Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі



бет3/4
Дата06.10.2019
өлшемі96,53 Kb.
#49300
1   2   3   4
Байланысты:
7 Оқу бағдарламасы Геометрия


      2) 8-сынып:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны

Оқыту мақсаттары

1-тоқсан

7-сыныптағы геометрия курсын қайталау

Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу

Көпбұрыш. Дөңес көпбұрыш

8.1.1.1 көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтері анықтамаларын білу;
8.1.1.2 көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындыларының және сыртқы бұрыштарының қосындыларының формулаларын қорытып шығару


Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері

8.1.1.3 параллелограмм анықтамасын білу;
8.1.1.4 параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану;
8.1.1.5 параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану;
8.1.1.6 тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын білу және олардың қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару


Фалес теоремасы. Пропорционал кесінділер

8.1.1.7 Фалес теоремасын білу және қолдану;
8.1.1.8 пропорционал кесінділер туралы теоремаларды білу және қолдану;
8.1.1.9 циркуль мен сызғыштың көмегімен кесіндіні бірдей n бөлікке бөлу;
8.1.1.10 пропорционал кесінділерді салу


Трапеция, оның түрлері мен қасиеттері. Трапеция мен үшбұрыштың орта сызықтары

8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу;
8.1.1.12 үшбұрыштың орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану;
8.1.1.13 трапецияның орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану


Үшбұрыштың тамаша нүктелері

8.1.3.1 үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медианалар, биссектрисалар, биіктіктер және орта перпендикулярлар қасиеттерін білу және қолдану

2-тоқсан

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының тригонометриялық функциялары. Пифагор теоремасы

8.1.3.2 бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы берілген анықтамаларын білу;
8.1.3.3 Пифагор теоремасын дәлелдеу және қолдану;
8.1.3.4 тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышының төбесінен гипотенузасына түсірілген биіктігінің қасиеттерін дәлелдеу және қолдану


Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер

8.1.3.21 Пифагор теоремасын пайдаланып, 
 




формуласын қорытып шығару және есептер шешуде қолдану;
8.1.3.22 негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қорытып шығару және қолдану; 
8.1.3.23










бұрыштарының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі арасындағы байланыстарды білу және қолдану
8.1.3.24




мәндерін олардың біреуінің 
8.1.3.5 бұрышты оның синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің белгілі мәні бойынша салу


Тікбұрышты үшбұрыштарды шешу

8.1.3.6 тікбұрышты үшбұрышты 300, 450, 600 -қа тең бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін табу үшін қолдану; 
8.1.3.7 тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін 30
0, 450, 600 - қа тең бұрыштардың синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін қолдану;
8.1.3.8 берілген екі элементі бойынша тікбұрышты үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғаларын табу


3-тоқсан

Аудан

Фигураның ауданы және оның қасиеттері

8.1.3.9 көпбұрыш ауданының анықтамасы мен қасиеттерін білу;
8.1.3.10 тең шамалас және тең құрамдас фигуралардың анықтамаларын білу


Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары

8.1.3.11 параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;
8.1.3.12 үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану; 
8.1.3.13 трапецияның ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану


4-тоқсан

Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі

Жазықтықтағы координаталар әдісі
 


8.1.3.14 жазықтықта координаталарымен берілген екі нүктенің арақашықтықтығын есептеу;
8.1.3.15 кесінді ортасының координаталарын табу;
8.1.3.16 кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүктенің координаталарын табу;
8.1.3.17 центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін




білу;
8.1.3.18 берілген теңдеуі бойынша шеңбер салу;
8.1.3.19 түзудің жалпы теңдеуін және берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазу:




Мәтін есептерді шығару

8.1.3.20 координаталармен берілген қарапайым есептерді шығару

8-сыныптағы геометрия курсын қайталау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет