ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Тарих,археология және этнология факультеті»
«Қазақстан тарихы кафедрасы»
СӨЖ
Тақырыбы:
Қазақстанның жазулары мен өлшем бірліктері
Палеография жазуды зерттейтін ғылым . Палеография атауы : «палайос» - ежелгі , «графо» - жазу деген екi сөзден тұрады . Палеография жазудың қалыптасуы мен дамуын, шрифтердің түрлері мен эволюциясын , қысқарту жүйесі мен кескiндiк бейнеленуiн , авторларын , жазылған уақыты мен жерiн , мате риалдары мен құралдарын зерттейтін қосалқы тарихи пән. «Палеография» терминін алғаш рет XVIII ғасырда француз ғалымы Б. Монфокон қолданған деп есептеледі . Енді Қазақ жазуының тарихына келер болсақ 1970 жылы Есік қаласы маңынан б.з.б V-ғасырға жататын сақ қорымынан алтын киіммен жерленген сақ жауынгері табылды, сонымен қатар көптеген маңызды заттар табылды. Солардың бірі жазулары бар күміс тостаған болды . Бұл жазу руна жазуына ұқсас 26 таңба ойылып жазылған . Сондықтан бұл жазуды кейінгі Орхон - Енесай жазуларының негізі болып табылады . Сақ жазуының түрі , ерекшеліктері туралы мәселелер толық анықталмағандығына қарамастан , оның тілі түрік тіліне негіз болғандығы айқындалды . Есікті жазуының негізінде мынадай қорытынды жасаймыз , біріншіден , б.з.б. V ғасырдың өзінде сақтарда жазу , әліпби болған , екіншіден , сактар тілі VI - VII ғасырлардағы түріктер тiлiнiң негізі болып табылады . Демек , түріктер сақ тiлдес болған және сонау б.з.б. V ғасырдың өзінде сақтардың жоғары өркениетті дамуды бастан кешіргендігін айкындайтын жазу жүйесі , әліпбиі болған . Одан кейін қазақ жерінде Көне түрік әліпбиі болған . Көне түрік әліпбиінде Орхон , Енесей және Селеңгі өзендері бойынан табылған жазулар тобы ерекше орын алады, қазірге кезде бұл жазуды халықаралық көлемде зертеліп жаьқаны белгілі. Көнетүркілік деп аталған бұл жазу руникалық атпен де белгілі. Көнетүрiк әлiпбиi деп аталған бұл жазулар руникалык жазулар деген атпен де белгілі . Бұл соңғы атау ол жазулардың скандинавиялық угор және герман халықтары өте ерте кездерде пайдаланған руна жазуына дыбыстық және кескіндік жағынан ұқсас болғандыктан пайда болған еді . VII - VIII ғасырларға тән орхон ойма жазулары Білге қаған , Күлтегін , Тоныкөк , Күлі - Чур , Мойун - Чур және т.б. ескерткіштері арқылы айқындалған . Хан әулетінің құлпытастары деп саналатын бұл ескерткіштер тарихи деректерге толы тамаша әдеби шығармалар ретінде ерекшеленеді . Оларды тапқан , жариялаған және мәні мен мазмұнын , ерекшеліктерін алғаш айқындаған Н.М. Ядринцев , В. Томсен , В.В. Радлов еді . Бүгінгі таңда олар кен көлемдегі зерттеу объектiсiне айналып отыр . Солардың бірі - Орхон өзені бойынан табылған VII ғасырдың сонына тән Могилян жазба ескерткіші. Ол Құтылық ( Қабаған ) қағанның баласы Могилянга арналып жазылған екен . Ескерткіш мәтiнiн Иолығ Тегін жазған деп есептеледі . Н.М.Ядринцев тапқан бұл жазуды В.