень общественных пунктов охраны порядка и территорий, закрепленных за ними


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет