Электростатикалық өріс кернеулігін графиктік түрде кернеулік сызықтары көмегімен көрсетеді, оны кеңістіктің кез келген нүктесіндегі жанама осы нүктедегі кернеулік векторы бағытымен сәйкес келетіндей етіп сызады (3-сурет).
3-сурет
Әрбір нүктеде кернеулік векторының бір ғана бағыты болады, сондықтан олар ешқашан да қиылыспайды. Біртекті өрісте кернеулік векторы мен кернеулік сызықтары параллель (кез келген нүктедегі кернеулік векторы шама және бағыты жағынан тұрақты өріс біртекті деп аталады). Егер өрісті нүктелік заряд тудыратын болса, онда кернеулік сызықтары 4-суреттегідей орналасады.