В. Радлов алғаш оқыды . Могилян ескерткішінде Могилянның , Күлтегiннiң және Тоныкөктің жорықтары туралы баяндалған. Көне түрік жазба ескерткіштері Орхон және Енесаймен катар , Лена , Онгин , Селенга , сондай-ақ қазіргі қазақ жеріндегі Іле , Талас , Сыр және Ертіс бойларынан да табылып , зерттелу де . Дыбыстык жазудың ең ежелгі түріне жататын көне түркі жазуында дауысты , дауыссыз дыбыстардың әрпі болған , кейбір әріптер екі дауыссыз дыбысты белгілеген . Сонымен қатар көне түркі әріптері жуан және жіңішке дыбыстардын да ажыратқан . Көне түркі жазуындағы әріптер белгілі жүйе негiзiнде , демек , әліпбилік тұрғыда қолданылған . X- ғасырдан бастап қазақ жерінде Араб әліпбиі пайдаланыла бастады, өйткені аталған ғасырда Қарахан әулеті ислам дінін қабылдаған болатын. Араб жазуында 29 әріп болды және ол оңнан солға карай жазылды . Қазақ әдеби тілінің дамуымен байланысты дауысты дыбыстарды жазуды реттеу қажет болды . Сол себепті 1924 жылы дауысты дыбыстарды белгілеу үшін қайта құрастырылды . Оған 1926 жылы А. Байтұрсыновтын енгізген өзгерістері негізiнде «төте жазу» жүйесі қалыптасты . Жазудың бұл жүйесін Қытайдағы , Ауғанстандағы , Иран мен Пәкістандағы қазақтар пайдаланып келеді . Алайда 1924 жылдан бастап Қазақастанда латын әлібпиіне көшу ұсынылған болатын. Сонымен осы жылы алғаш болып дарынды дипломат Нәдір Төреқұлов латын жазуындағы әліпбиді жазып шығарды. Сол 1924 жылы Халел Досмұхамедұлы бір дәйекшеден құрылған жобасын «Ақ жол» газетінде жариялайды . Ал 1927 жылы Ә . Байділдаұлы «Жаңа әліпби туралы» атты кітабында Мәскеу қаласындағы «латыншылдар» ұйымы ұсынған 27 әріп , бір дәйекшеден құрылған жобасы туралы жазады . 1927 жылы «Тілші» газетінде Телжан Шонанұлының да латынша әліпбиі ұсынылды. Т. Шонанұлы әліпби жобасының бір неше түркі тілдес халықтардың әліпбилерімен салыстырыла жасалғанын айтады . 1928 жылы Баку каласында жоғарғы Орталық Комитеттін ( ВЦКНТА ) ұйымдастыруымен Кеңестер Одағындағы түркі тіл дес халықтардың әліпби жобаларын сараптауға арналған конференция етеді . Онда әр елден келген өкілдер өз елдеріндегі әліпби жобаларымен таныстырады . Оған Қазақстан атынан барған О. Жандосов , Ә . Байділдаұлы , Т. Шонанұлы , І. Қабылұлы , І. Жансүгірұлы , Ш. Тоқжігітұлы бірлесіп жасаған әліпбидің жобасымен таныстырады . Авторлар бірнеше әліпби жүйесін салыстыра келе , казак тілінің төл дыбыстарын бейнелейтін 29 таңбадан тұратын әліпбиді ұсынады . Осыдан соң 1929 жылдан бастап 1940 жылға дейін қазақ халқы латын әліпбиінде жазды. Енді 1938-1939 жылдары латын жазуынан кирил жазуына өте бастады. 1939 жылы 10 тамызда алғашқы әліпбиі жарияланды. 40 әріптен тұратын осындай жобалардан кейін 1940 жылы С. Аманжолов ұсынысы негiзiнде 42 әріптен құралған орыс графикасына негізделген қазақ жазуы қабылданады . Бұл жазу бойынша кирил әліпбиінің 33 әрпі мен Ә , Ғ , Қ , Ң , Ө , Ұ 1947 жылға дейін осы әріп орнына Ўу пайдаланылған , Y , h , I қазақ тіліне бейімделген 9 әріптіде қосты. Бірақ қазіргі кезде В , Ё , Ф , Х , Һ , Ц , Ч , Щ , Ъ , Ь , З осы әріптер қазақтың төл сөздерінде пайдаланылмайды. Сондықтан латын жазуына көшу мәселесі кеңінен көтерілуде.
Қазақстанның өлшем бірліктері
Өзге халықтар секілді қазақ халқыныңда өзіндік өмір-тіршілігіне, тұрмыс-салтына, шарушылық ерекшелігіне сай өлшем бірліктері қалыптасқан. Бұл өлшемдер сонау ғасырлардан қазіргі уақытқа дейін пайдалану арқасында жетіп отыр, ол өлшем-бірліктерді ауылдық жерлерде көп пайдаланады. Дәстүрлі қазақ өлшем бірліктерінің ұзындықты айқындап көрсету үшін көне түрлері саусақпен , қолмен және аяқпен өлшеу негізінде пайда болуы керек . Саусақпен өлшенетін ұзындық немесе қалыңдык өлшемдері бойынша бір елі саусақтың көлденең қалындығын , енін білдіреді . Ал сүйемге байланысты бірнеше өлшем атауы бар . Бір суйемнің өзі бас бармак пен сұқ саусақ аралығындағы өлшем болса , сынық сүйем - сұқ саусақтың буыны бүгiлiп барып белгіленетін өлшем . Ол бір сүйемнің ¾ бөлігі саналады . Ал қарыс сүйем - бас бармак пен ортаңғы саусақтың арасы. Қарыс бас бармак пен шынашақтың арасындағы ұзындық. Қазақта кере қарыс деп бас бармақ пен шынашақтың кере созылғандағы арасын айтады . Ал қолға байланысты өлшенетiн бiлем , шынтақ , қолтық , құлаш және тағы басқа да ұзындык өлшем бірліктері бар . Ол бойынша бiр бiлем саусактың ұшы мен қолдын бiрiншi буынының аралығы болып есептеледі . Ал шынтақ өлшемі болса - қолдың басы мен шынтақ аралығындағы ұзындық . Қолтық - қолдың басы мен қолтыктың аралығындағы көлем екені белгілі . Құлаш деп иық деңгейінде созылған екі қол ұшының арасындагы ұзындықты айтады . Енді аяқпен өлшенетiн өлшем-бiрлiктерге келер болсақ табан , адым , аттам кеңірек таралған . Бір табан деп аяқтың өкшесі мен башпайдың ұшының аралығы айтылады . Бір адым жүрген кезде екі аяқтың арасындағы , ал бiр аттам екі аяқты кере созғандағы қашықтыққа тең деп есептеледі . Қазақтардағы көлем өлшемдері олардың шаруашылығымен тікелей байланысты болғандығын көрсетеді . Мысалы , ине жасуындай , түйіршік , үйір , алақандай , жапырактай , ат төбеліндей және осы секілді өлшемдер . Бір уыс ұғымы қол саусақтарын бүккенде шұңырайған алақанға сиярлық мөлшердi бiлдiредi . Құшақ деп екi қолдың саусактарын дөңгеленте қосқандағы ішкі жағының иiнiн , ұлтарақтай деп , әдетте адам табанының көлеміндей жердi , тулактай деп мал терісінің көлемін айтатын едi . Yй орнындай киiз үйдiн дөңгеленген орнынын келемiн бiлдiредi . Көлдей-те көлемді, кең дегенге сай келеді . Қазақтың дәстүрлі өлшем бірліктерінде салмақ өлшемдері де үлкен орын алады. Олар титімдей , титтей , тырнақтай , оймақтай деген шағын салмақ өлшемдерінен басталады . Бір қадақ - 200 г кейбір әдебиетте 400 г құрайды , бір шелек су , сүт - 10 литрді құрайды , бiр торсық айран - 6-7 литрді құрайды , бір саба қымыз - 10-15 литрді құрайды, бiр қап ұн , кант - 50-60 келіні құрайды , бiр арқа жук - 45-50 келіні құрайды, бiр қанар -70-80 келі , бір пұт - шамамен 16 келіні құрайды . Қашыктық өлшемдерінің халық арасында кең таралғандығы байқалады . Олардың iшiнде жакын аралықтарды қол созым жер , қарға адым жер , қамшы салым жер , таяқ тастам жер , иек астындағы жер , әудем жер деп атаған . Зерттеушілер бiр шақырымды 1000 метрге тең деп есептейді . Ал дауыс жетер жер мөлшері - 2-3 шакырым , көз ұшындағы жер - 2,5-3 шақырым , кой ерісіндей жер - 5-6 шақырым , қозы көш жер - 6-7 шақырым , бiр кеш жер 10-15 шақырым , ат шаптырым жер - 20-35 шакырым , түстік жер 30-40 шақырым , күншілік жер -90-100 шақырым , apa қоным жер -200-250 шақырым аралықтай болатындығын да айтады . Бұлармен қатар ете алыс , қашық аралыкты ит өлген жер , ит аркасы қиянда , қиыр шет , жердін түбi деп атаған . Қазақтар халқында азық - түлікке қатысты дәстүрлі өлшем бірліктері де болды . Олар : бір елі мысалы: казы, бір жапырақ: ет немесе нан , бір жұтым: қымыз,су , бір ұрттам сүт қымыз,шай , бір уыс :бидай ,тары , бір үзім:нан , бір шөкім : тұз , бір шымшым: тұз , жұдырық басындай: ет , қазы , бір қайнатым: шай, турам: ет,нан міне осындай өлшем-бірліктері бар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Т.Ә. Төлебаев «Қосалқы тарихи пәндер» II-бөлім