Қазақстан моңҒол үстемдігі дәуірінде



бет4/5
Дата01.10.2022
өлшемі66,05 Kb.
#151342
1   2   3   4   5
Байланысты:
ÐŸÑ€ÐµÐ·ÐµÐ½Ñ‚Ð°Ñ†Ð¸Ñ 3 лекции-1

7 бет

  • Жошының мұрагері - Батый Батыс Дешті Қыпшақты, Еділ бұлғарлары мен орыс князьдіктерін, Польша, Венгрия, Чехия жерлерін және одан әрі қарайғы жерлерді жаулап алу мақсатында басқыншылық жорықтарын жүргізді. 1236- 1242 жылдардағы Еуропаға жасалған жорықтардың нәтижесінде оның қол астына Қырыммен бірге, Дунайдың төменгі ағысына дейінгі жерлер қарады Обь пен Ертістің жоғарғы бастауларынан Еділ мен Әмударияның теменгі ағысына дейінгі орасан зор аумақта Батый хан Алтын Орда мемлекетін құрды. Астанасы - Сарай-Бату (Астрахан маңында), кейінірек Батыйдың ағасы Берке ханның билігі тұсында (1257-1266) Сарай-Берке (Волгоградқа таяу) болды.
  • Алтын Орда XIV ғасырдың бірінші жартысында, әсіресе исламды мемлекеттік дін деп жариялаған Өзбек ханның тұсында (1312-1342), сондай-ақ оның ұлы Жәнібек ханның кезінде (1342-1357) нығайып, күшті мемлекетке айналды. Алайда, XIV ғасырдың |! жартысынан бастап ол дербес ұлыстарға ыдырай бастады

8 бет

  • Алтын Ордадан Ақ Орда мемлекет! Дешті Қыпшақ жеріне жеке белініп шықты. Алғашқыда Дешті Қыпшақ, Жетісудің солтүстік-шығыс бөлігі, Ертіс аймағы Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің ұлысына кіріп, ол Көк Орда деп аталды. Ал Жайық, Ырғыз, Тобыл, Сарысу өзенінің бойлары, Аралға жақын далалар, Сырдарияның төменгі ағысы Жошының тағы бір баласы - Шайбанның ұлысына кірді де, Ақ Орда деп аталынды. Шайбан ұлысы Орда Ежен ұлысының құрамына енгеннен кейін, бүкіл мемлекет Ақ Орда деп атала бастады. Сөйтіп, XIV ғасырда Шағатай ұлысының құрамындағы Жетісуды санамағанда, Қазақстанның далалық аймақтарының барлығы дерлік Ақ Орда құрамына кірді. Орталығы Сығанаққа орналасты. Ақ Орда дербестікке іс жүзінде XIV ғасырдың ортасында, Ерзен хан мен Мүбәрак қожаның тұсында (1320-1344) қол жеткізді. Ал, Ақ Орданы Орыс хан билеген кезде (1361-1380) едәуір нығайып күшейді.

9 бет

Шағатай ұлысының жеріне Үгедейдің немересі Хайду (1269-1301) билік жүргізіп, 1269 жылы дербес Хайду мемлекетін құрды. Оның жері Алтайдан бастап Сырдария мен Амударияға дейінгі аумақты алып жатты. XIV ғасыр дың ортасында ол дербес екі бөлікке ыдырады. Орта Азияның солтүстікшығысы, Жетісу және Шығыс Түркістан аймақтары кірген шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті пайда болды. Ал, батыс бөлігіндегі Мауераннахрда (Мауераннахр - Сырдария мен Әмудария өзендерінің арасы, батыс елдеріне Трансоксиана деген атпен белгілі) 1370 жылы өз билігін орнатып, 35 жыл билеген Әмір Темір (1336-1405) мемлекеті құрылды. Моңғолдың түркіленген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы -- Әмір Темір өз қол астына бүкіл Орта Азияны біріктіріп, зор империя құруға ұмтылған болатын. Бірақ, бұл мақсатына Алтын Орда кедергі келтіріп тұрған еді. Оны әлсірету үшін Әмір Темір Ақ Орда мен Моғолстанға қарсы басқыншылық жорықтарын жүргізді. 1370-1380 жылдарда Әмір Темір бұл мемлекеттерге қарсы ондаған жорықтар ұйымдастырады. Нәтижесінде олардың дербестігіне соққы берілді. Далалық аймақ Әмір Темір империясына ресми түрде қосылған жоқ болатын. Алайда, Сығанақ, Отырар, Сауран, Иассы, Сайрам сияқты ірі қалалары бар Оңтүстік Қазақстан Әмір Темірдің иелігіне етті. Сығанақ билеушісі болып Темірдің қол шоқпары ретінде танылған жошылық Тоқтамыс отырғызылды. Әмір Темірдің қолдауымен Тоқтамыс Алтын Орданың астанасы Сарайды басып алады. Бұдан кейін ол Темірдің саяси ықпалынан шығуға әрекет жасайды. Алайда, 1395 жылғы Әмір Темір жорығының салдарынан талқандалып, тақтан тайдырылады. Әмір Темірдің емірінің соңында оның империясының құрамына Мауераннахр, Түркістан, Хорезм, Иран, Ирак, Ауғанстан. Кавказ елдері, Үндістанның солтүстік бөлігі кірді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет