В.А.Сухомлинский оны жүзеге
асырды.
Ұлы ұстаз
әл-Фараби: «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек.
Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық
өміріне апат әкеледі» – деп тәрбиенің мәніне ерекше тоқталды.
Қазақтың кемеңгер-ағартушысы
А.Құнанбаев талап, еңбек, терең ой,
қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын
қойып, өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты
зиянды әдеттерді жоюға шақырса, ал педагог
М.Жұмабаев: «Көркем денелі,
9
түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн,
әдемі түрден ләззат алып, жаны толқитындай болса, баланың дұрыс тәрбие
алып шын адам болғандығы» – деп ерекше атап өтті.