Қазақстан Pеспубликасының Бiлiм және ғылым министpлiгi
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Орындаған:
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс магистранты Шүйіншәли Абай Серікұлы
Жоспары
Кіріспе бөлім:
Миға шабуыл әдісі
Санжар Асфендияров туралы қысқаша мағлұмат
Негізгі бөлім:
Оқылым: Мәтінмен жұмыс (10 минут)
Тыңдалым: С.Асфендияров туралы деректер не дейді? (видео тыңдалым, 5 минут)
Тыңдалымнан кейінгі жұмыс.
Қорытынды
"Бас. Жүрек. Қол" әдісі.
С.Асфендияровқа байланысты қандай мәліметтер білесіз?
Өз білгеніңізбен бөлісіңіз.
Санжар Сейітжафарұлы Асфендиаров - (20.10.1889, Ташкент –25.02.1938, Алматы) – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды ғалым-тарихшы, профессор, педагог.
1. Жалпы мағлұмат
1928-1931 жылдары – Қазақ педагогикалық институтының тұңғыш ректоры мен тарих кафедрасының меңгерушісі, 1931-1933 жылдары – Денсаулық сақтау халық комиссары. 1933-1934 жж. – Қазақ КСР халық ағарту халық комиссарының орынбасары. 1934-1937 жж. – КСРО ғылым академиясы Қазақ филиалы төрағасының орынбасары, Қазақ педагогикалық институтының тарих кафедрасының профессоры. Қуғын-сүргінге ұшырап, 1938 жылы атылды. 1958 жылы ақталды.
Санжар Асфендиаров – жалған жаламен ату жазасына кесілді. Жұбайы Рабиға да ҚарЛАГ-та 5 жыл айдауда болды.
Отбасы туралы қызықты мәлімет:
Әкесі Сейітжафар Асфендиарұлы (Жағыпар, Сейітжағыпар) –сұлтан, Әбілқайыр ханның үлкен ұлы Айшуақ ханның ұрпағынан тараған патша әскерінің полковнигі шенінде отставкаға шыққан, жарты ғасырдан астам уақыт Түркістан өлкесінде қызмет еткен қазақ қайраткері,
анасының есімі – Гүландам Қасымова (кейбір гипотезалар бойынша Кенесары Қасымовтың ұрпақтарынан тараған).