16
қатынастарды) игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдап, қуаттаушы
әрі ұйымдастырушы мақсат, бағдарлы әрі сапалы орындалатын педагогикалық
процесс.
Сондықтан да
тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы,
белсенді,
ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру. Екіншіден, жеке адам үшін оны өмір
сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Тәрбие процесі – бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын
тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы нәтижелер есебінен
құралады. Бұл түсінік бойынша тәрбие процесі өзіндік даму жүйесі
ретінде
қарастырылады және оның бірлігі болып дамушы тәрбиелеу жағдайында
есептеледі.
Тәрбие процесінің мәні – тәрбиеленушінің
ұжым және қоғаммен
қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың,
тәрбиелік
әсерлердің нәтижесін талдау,
жоспарлау жұмысын реттеу; тәрбие процесінің
жобасын құру және жүзеге асыру;
тәрбиелік ықпалдарды реттеу, оларға
түзетулер енгізу; нәтиже шығару, есепке алу және бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: