Қазақстан педагогтарының инновациялық идеяларын дамыту орталығы ОҚытудың жаңа моделі


МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ



Pdf көрінісі
бет121/149
Дата11.04.2024
өлшемі2,41 Mb.
#200748
түріСеминар
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   149
Байланысты:
ЖИНАҚ 04.10.2022

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ 
Омар Азамат Жарылқасынұлы 
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аухатты ауылы 
№9 орта мектеп 
Математика пәнінің мұғалімі 
 
Әлемдік тәжірибе
мен ұлттық практикаға сүйеніп жасалған бұл ресми құжатта әрбір оқушының жас ерекшеліктерін 
ескере отырып, білім беру нәтижелелерінің алғаш рет енген, үш түрлі құзыреттіліктер жиынтығын игеруі мақсат 
етілген: өзіндік менеджментке жататын өмірде кездесетін проблеманың шешімін табу құзыреттілігі; білімнің 
мазмұнына шоғырланған ақпараттық құзыреттілігі; білім алу үшін аса қажет білімді игерумен бірге жүретін қарым -
қатынастық,коммуникативтік құзыреттілік. 
Құзырлылық – мектеп бітіруші жастардың өзінің және қоғам өмірінің өркендеуіне жауапкершілігін сезінуі, оған 
дайындығы мен қабілетін көрсетеді. 


