Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі



бет1/7
Дата07.02.2022
өлшемі130,33 Kb.
#91592
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
психология 8


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университеті

Тақырып: «Зейін»


Магистранттың аты-жөні: Садыкова А.А МАНҒ-11
Орал қаласы
2020 ж

Мазмұны

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім.Психикалық үрдіс және тұлғаның қасиеттері ретінде зейіннің жалпы сипаттамасы. 
  • 2.Зейіннің түрлері.
  • 3. Зейіннің физологиялық негізі.
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиет

ЗЕЙІНДІЛІК-ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ҚАСИЕТІ
Егер адам бәрін де көңіл қоя істеуге әдеттенсе, онда зейін оның тұрақты ерекшелігіне айналып, зейінділікке ұласады, бүл жеке адамның қасиеті ретінде адамның жалпы психикалық тұрпатында үлкен маңыз алады. Мұндай қасиеті бар адам байқағыш келеді, айналада болып жатқандарды жақсы қабылдауға қабілетті келеді. Зейінді адам болып жатқан уақиғаларға тезірек түсінеді, көбіне оларға тереңірек тебіренеді, оқып үйренуге қабілетті келеді; оның ықылас қоятын заттары зейінділігі кем адамнан көбірек, кеңірек болады.
Зейінділік зейін қасиеттерінің: оның көлемі мен бір нәрсеге берілуінің, тұрақтылығы мен бөлінуінің күшті дамуымен байланысты. Бұл қасиеттерге ие адам бір затқа зейінін оңай жұмылдырады, оның ырықсыз зейіні жақсы дамыған болып келеді. Тіпті жұмысқа ықыласы аумаған күннің өзінде де зейінді адам ырықсыз зейінін тез жұмылдырады, өзін қиын және ықыласы аумаған істерге де тез көндіре алады.
Әдетте көрнекті ғалымдар, жазушылар, өнер тапқыштар, жақсы педагогтар, тегі творчество адамдары зейінділігі жағынан ерекшеленеді.
Атақты табиғат зереттеуші Чарлз Дарвиң өмірбаянында былай деп жазған: «Адам зейіні ауа бермейтін заттарды аңғару және оларды мұқият бақылау жөнінде мен әдеттегі адамдардан басымырақпын». Өзінің лабораторияларында жасалған тәжірибелердің бәрін әрқашанда өте зер салып қадағалаған И. П. Павловтың да өзі туралы осылай деп айтуына болар еді. Сондықтан ол жеке эксперңменттердің нәтижелерін, екжей-текжейлерін тіпті бұларды тікелей жүргізген қызметкерлерінен артық білген.
Айналадағы өмірге жазушылар Л. Н. Толстой, А. П. Чехов, А. М. Горький, К. Г. Паустовский және басқалардың зейінділігі күшті болған. Олар адаммен бір кездескеннен кейін-ақ оны терең суреттеп жаза алады.
Жалпы барлық нәрсеге емес, белгілі бір заттарға, құбылыстарға -зейінділік жеке адамньщ бағыттылығын көрсетеді. Психикалық процестерге белгілі бір өң бере отырып, зейінділік адамды белгілі бір дәрежеде жеке адам ретінде сипаттайды. Егер біз бір адамның әр нәрсені білуге құмарлығын, тез түсінетінін, тапқырлығын, екінші адамның, керісінше, айрықша белгілі бір нәрсеге көңіл бөлетінін, үшінші біреудің бір нәрсеге, кейде екінші бір нәрсеге әуестенетінін көрсек, біз олардың мінез-құлықтарына, темпераменттеріндегі көп нәрселер жеке адамдардың ерекшеліктері ретіндегі олардың зейінділігінің дамуымен байланысты екен деген қорытындыға келеміз.
Ақырында, бұл сапа адамның моральдық қасиеті болады, бұл оның басқа адамдарға ілтипатты қарым-қатынасында, кішіпейілділігінде, өзгелерге қамқорлығында, қайырымдылығында, басқа кісінің ерекшеліктерін, мұқтаждарын, мүдделерін, қажеттерін білуде керінеді. Керісінше, кейде адамнық басқаларға салқын қарауының, оларға назар салмауының себебі олардың хал-жайын байқамауынан болады, сондықтан оларға көңіл аудармайды.
Зейін дегеніміз-адамның бойындағы маңызды тұлғалық белгілерді таңдауды және заттардың да қандай да болса белгілерін бөліп алуды айтамыз. Адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
ЗЕЙІН – адамның ой – санасының белгілі іс - әрекетке шоғырлануы мен шомуы, яғни психикалық іс - әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам ең алдымен өзінің ой – санасын істеп жатқан әрекеті мен сол әрекет нысанына тоқтата білу қасиеті. Зейінді болу үшін қандай да бір істің түрін таңдап кана алу жеткіліксіз,сол таңдауды тұрақтатып, сақтап қалу қажет.
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.
ЗЕЙІН ЖӨНІНДЕ ТҮСІНІК
3ейін басқа процестерді сүйемелдейтін субъективтік фактор. 3ейінді кейде аттенционалды әрекеттер деп те атайды. 3ейін (А. Р. Лурия) — субъектінің қажетті ақпаратты таңдап алу, қимыл-қозғалыстардың таңдамалы бағдарламасын сүйемелдеп, қамтамасыз ету және осы бағдарламаның ағымын қадағалау процесі. 3ейіннің негізі ретінде тұлғаның қызығушылықтары мен қажеттіліктері, бағдарлары мен бағыттылығы тұрады. С. Л. Рубинштейннің пікірінше, зейінде сананың затпен байланысы көрініс табады. 3ейін мен объект өзара әсерде болады. Бір жағынан, зейін затқа немесе объектіге бағытталады, екінші жағынан, объект зейінді өзіне аудартады. 3ейіннің нақты бір объектіге бөлінуі субъектіге, яғни адамға ғана байланысты емес, сондай-ақ зейінді тудырған объектінің қасиеттері мен сапаларына да байланысты. 3ейіннің оянуы— бағдарлық-зерттеудің бастамасы. В. И. Страховтың тұжырымдауынша, шынайы зейін мен шынайы зейін емеспен қатар, адамда зейінді болып көріну және зейінді емес болып көріну деген қасиеттер кездеседі. Оны ол зейіннің сыртқы формасы мен оның шынайы күйінің кейде сәйкес келмеуімен түсіндіреді.
ЗЕЙІН ТҮРЛЕРІ
Адамның зейіні ырықты зейінырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т. б. жатады
Ырықты зейін деп – адамның белгілі мақсатпен сапалы түрде күш жігер жұмсап, керекті объектіге назар аударуын айтамыз. Ырықты зейін тек адамға ғана тән.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет