Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Некрасова к



Дата02.07.2018
өлшемі50 Kb.
#45369
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Некрасова к., 30/1, тұрақты мекен-жайы Пойменная 2/2, анықтама телефоны 8 (7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық пошта taxwest@mgd.kz Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жедел-тергеу бөлімшенің (экономикалық тергеулер қызметі) бос лауазымына конкурс жариялайды:


  1. Жедел-іздестіру қызметі басқармасының іздестіру және қылмыстық процеске қатысушыларды қорғау бөлімінің жетекші маманы – офицері (С-GDO-6 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: жедел-іздестіру қызметін және жариялауға жатпайтын тергеу іс-әрекеттерін жүзеге асыру, басқа органдармен өзара әрекет етуді жүзеге асыру.

Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі.

Денсаулық жағдайына қойылатын талаптар: Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қазақстан Республикасының Қылмыстық - процесуалдық, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңдарын, «Мемлекеттік құпиялары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін білуі. Полиграфологиялық зерттеу және жеке басының құзыреті бойынша тестілеуден міндетті түрде өту қажет.
"Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселері туралы" ҚР ҚМ-нің 17.11.2014ж.  № 498 бұйрығының 3- қосымшасының 13,21,22,23 тармақтарына сәйкес - Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік кірістер органының кадр қызметіне мынадай құжаттарын тапсырады:

  1. белгіленген нысандағы өтінішті;

  2. белгіленген нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);

  3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесін;

  4. Білімі туралы құжаттардың (диплом мен қосымшаның) көшірмесін;

  5. Әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылғаны туралы құжаттарының көшірмесін;

  6. Өлшемі 3х4 фотосуретін (4 дана);

  7. белгіленген нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен және басылып шығарылған жазылған өмірбаянын;

  8. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;

  9. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының соттылығы, бір жылдың ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібінде әкімшілік жауапкершілікке, сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы анықтама;

  10. Үміткердің және оның жұбайының (зайыбының) «Сыбайлас жемқорлық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарының табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғанын растайтын құжаттар ұсынады.

Құжаттардың көшірмелерін қабылдау кезінде салыстыру үшін олардың түпнұсқалары қарастырылады немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылданады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссиямен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Азаматтар құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы бере алады.

Құжаттарды БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Адам ресурстары басқармасы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Конкурстық комиссия отырысына байқаушылардың қатысуы мүмкін.


БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Адам ресурстары басқармасы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет