«Өмірдің мәні неде?» инновациялық ой- толғанысы тәрбиелік іс-шараның үлгі-жоспары ұсынылды.
1-жүргізуші: Даналықтың даңғыл жолы. Осы үш сөз бір-бірімен үйлесім
тауып, сәтімен тіркескен ой тізбегіне айналғанда, тілегі түзу адамды елең
еткізбей қоймайды:
бейтаныс жолдың бұралаң – бұрылыстарында тұйыққа тірелдірмей, тура
болып шығатын
тапқырлық;
ұзақ жолдың бейнетіне шалдықтырмай, бойдағы қуат-жігердің көзін аша
білетін
табандылық;
алда кездескен бел-белестердің биігіне қарай талмай ұмтылған таудай
талаптылық. Осы үшеуі бір адамның бойынан табылып, өмір мұратына қарай ілгері
бастап отырса, ақыр-аяғы даналыққа барып тіреледі.