Қазақстан республиасының



бет21/26
Дата23.05.2023
өлшемі0,92 Mb.
#177481
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
аза стан республиасыны

Дәріс № 15
Жоспар:

  1. Кварктар. Элементар бөлшектердің кварктық моделі. Кварк – лептондық симметрия.

  2. Глюондар. Кванттық хромодинамиканың негізгі түсініктері.

  3. Кварктар мен лентондардың электромагниттік және нәзік әсерлесулері. Нәзік және электромагниттік әсерлесулердің біріккен теориясы. Ұлы біріктіру теориясы.

  4. Ғарыштық сәулелер. Бірінші реттік ғарыштық нұр. Ғарыштық нұрдың атмосфера арқылы өтуі. Ғарыштық сәулелердің өзгерістері. Жердің радиациялық белдіктері. Ғарыштық сәулелердің тегі туралы тұжырымдар. Ғарыштық нұр бөлшектерінің үдетілуінің мүмкін механизмдері.

Кварктер. 1964 ж. Гелл-Манн және Цвейг барлық адрондарды құрастыруға болатын фундаментальдық бөлшектер – кварктер табиғатта болуы мүмкін деген гипотеза айтты. Олардың моделі бойынша үш типтес кварктер (u,d,s) және оларға сәйкес антикварктер (u,d,s) болуы керек.
2 кесте

Кварк
(анти-
Кварк)

Электрлік
заряд е өлш.

Бариондық
сан В

Спин,



Оғаштық
S

u ( u )
d ( d )
s ( s )
c ( )

+2/3 (-2/3)
-1/3 (+1/3)
-1/3 (+1/3)
+2/3 (-2/3)

+1/3 (-1/3)
+1/3 (-1/3)
+1/3 (-1/3)
+1/3 (-1/3)

1/2
1/2
1/2
1/2

0
0
-1(+1)
-1(+1)

Кварктердің сыйпаттамалары 2 кестеде көрсетілген. Кварктердің элементарлық электрлік зарядтарының мәндері бөлшек сан, спиндері- 1/2.


Кварктерден адрондар келесі түрде құралады: мезондар қос: кварк-антикварктен, бариондар үш кварктен (антибариондар - үш антикварктен) тұрады. Кейбір бариондар үшін кварктың арнаулы кванттық сыйпаттама енгізілді – түс: “сары” , “көк”, “қызыл”. Сонда әртүрлі“түстегі ” кварктер Паули принципіне қайшылық жасамады. 1974 ж. ашылған нағыз нейтрал (J/Ψ)-мезон,оның массасы шамамен 6000 me , жаңа кварк– с-кварк және жаңа сақталатын шама – “әсемдік” енгізуге әкеп соқты.
Элементарлық бөлшектер теориясының дамуындағы қиыншылықтарға байланысты әр жылдары басқа “тамаша”,“нағызжәне т.б. атты кванттық сандар енгізілді.
Кваркті модель өте жемісті болып шықты, ол адрондардың барлық негізгі кванттық сандарын анықтауға мүмкіндік берді. Бұл модель бойынша, тәжірибедегідей, бүтін санды спин мезондар үшін және жартылай санды спин бариондарға тән. Сол модель бойынша жаңа бөлшек – Ωгиперон болуы керек деген болжам жасалды. Әртүрлі өзара әрекеттесудегі өріс кванттары сияқты кварктердің өзара әрекеттесуіндегі тасушы ретінде глюон деп аталатын жаңа бөлшектер енгізілді. Олар кванттық сан – түсті- бір кварктен екіншісіне тасиды, соның арқасында кварктер бірге бола алады.
Тағы бір сыйпаттама – “аромат”, ол түстен басқа барлық жоғарыда айтылған белгілерді біріктіреді, күшті және электромагниттік өзара әрекеттесуде сақталады.
Сонымен, материяны құрайтын элементтер- алты ароматы бар (және үш түсті) кварктер және также алты ароматты лептондар. Осындай фундаментальдық бөлшектердің арасындағы өзара әрекеттесу – глюондар, фотондар, аралық бозондар және гравитондардың алмасуымен қамтамасыз етіледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет