90
Оқушылардың пәнге қызығушылығын оятатын , олардың ой-өрісінің, шығармашылық қабілетінің дамуына дәнекер
болатын, өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалптастыратын сыныптан тыс, үйірме, факультатив, қосымша сабақтар .
Сонымен қатар, ол оқушы білімінің ең жоғарғы сапаға көтерілуіне мүмкіндік туғызатыны да мәлім .Оқушылардың
танымдық белсенділігін арттырып,олардың физикалық қабілеттерін дамытуда мұғалімдерге қойылатын талаптар
ерекше .Оқушылардың танымдық қызығушылығын ,пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру үшін мұғалім төмендегідей
міндеттерді жүзеге асыруы тиіс :
- Оқушы белсенділігін арттыру, қойылған проблемалық сұрақты жеке шығармашылықпен шешу;
- оқу еңбегін түрлендіріп ұйымдастыру,қызықты түрде өткізу;
- шамадан тыс оңай, шамадан тыс күрделі материал қызығушылық туғызбайды, тақырып қиын болғанмен оқушы
оны қызығып меңгере алатындай оқыту әдісін таба білуі;
- Оқу материалының түсініктілігі, мұғалімнің сабақты түсіндірудегі сөйлеу мәнері оқушылардың пәнге
қызығушылығын арттырады;
Оқушы бойында пәнге деген қызығушылықтың қалыптасуы үшін мұғалімнің өзі пәнді жетік білуі тиіс,өзінің пәнге
деген сүйіспеншілігін тәрбие құралы ретінде пайдалана отырып,қоршаған ортаны, жаратылысты танудағы физиканың
шексіз көп мүмкіндігін, ролін ашып көрсетуі керек. Оқушылардың қызығушылығын белсендіру проблемасы көне
замандардан бастау алған. Мысала Сократ оқушылардың танымдық қызығушылығын арнайы басқарып отыру
қажеттігін айтса,кейінгі Рим философтары бұл идеяларды ілгері дамытты. Кейіннен Я.А.Коменскийдің,
И.Г.Пестолоццидің, А.Дистервегтің және т.б. еңбектерінде одан әрі дамытылды, И.Ф.Талызинаның ,Т.И.Шамованың
зерттеулерінде бұл тақырыпқа ерекше назар аударылды.Ғылымныңтарихымен таныстыра білу пәннің беделін
көтереді,оқушыда қандай да бір жаңалықты мен де ашсам деген талап пайда болады.Оқушыға берілетін информация
әрі жаңа әрі ескі бұрыннан белгілі мағлұматтар болғанда ғана олардың қызығушылығын туғызады.Себебі оқушы ескі
мен жаңаны салыстыра отырып ,нәтижеге жетуге тырысады. Мұғалімнің міндеті-оқушыны бұрыннан белгілі
құбылыстың өзіне қызыға қарайтындай етіп үйретуі тиіс. Сабақты түсіндіруде қандай да бір зерттеуді жүргізіп
жатқандай , қандай да бір жаңалық ашып отырғандай әсер қалдыратындай етіп жүзеге асыру қажет.
Пәнаралық байланысты пайдалана отырып, бұрыннан таныс ұғымға оқушыларды қалай қызықтыруға болады?
Мысалы: бәйгеге шапқан шабандоз баланың жылдамдығы атпен салыстырғанда 0 км/сағ,айналасындағы заттармен
салыстырғанда 40 км/сағ, жердің күнмен салыстырғандағы жылдамдығына байланысты 30 км/сағ тең болады деп
түсіндірсек, ол оқушының қызығушылығын туғызады.
Сабақты қорыту оқушы үшін жаңалық болуы тиіс. Жүргізген зерттеу немесе ашқан жаңалықтарын қорытындылай
отырып, әр балаға өз ойын жеткізе білуге, ортаға салып талдай білуге үйрету керек .
Сонымен, қорыта айтқанда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту мен қалыптастыру туралы ұғым –
оқыту процесінің тиімділігін көтеру мен жетілдірудегі негізгі мәселе.
Достарыңызбен бөлісу: