Қазақстан Республиасының білім және ғылым министрлігі



бет4/8
Дата12.03.2022
өлшемі50,82 Kb.
#135310
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Курсовой Қ. Әділет

Факультативтік сабақтарды ұйымдастыру.
Факультативтік сабақтар – студенттердің білімін олардың қажеттіліктеріне, қабілеттеріне, сұраныстарына сәйкес белгілі бір оқу пәндері бойынша тереңдету, дамыту мақсатында сабақтан тыс оқу сабақтарын ұйымдастыру формасы. Факультативтік сабақтар студенттердің ой-санасының дамуына, пәнге деген белсенді танымдық қызығушылығының қалыптасуына, студенттердің зерттеу қызметіне деген қызығушылығын арттыруға ықпалын тигізеді.
Ұйымдастыру құрылымы – жеке және ұжымдық субьекттердің жиынтығы, олардың арасында факультативтік сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу жауапкершілігі мен міндеттері анықталған.
1) жоба қызметі блогы:

  • студенттер мен олардың заңды өкілдерінің қажеттіліктерін тану

  • факультативтік сабақтарды өткізу сағаттарын бөлу

  • факультативтік сабақтар бағдарламасын жүйелеу және дайындау

  • факультативтік сабақтарды өткізу мен ұйымдастыру тиімділігін бағалау механизмі мен критериилерін дайындау

  1. жүзеге асыру блогы:

  • факультативтік сабақтардың жарты жылдық кестесін құрастыру

  • факультативтік сабақтарды қосымша білім жүйесінде функциялау

  1. мониторинг және бақылау блогы:

  • студенттердің факультативтік сабақтарға қатысуын қадағалау

  • факультативтік сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарын орындау

  • факультативтік сабақтарды өткізу сапасын үздіксіз бақылауды қамтамасыз ету.

4) рефлексивті қызмет блогы:

  • факультативтік сабақтарды ұйымдастыру бойынша студенттер арасында сауалнама жүргізу

  • факультативті сабақтарды өткізудің қорытындысы бойынша мұғалімдермен әңгімелесу

  • факультативтік сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу барысындағы туындаған негізгі мәселелерді анықтау

  • факультативтік сабақтарды ұйымдастыру үрдісін дамытуға жағдай жасау .

Факультативтік сабақтарды өткізу сапасының критериилері:

  1. сабаққа уақытылы қатысу.

  2. студенттердің әр түрлі конкурстарға, пән олимпиадаларына, конференцияларға қатысуы

  3. студенттердің қызмет деңгейі (зерттеушілік, шығармашылық, жартылай шығармашылық, репродуктивті)

  4. студентердің сабақты ұйымдастыру жұмысымен қанағаттануы

  5. құжаттама жүргізу

Факультативтік сабақтардың құжаттамасы
Факультативтік сабақтар міндетті сабақтар мен қосымша сабақтар арасындағы белгілі бір ережелерді сақтауды қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалар арқылы өткізіледі. Аталмыш факультативтік сабақтардың тізімін бекітерде тек студенттердің және ата-аналардың жеке қалауымен ғана емес, сонымен қатар жалпы білім беретін орынның мүмкіндіктері де ескерілуі тиіс.
Факультативтік сабақтарды жүргізетін әрбір ұстазда жоғарыда айтылғандай факультатив сабақтың бағдарламасы болуы қажет. Аталмыш бағдарлама құрылымына сыртқы бет, түсіндірмелі жазба, қысқаша мазмұны, студенттер дайындығына талаптар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Сыртқы бетінде бағдарлама атауы, білім ордасы атауы, сағат көлемі, бағдарлама авторының тегі, аты-жөні, аталмыш бағдарламаны бекіткен жетекшінің аты-жөні, лауазымы, бекіткен жылы көрсетіледі.
Түсіндірмелі жазбада аталмыш курстың көкейкестілігі, міндеттері негізделеді. Түсіндірмелі жазбаны жазу барысында курстың мақсаты мен міндеттерін көрсету қажет. Нәтижелерін атап өту өте маңызды.
Қысқаша мазмұнында әрбір курстың тақырыбы, оның мазмұны сипатталады.
Факультативтік сабақтарды ұйымдастырудың сапасын бағалау
Факультативтік сабақтарды ұйымдастыру жұмыстарын бақылау келесілерді қажет етеді:

  • сабақ формасын таңдаудың мақсаттылығы және сабақты өткізудің тиімділігі

  • сабақты өткізу барысындағы оқушылардың белсенділігі

  • оқушылардың сабаққа толық қатысуы

Сабақтың өткізілу тәртібі:
Факультативтік сабақтар оқу орнының директорымен бекітілген сабақ кестесіне сәйкес сабақтың алдында немесе сабақтан соң өткізіледі.
Егер де факультативтік сабаққа арналған уақыт тарификацияға сәйкес 0,5 апта сағатына сәйкес келетін болса, онда екі аптада бір сабақтың өткізілуіне жол беріледі.
Факультативтік сабаққа қатысушылар саны 5 адамнан аз болмауы керек.
Аталмыш сабақтар кәдімгі сабақтардан айырмашылығы болуы керек: факультативтік сабақтарда оқушыларда өз беттілікке, шығармашылық қасиеттерін көрсетуге, өз пікірін айтуға, өз ұсыныстарын білдіруге мүмкіндіктері болуы абзал.

Сабақ пен пәндік бағыттағы ф акультативтік сабақты салыстыру





Салыстыру


белгілері



Сабақ

Факультативтік сабақ



Оқу жоспарындағы статус

Міндетті сабақ

Қосымша сабақ



Мақсатты бағдар



Студенттердің жалпы білімді дайындығы

Пән бойынша жоғарғы деңгейдегі дайындық

Оқу мазмұны



Базалық деңгей бағдарламасымен анықталады

Факультативтік сабақтар бағдарламасымен анықталады

Студенттердің оқу уәждемесінің (мотив) деңгейі

Жоғары емес (кей кезде)



Жоғары, себебі студент таңдауымен сәйкес келеді



Бағдарламалар және оқу әдістемелері

Мемлекеттік бағдарламалар



Авторлық бағдарламалар, оқу әдістемелері қолданылуы мүмкін

Студенттердің оқудағы жетістіктерін бағалау

Баға қою арқылы



Бағасыз оқыту, өзін-өзі бағалаудың құралдары мен үрдістері

Өткізу уақыты

Негізгі сағаттар легінде

Сабаққа дейін немесе сабақтан соң


Жалпы сабақтан тыс жұмыс түрлерінің бірқатар түрлері бар. Атап айтқанда, семинарлар, курстар, факультатив сабақтары, әр қилы сипаттағы конференциялар, үйірмелер және т.б. Осы аталған сабақтан тыс жұмыстардың арасында біз факультативтік сабақтарды таңдап алдық, себебі факультативтік сабақтар оқушылардың ой-санасының дамуына, пәнге деген белсенді танымдық қызығушылығының қалыптасуына, студенттердің зерттеу қызметіне деген қызығушылығын арттыруға ықпалын тигізеді [9].
Факультатив сабақтар - оқу пəндерін оқушылардың өз таңдауы жəне қызығуларына орай тереңдете оқуына арналып, шəкірттердің ғылыми-теориялық білімдері мен практикалық ептіліктерін дамытуды көздейді. Білім беру міндеттеріне сəйкес факультатив түрлері келесідей:
- негізгі оқу пəндерін тереңдете игеру;
- қосымша пəндерді (логика, риторика, шет ел тілдері жəне т.б.) меңгеру; мамандық (стенография, компьютерлі, бағдарлама түзу) алуға байланысты қосымша пəндерді өту.
Факультатив бағыттары теориялық, тəжірибелік немесе аралас болуы мүмкін. Оқу саяхаттары əрқилы нысандар мен қоршаған дүние құбылыстарын оқушылардың тікелей бақылау жəне зерттеуіне арналып, өндіріс, мұражай, көрме, табиғат аясы жағдайларында жүргізілетін оқу ұйымдастыру формасы..
Кәсіптік мектептерде (дидактикалық мақсатына қарай) сабақ мынадай түрлерге жіктеледі:
1 Жаңа білім негіздерін игеру;
2 Білім мен дағдыны жетілдіру және бекіту;
3 Қайталама - жалпылау;
4 Бақылау - тексеру;
5 Аралас сабақтар т.б.
Теориялық оқыту үрдісінде негізінен аралас сабақтар түрі жиі пайдаланылады. Мұнда сабақтың ұйымдастыру және дидактикалық құрылымы болады. Ұйымдастыру құрылымы мыналардан тұрады:
- ұйымдастыру кезеңі;
- үй тапсырмасын тексеру;
- оқушылардан өтілген материалдарды сұрау;
- жаңа сабақ түсіндіру;
- жаңа сабақты игеруде оқушылардың өз бетінше жұмысы;
- жаңа сабақ материалдарын бекіту;
- сабақты корытындылау;
- үйге тапсырма.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет