Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
3 деңгейлі СМЖ құжаты
УМКД
ПОӘК 042-06.1.45/03-2013
ПОӘК
«Электр және магнетизм» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
№ 2 баспа 2013 ж.
5В060400 - «Физика»
мамандығы үшін
«ЭЛЕКТР ЖӘНЕ МАГНЕТИЗМ» ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК
МАТЕРИАЛДАРЫ
Семей 2014
МАЗМҰНЫ
1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Машықтану және зертханалық сабақтар
4. Курстық жұмыс және дипломдық проек (жұмыс)
5. Студенттердің өздік жұмыстары
ДӘРІС 1
Электростатика.
Дәріс сабағының мазмұны: Кулон заңы..
Электр өрісі. Электростатикалық өрістің кернеулігі.
Гаусс теоремасы.
Электрлік диполь.
Зарядтардың екі түрі болады: оң зарядтар және теріс зарядтар. Аттас зарядтар бірін-бірі тебеді, әр аттас зарядтар бірін-бірі тартады. Екі дене үйкелгенде екеуі де зарядталады, олардың зарядтарының шамалары тең, ал таңбалары қарама-қарсы болады. Физиктер Милликен иен Иоффе электр зарядтарының дискретті екендігін, яғни кез келген денелердің зарядтары элементар электр зарядтарына еселі екендігін анықтады. Элементар электр зарядының шамасы . Электрон және протон сәйкесінші теріс және оң заряд тасушылар болып табылады.
Фарадей электр зарядтарының сақталу заңын ашты: кез келген тұйық жүйенің электр зарядтарының алгебралық қосындысы өзгеріссіз қалады.