2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
2020-2021 оқу жылының тәрбие жұмысының жоспары
Сыныптың тәрбие жұмысының тақырыбы: «Оқушыға бағдарланған жалпы адамзаттық құндылықтарды шығармашылық және ынтымақтастық үрдісі барысында дамыту»
Мақсаты:
Мектеп ережесін түсіндіру, тәрбиенің алғашқы қағидаларын таныстыру;
Сыныптағы тәрбие жұмысын жан-жақты ұйымдастыру;
Болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене білетін рухани ойлау дәрежесі биік, Отаны сүйген, еңбекқор, қабілетті адам даярлауға бағыттау;
Міндеттері:
Дұрыс әдемі сөйлеуге, ізетті болуға тәрбиелеу;
Оқу-құрал, кітапты күтіп ұстауға, сабақтан кішікпеуге дағдыландыру;
Оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуге ықпал ететін тәрбие жұмысын құру;
Оқушының кез-келген жұмыс барысында өзін-өзі көрсете алуына, қоғамдық жұмыстарға араласуына ықпал ету;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтей алатын, әдептілік ережесін, тыйым сөздерді білетін, отбасы ұғымының мағынасын түсіндіре алатын оқушы дайындау;
Өз Отанын сүюге, құқықтары мен бостандықтарын сүюге тәрбиелеу:
Достарыңызбен бөлісу: |