160 
Сондықтан білім беру жүйесі мен әр педагогтің міндеті оқушының ізденімпаздығы мен дербестігін дамыта отырып, 
өз қабілеттерін жүзеге асыруда шығармашылық сипатта іс - әрекет етіп, мәдениет деңгейінің жоғары сатысына жетуде 
мемлекеттің құқықтық жүйесі мүмкіндіктерін білу, білімі мен біліктіліктерін үнемі жетілдіру болып табылады. 
Тұжырымдамада көрсетілгендей құзыреттіліктің өзі бірінен - бірі тәуелсіз бірнеше бөліктерден тұрады. Оларды
талдай отырып, жалпы орта білім беретін мектеп жағдайында оқушыға нәтижеге бағытталған білім беруде күтілетін 
тұлға құзыреттілігін төмендегіше сипаттауға болады: 
- өзінің даралығын сезініп, өзін-өзі дамыта білуі; 
- өзінің қызметін бағалай білуі; 
- түйіткіл мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таба білуі; 
- өз алдына мақсат қоя білуі және оны жүзеге асыра білуі; 
- өз әрекетінің нәтижелелерін бағалай білуі; 
- өз бетінше алған ақпаратты талдай,таңдай білуі; 
- түрлі өмірлік жағдайларда пайдалы,тиімді шешім қабылдай білуі. 
Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінің тиімділігінің басты көрсеткіші – білім сапасы. Мұғалімнің негізгі 
міндеті – оқушыны білімге, өз бетінше ізденіске және шығармашылық жұмысқа баулу болып табылады. 
Жан - жақты даярлықпен өткізген сабақ оқушылардың қызығушылығын, шығармашылық ойын, білімге 
құштарлығын, өз бетімен іздену қабілетін дамытады.Білім беру сапасын жақсартудың бірден-бір жолы –жаңа 
педагогикалық технологияны қолдану. Математика сабақтар беру барысында «Дербес амалмен оқыту технологиясы» 
мен «Толық меңгеру технологиясын» қолдануға тырысамын. Оқу процесінде оқушының танымдық қызметі басты
үрдіске айналады, оқулықпен, кітаппен жұмыс,алған білімді бекіту шаралары іске асырылады. Оқушының өздігінен 
білімін жетілдіру,өздігінен даму негізінде білім алатын әрекетін ынталандыруға қамсыздандыратын психолого-
педагогикалық жағдайлар жасалады. 
Технологиялардың берері:-әр шәкірт оқу еңбегіне жұмылдырылады, әрқайсысына лайықталған әр деңгейдегі 
тапсырмалар жүйесі беріледі және жеке дайындығына бөлінген уақыт бар; 
- әр оқушының ілгерілеуіне жол ашылады,еркін өз пікірін айтуына,өзара көмек көрсетуіне жағдай тұгызылады; 
- оқушының білім деңгейі арнайы кестеге /рейтинг парағы/ толтырылып,оқушы білімі күнбе - күн бақылауға
алынады. 
Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар құрастыруда үш деңгей тексеріледі: еске түсіру/білімді қабылдау/, 
байланыстарды анықтау/білімді қолдану/,пікір айту/білімді интеграциялау/. 
Бірінші деңгей (еске түсіру) белгілі фактілерді, стандарт тәсілдерді бірден қолдану,эквивалентті түсініктерді айырып 
тану,таныс математикалық объектілерді және қасиеттерді тану,стандартты процедураларды орындау, белгілі 
алгоритмдерді және техникалық дағдыларды қолдану, стандарт, таныс өрнектер мен формулалармен жұмыс істеу, 
есептеулерді тікелей орындау. 
Екінші деңгей (байланыстарды анықтау деңгейі) стандарт болмайды,бірақ оқушылар зерделеген материалдарға 
құрылған немесе белгілілер шеңберіне өте аз дәрежеде енетін есептерді шешу бойынша репродуктивті іс-әрекеттерге 
құрылады.Әдетте,бұл есептерде олардың шешімінің түсіндірмелеріне талаптар көбірек қойылған,есеп шартында 
сипатталған жағдаяттардың түрлі ұсынылымдарының арасындағы,есеп шартындағы мәліметтердің арасындағы 
байланыстарды белгілеу ойластырылады 
Үшінші деңгей (пікір айту деңгейі) –осыған дейінгі, деңгейдің әрі қарай дамуы ретінде құрылады.Осы деңгейдегі 
тапсырмаларды орындау үшін математикалық құралдарды таңдауда шығармашылық қабілет,бағдарламаның әр түрлі 
бөлімдерінен білімді қолдану,өз бетінше іс-әрекет алгоритмін жасау талап етіледі.Ереже бойынша тапсырмалар 
кешенді болып келеді және олар көп мәліметтерді қамтиды; оқушылар көбінесе заңдылықтарды тауып,жалпылау және 
алынған нәтижелелерді түсіндіріп оны негіздей алуы керек. 
Осы орайда «Математика» оқу пәнінің мақсаттары: 
- коммуникация құралдарының бірі ретінде логикалық,аналитикалық және инженерлік ойлауды қалыптастыру және 
дамыту; 
- қоршаған болмысты түрлендірудегі математиканың рөлі жөніндегі түсініктерді дамыту; 
- белгілі математикалық модельдердің көмегімен күнделікті өмірге жақын жағдаяттардағы проблемаларды шеше 
білуге дайындау; 
- табиғат құбылыстарын, қоғамдық үдерістерді сипаттауда математикалық және ақпараттық әдістерді пайдалану 
біліктерін дамыту. 
Математиканы оқытудың негізгі міндеттері: 
- жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде, қоршаған ортаны сипаттау нысаны мен таным әдістері ретіндегі 
математика туралы түсінік қалыптастыру; 
- оқыту барысы мен нақты өмірде қолдануға қажет болатын математикалық білім,білік,іс-әрекет тәсілдері жүйесін 
берік әрі саналы түрде игеруді қамтамасыз ету; 
- математикалық іс-әрекетке тән ойлау сапасын қалыптастыру,қоршаған ортаны танып білуге арналған нысандарды 
бақылай,өлшей және модельдей алу мен оларды практикалық өмірде қолдану; 
- оқу бағдарламасы оқу материалының мазмұнын және пәннің құрылымы іріктеудің төмендегідей негізгі 
ұстанымдарына сүйенеді: ғылымилық, білім берудің үздіксіздігі, іс-әрекеттік, пәнаралық интеграция, қолжетерлік, оқу-
шылардың дара жетістіктері мен шығармашылығын ескеру. 


161 
Іс - әрекеттік ұстанымы математикалық ұғымдар мен амал-тәсілдерін саналы әрі берік игеруге арналған негізді 
қамтамасыз етеді. Оқушыларды белсенді оқу-танымдық іс-әрекетке тарту арқылы жаңа білімді «ашуға», өзін-өзі 
бағалауға мен өз бақылауды қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Оқушының дара ерекшеліктерін ескеру ұстанымы қиындық деңгейі әр түрлі тапсырмаларды, өзіндік, зерттеу және 
жобалық жұмыстарды қолдануды қамтамасыз етеді, оқытудың тұлғалық маңызды мотивін қалыптастыруға мүмкіндік 
береді. 
Шығармашылық ұстанымы оқушылардың өз бетімен стандартты емес, шығармашылық, логикалық есептердің 
шешуін табу қабілеттерін қалыптастыруға,жаңа амал-тәсілдерін «ашуға», жаңаны жасай алуға, нақты өмірлік 
жағдаяттардың стандартты емес шешімін табуға, құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындауға мүмкіндік 
береді.
Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру үшін әр түрлі формада ұсынылған (кестелер, диаграммалар, графиктер 
және т.с.) есептер қолдануға болады. Мысалы: Үш шығарма 34бетке басылған. Бірінші шығарма 6 бет, ал екінші үшінші 
шығармадан 3есе кем болса, екінші шығарма неше бетке басылған? 
Осы есепке (процентпен әр шығармаға бөлінген беттердің дөңгелек диаграммасын сызыңдар)деген қосымша 
сұрақпен толықтырса, ол бірінші деңгейлі құзыреттілікке бағытталған тапсырмаға айналады . 
Қарым-қатынастық, коммуникативтік құзыреттілікті оқушылардың танымдық іс-әрекетін топтық және ұжымдық 
жұмыстар ұйымдастыру арқылы қалыптастыруға болады.Мысалы: АВС тікбұрышты үшбұрыштың АВ 
гипотенузасында АВС үшбұрышы жатпайтын жарты жазықтықта ABDE квадрат салынған.Үшбұрыштың С тік бұрыш 
төбесінен квадраттың центріне дейінгі арақашықты табыңыз,егер ВС және АС катеттерінің ұзындығы сәйкесінше a 
және b-ға тең болса. Есепті шешуге оқушыларды топқа бөліп, бірінші топ синустар теоремасы арқылы, екінші топ 
косинустар теоремасы арқылы, үшінші топ аудандарды қолданып шешуді ұсынуға болады. 
Өзіндік менеджментке жататын өмірде кездесетін проблеманың шешімін табу құзыреттілігін қалыптастыру 
мақсатында оқулық мәтінімен оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне, есептің шығару алгоритмін құру,түрлі 
тақырыптарға реферат немесе шағын жобалар жазу ұсынуға болады.Оқу ақпараттарын оқушылардың өмірлік 
тәжірибесімен байланыстыруға тырысу: 
- жаңа тақырыптарды бастай отырып, оқушылардан бұл мәселе жөнінде олар не біледі,не оқыды, қандай ойлар т.б. 
туындағанын сұрап білу; 
- тақырыптардың кейбір жерлеріндегі түсінбеген,күмәндаған тұстарын мәселе қою арқылы , әр түрлі ой пікірлер 
арқылы түсіндіруге тырысу; 
- мәселені шешуде оқушылардың ой-пікірлерін қолдану; 
- шындыққа жанаспайтын пікірлерді тексеруге және дәлелдеуге; 
- бір-бірімен сөз таластыруға және айтылған пікірлерді жоққа шығаруға мүмкіндік беру. 
Егемен еліміздің келешегі жас ұрпақты тәрбиелейтін орта мектеп өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті атқару үшін 
ондағы игерілетін білім мазмұны, білім берудің түрлі жолдарын бүгінгі талапқа сай жаңартуға ұмтылуы заңдылық. 
Оқушылар қоршаған ортада туындаған және математика құралдарымен шешілетін проблеманы тануды үйренуі тиіс 
және сол проблемаларды математика тілінде тұжырымдай алуға;оны математикалық білім мен әдістерді пайдаланып 
шеше білуге ;пайдаланылған шешу әдістерін талдай алуға;алынған нәтижелелерді қойылған проблеманы ескере отырып 
түсіндіре білуге; қойылған проблеманы шешуде алынған соңғы нәтижені тұжырымдай және жаза алуға қабілетті болуы 
тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет