Қазақстан республиасының білім және ғылым министрлігі



бет36/45
Дата18.12.2021
өлшемі0,65 Mb.
#103146
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45
Байланысты:
8aefda41-baaa-11e5-bf37-f6d299da70eeМММ МФ 0110

2.13.2.1 Карно теоремасы
Карно циклы бойынша жұмыс істейтін идеал жылу машинасының п.ә.к.-і машинадағы жұмысшы денеге байланысты емес. Бір қыздырғышпен және бір суытқышпен жұмыс істейтейтін екі машина қарастырылсын. Біреуінде жұмыстық дене идеал газ, екіншісінде кез келген серпімді зат болсын. Бірінші машина қыздырғыштан Q1 жылу алсын да суытқышқа Q2 жылу берсін (2.13.2.1-сурет) және жұмыс істесін. Екінші машина қыздырғыштан Q1’ жылу алып, суытқышқа Q2’ жылу берсін, сол кезде істейтін жұмысы А’=Q1’-Q2’ болсын.

Бірінші машинаның п.ә.к.-і



Екінші машинананың п.ә.к.-і






2.13.2.1-сурет. болғандағы жылу машиналарының жұмысы
Машиналардың қыздырғыштан алатын жылулары бірдей болсын: Q1=Q1’. Егер машиналардың істейтін жұмыстары бірдей (А=A’) болса, онда суытқышқа беретін жылулары да (Q2=Q2’) және ПӘК-і де ( ) бірдей болады.

Айталық, және Q1=Q1’ болған жағдайда А>A’ және Q2’>Q2 болады. Яғни 2-ші машинаның суытқышқа беретін жылуы бірінші машинаның суытқышқа беретін жылуынан көп болады. Енді 2-ші машинаның 1-ші машинаның жұмысы А арқылы суытқыш машина ретінде жұмыс істетейік және Q1=Q1’ дейік, онда қыздырғыш 1-ші машинаға Q1 жылу берсе, 2-ші машинадан Q1’ жылу алады, яғни қыздырғыштың күйі өзгермейді (2.13.2.2-сурет).



2.13.2.2 – сурет. болғандағы жылу

машиналарының жұмысы


1-ші машина оң жұмыс жасайды (А>0), 2-ші машина теріс жұмыс істейді (A’<0). Екі машинаның жұмыс істеуінің нәтижесінде (А - А’) артық жұмыс қалады. 2-ші машина суытқыштан Q2’ жылу алады, ал суытқыш 1-ші машинадан Q2 жылу алады, бірақ Q2’>Q2.

Q2’-Q2 жылу айырмасы жұмыс істеуге жұмсалады. Яғни жүйедегі ең суық дененің жылуы жұмысқа айналады. Бұл жағдай термодинамиканың 2-ші заңына қайшы келеді, сондықтан болуы мүмкін емес. Дәл осылай болмайтындығын көрсетуге болады. Ендеше болады.


Есеп мысалдары



  1. Ауа изотермиялық жолмен 2 л-ден 10л-ге дейін ұлғаяды. Бастапқы

қысымы 0,8МПа.. Ауаның істеген жұмысын анықтау керек.

2. 1 моль газ тұрақты қысымда 00С температурадан бастап қыздырылады. Оның көлемі екі есе ұлғаюы үшін қандай жылу мөлшерін бері қажет. Газ бұл кезде қандай жұмыс істейді?

3. Ыдыста 20 г азот пен 32 г оттеі бар. Осы қоспаны 28 К-ге суытқан кездегі ішкі энергияның өзгерісін тап.

4. 3 л ыдыстағы азотты қыздырған соң қысымы 2,2 МПа-ға артты. Газға берілген жылу мөдшерін анықта.

5. 4г сутегі мен 32 г оттегіден тұратын қоспаның 70С температурадағы және 93 кПа қысымдағы тығыздығын анықта.

6. Баллонда температурасы 200С, қысымы 3Па ауа бар. Тығыздығын анықта.

7.Газ Карно циклін жасайды. Қыздырғыштың температурасы суытқыштың температурасына қарағанда үш есе артық. Қыздырғыш газға 4,2*104Дж жылу береді. Газ қандай жұмыс жасайды?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет