Қазақстан реғспубликасы білім және ғылым министрлігі «Мирac» yнивeрcитeтi


бөлім. Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы арқылы қалыптастырудың әдістемелік негіздері



бет16/20
Дата09.06.2020
өлшемі237 Kb.
#72815
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Ешмұрат Ұлжан НИРС Приложение

2 бөлім. Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы арқылы қалыптастырудың әдістемелік негіздері

2.1 Оқушылардың денсаулық сақтау технологиясы негізінде дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану жолдары
Оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері көп. Ойын – қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды. Бірақ оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі келеді дейді. М.Лазарус жұмыстан кейін демалу теориясын, Г. Спенсер ойын арқылы денедегі артың энергияны шығару, К.Крус тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теорияларын жасады. Ойын туралы қазіргі көзқарастар оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге бейімделуін жеңілдетеді (Д.Б.Эльконин), болмысты тануға көмектеседі. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады.

Дидактикалық ойындарды оқыту үрдісінде кеңінен пайдалана отырып оқытудың тиімділігін арттыруға болады. Ол оқушылардың сабаққа деген ынта- ықыласын оятып, танымдық белсенділігін арттыруға жол ашады [34,67б].

Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі, ойын - оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі (сызбанұсқа 3)

3 Сызбанұсқа – Іс-әрекет тұрлері


Іс-әрекет

Еңбек әрекеті

Оқу әрекеті

Ойын әрекеті

«Ойын» ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынандай қызметтерді атқарады:



  • ойын-сауық;

  • коммуникативтік немесе қарым-қатынастық: .

  • диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);

  • коррекциялық (өзін-өзі түзету);

  • әлеуметтендіру.

Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда [35,19б].

Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.

Ойын - бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.

Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін ойлауын, қиялын қалыптастыруына зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады.

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Оқу үрдісінде - кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол - дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап - оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.

Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:



а) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру:

б) білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету;

в) ойын барысында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көзіне жету;

г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.

Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін дамытуда әсіресе кейінгі 3 бөлімнің маңызы зор.

Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше. Өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілімен олардың түрлі қабілеттері: конструкциялық, музыкалық, ұйымдастырушылық т.б. қасиеттері дамиды.

Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады.

С.А.Шмаковтың анықтауы бойынша ойын төрт түрлі қырымен сипатталады:


  • еркін дамытушы іс-әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес, баланың қанағаттануына байланысты.

  • әрекеттің эмоционалды жағынан көтеріңкі болуы, яғни жарыстық орын алуы.

  • ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар,

Жоғарыда аталған белгілерге байланысты ойынның бастауыш сынып оқушыларының білімін берік меңгеруіне тигізетін әсерін анықтау үшін біздер мына сұрақтарға жауап іздедік: Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін ұйымдастыруда ойынның құрылымы қандай болмақ? Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін ойынды қалай пайдалану керек? Ойынды бастауыш сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қалай қолдану қажет? Сол сияқты тағы басқа сұрақтарға жауап іздеу барысында біздер әртүрлі бастапқыларға талдау жасауды мақсат көздедік.

Ұлы Абайдың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш сынып оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, Т.Тәжібаев т.б.[36,20б]

Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж.Ж.Руссо мен И.Г.Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В.А.Сухомлинский, С.П.Шацкий және Н.К.Крупская өз пікірлерін білдірген.

Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті - оқу, қарым-қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы дамытады.

Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық «деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа» деген принципті негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.

Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті денсаулығы нығайту меңгеруге қол жеткізу.[37,21б]

Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:

1. Балалардың іс-әрекетінде ойын түрлерімен оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу-тәрбие мәселесіне көшу.



2. Ойынның шарты мен оқу міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.

  1. Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі.

  2. Оқу мен тәрбие мақсаттарының бірлігі.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

  1. Заттық дидактикалық ойындар дилактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

  2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар: «Лото», «Домино» және т.б.

3. Сөздік дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойынның маңызы мынада:



1) Дидактикалық ойын оқушылардың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітім, нақтылай түседі.

2) Әрбір дидактикалық ойын оқушыны ойлай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырады.

3) Дилактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дилактикалық ойын ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді.[39,10б]

Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:

1.Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы қиындық - оңай жолмен қажеттілер - қызық жолмен беріледі;




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет