Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Кәмелет жасына толмағандардың
қылмыстылығына криминологиялық тұрғыдан сипаттама жасау, олардың
белгілерін кешенді талдау. Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстылыққа
баруының
себептері
мен
жағдайларын
саралау.
Кәмелет
жасына
толмағандардың қылмыстылығына ерте бастан профилактикалық (алдын алу)
шараларын қолдану, олардың тиімділігін арттыру шараларын зерделеу.
Диссертацияның мақсаты – кәмелетке толмағандар қылмыстылығының
жүйесін және оны алдын алу тетіктерін анықтау, зерттеу болып табылады.
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер белгіленген: