Сурет-5. Тәрбиенің түрлері
Экологиялық тәрбие
– тұлға бойында экологиялық білім, көзқарас, сенім
жүйесін қалыптастырып, сол арқылы оның табиғатқа, қоршаған ортаға
парасаттылық, жауапкершілік қарым-қатынасын жан-жақты қалыптастырып,
дамыту.
Құқықтық тәрбие
– өзінің туған елінің заңы мен құқықтық ережесін,
белгілі нормаларын сақтау, қорғау, сыйлау рухында тәрбиеленген, сана-сезімі
мол, белсенді, қоғамға, әлеуметтік ортаға жат әдет-құлыққа қарсы күресетін,
қоғамдық тәртіпті бұзушыларға ымырасыздықпен қарайтын жеке тұлғаны
тәрбиелеу.
Экономикалық тәрбие
– тұлғаны экономикалық білімдер негіздерімен
қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас,
бөлісу және тұтыну аумағындағы негізгі экономикалық қатынастарды
тәжірибеде меңгерту.
Дене тәрбиесі –
тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып дамыту
процесінің негізгі бір саласы. Себебі, дене тәрбиесі тұлға денесінің қалыпты
жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, Отанды
қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |