Әскери психология соғыс іс-әрекеттері жағдайында адамның мінез - құлқын, бастықтар мен қарамағындағылардың өзара қарым - қатынастарының психологиялық жағын, психологиялық насихаттың және қарсы насихаттың әдістерін, әскери техниканы басқарудың психологиялық проблемаларын зерттейді және т.б.
Спорт психологиясы спортшылардың жеке басы мен іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, психологиялық даярлықтың шарттары мен тәсілдерін, спортшылардың жаттығуының және даярлығының психологиялық өлшемдерін, жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты психологиялық факторларды зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |