Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің



бет3/3
Дата09.08.2017
өлшемі0,53 Mb.
#23232
1   2   3

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы «____»___________

№_____ бұйрығына 330-қосымша
«0112000-Исламтану»мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары

Пәндер циклы және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны (орта буын маманы)



Циклдің

(пәннің) индексі



Пәннің, практиканың атауы және негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білім, іскерліктер мен дағдылар

Қалыптасатын құзыреттер коды

ЖБП 00

Жалпы білім беретін пәндер

ЖГП 00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП 01

Кәсіби қазақ (орыс) тілі:

Лексика-грамматикалық материал (2300 лексикалық бірлік)

Синтаксис. Тіл дамыту. Терминология. Кәсіби-бағытталған мәтіндерді аудару техникасы (сөздікпен).

Іскерлік құжаттар.

Кәсіби құжаттар.

Кәсіби терминдер.

Кәсіби қарым – қатынас. Іс жүргізу.


Білімдер:

  • қазақ тілі, қажетті лексикалық және грамматикалық минимум (2300 лексикалық бірлік);

  • тілдік нормалар;

  • фонетикалық, сөзжасамдық жүйе, морфологиялық, синтаксистік құрылым;

  • іскерлік құжаттар;

  • кәсіби терминдер;

Іскерліктер:

  • іскерлік қарым-қатынас (іскерлік әңгіме, кеңес т.б.) дағдылары;

  • түрлі жанрда жазбаша мәтін құрастыру;

  • өзін-өзі бақылау, грамматикалық және сөйлеу қателіктерін түзету;

  • кәсіби бағыттағы іскерлік қағаздарын, мәтіндерді өңдеу, жетілдіру.

БҚ 1,4,6

ЖГП 02

Кәсіби шетел тілі:

Лексикалық-грамматикалық материал (2300 лексикалық бірліктер).

Мамандық бойынша кәсіптік тілдің негізі, кәсіптік лексика,

фразеологиялық құрылымдар және терминдер.

Кәсіптік қарым-қатынас.


Білімдер:

  • үйретілетін тіл;

  • мамандығы бойынша лексикалық сөз топтары, грамматикалық материал, сөйлем құрылымы, тақырыптық сөз топтары;

Іскерліктер:

  • іскерлік әңгімелесу;

  • диалог мазмұнын әңгіме түрінде жазбаша беру және керісінше әңгімені диалог түрінде беру;

  • берілу ретін сақтай отырып, іскерлік құжаттарды өңдеу;

  • Интернет жүйесін, факс жіберуді және электронды поштаны қолдану.

БҚ 1,4,6

ЖГП 03

Қазақстан тарихы:

Қазақстан тарихы


(XV – XXI ғ. басы).

ХҮ-ХҮІІ ғ.ғ. Қазақ хандығы. Қазақ хандығының құрылуы. Қазақстан Ресей империясының құрамында.

ХҮІІІ-ХХ ғ.ғ. қазақ халқының патшалық Ресейдің езгісіне қарсы ұлт-азаттық күресі. Қазақстан 1917 ж. Қазан төнкерісі және азаматтық қарсыластық кезеңінде. “Алаш” партиясының тарихы. Қазақстан тоталитарлық кезеңде (ХХ ғ. 20-50 ж. ж.). Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезеңінде (1941-1945 ж.ж.). Қазақстан авторитарлық кезеңде. Қазақстан қайта құру кезеңінде. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы.
“Қазақстан-2030”- стратегиялық бағдарламасы. Қазақстан және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті және оның ғылыми еңбектері. Қазақстан және Еуразиялық қауымдастықтық құру үрдісі. Қазақстан Республикасының жастар саясаты.


Білімдер:

  • қазақ мемлекеттілігінің тууы, дамуы қалыптасу ерекшеліктері;

  • Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы, отаршылдық саясаттың мәні;

  • Патшалық үкіметтің құлауы мен Қазақстанда Уақытша үкіметтің пайда болуы;

  • «Алаш» партиясының құрылуы және оның қайраткерлері туралы;

  • Азамат соғысы мен соғыс жылдарындағы экономикалық саясаттың халыққа тигізген ауыртпалығы;

  • Қазақстан халқының Ұлы Отан соғысының шайқастары мен тылында көрсеткен ерліктері;

  • авторитаризм кезеңіндегі әлеуметтік – экономикалық даму ерекшеліктері;

  • Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасу үрдісі;

  • ТМД елдерінің интеграцияландыру үрдісінің ерекшеліктері;

  • Қазақстандық Жастар Конгрессінің мақсат-міндеттері.

Іскерліктер:

  • XV – XXI ғ. басындағы саясатқа сипаттама және тарихи баға беру;

  • Қазақстанның Ресейге қосылу себептерін ашу;

  • Қайта құру кезіндегі экономика мен саясаттағы қарама-қайшылықтар мен проблемаларды сараптау;

  • Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу үрдісін сипаттау;

  • Евразиялық Қоғамдастықты, оның Қазақстандағы Евразиялық Қоғамдастықты қалыптастырудағы ролін ашу;

  • жастарға қазақстандық патриотизм рухында тәрбие берудегі Қазақстанның жастар ұйымдарының рөлін ашу.

БҚ 4,7

ЖГП 04

Дене тәрбиесі:

Теориялық мәліметтер.

Жеңіл атлетика. Гимнастика. Туризм. Жүзу. Спорттық ойындар. Қимылды ойындар.


Білімдер:

  • қауіпсіздік техникасы ережелері;

  • спорт түрлері бойынша ережелер;

  • гимнастикалық жаттығуларды орындау, жүгіру, граната лақтыру, спорттық ойындар, қозғалмалы ойындар, туристің жеке жабдықтарын пайдалану техникасы;

Іскерліктер:

  • дене жаттығуларын дұрыс орындау;

  • волейбол, баскетбол ойнау, снарядта гимнастикалық жаттығулар орындау, туристік жорықтарға қатысу, компасты пайдалану, азимут пен жорық жолбағытын анықтау.

БҚ 7

ӘЭП 00

Әлеуметтік-экономикалық пәндер

ӘЭП 01

Мәдениеттану:

мәдениеттану және оның қоғамдық өмірдегі рөлі;

мәдениетті зерттеудегі бағыттардың алуан түрлілігі;

мәдениет және өркениет; мәдениеттің орнауы; мәдениеттің конфуциан-даосистік түрі; мәдениеттің индо-буддалық түрі;

ислам мәдениті әлемі;

мәдениеттің христиандық түрі;

батыс еуропалық мәдениет және оның қазіргі әлемнің дамуына әсері;

африка мәденитінің ерекшелігі мен бірегейлігі; расизм проблемасы; көшпенді өркениеттің пайда болуы және бірегейлігі;

Орта ғасырдағы Қазақстан мәдениеті;

17-19 ғасырдағы қазақтардың мәдени салттары;

қазіргі Қазақстанның мәдениеті;


Білімдер:

- негізгі ұғымдар;

- конфуцианство; даосизм ұғымдары; Қытай өнері; иероглификасы; пейзаж суреттері;

- Индия мәдениетінің ерекшеліктері және оның негізгі жетістіктері;

- ислам; курайш ұғымдары; Мұхаммед; Құран; Аллаһ; Мекке;

- христиан оқуларының негізгі принциптері және оның құндылық бағыттары;

- Франция мәдениеті; Ашель мәдениеті; проманьондар, галлалар, франктар әдебиеті, философиясы;

- көшпенділердің өмір сүрулері мен құндылық жүйесі туралы;

- орта ғасыр кезеңінде қазақ этносының мәдени негізі туралы білімдерін қалыптастыру;

- түрік және араб мәдениетінің орта ғасырдағы Қазақстан мәдениетіне әсері туралы.



Іскерліктер:

- қытай мәдениетінің ерекшеліктерін ашу;

- мәдениеттану ұғымдарын еркін пайдалану;

-көшпенділердің материалдық және рухани мәдениет ерекшеліктерін көрсету, оның қоғамдық мәдениеттегі орнын көрсету.



БҚ 4,7

ӘЭП 02

Философия негіздері:

Философия пәні, оның қалыптасуы және даму тарихы.

Философия – теория мен методологияның бірлігі.

Әлеуметтік философия мәселелері.




Білімдер:

  • ғылыми-философиялық үрдістің қалыптасу;

  • материя ұғымы және оның негізгі формалары;

  • диалектиканың негізгі заңдары мен категориялары;

  • қоғамның экономикалық саяси, әлеуметтік сфералары;

Іскерліктер:

  • философияның басқа ғылымдар жүйесіндегі алатын орнын айыру;

  • философияның басты мәселесінің мәнін ашу;

  • философиялық ойдың даму тарихын сипаттау;

  • дүниенің болмысын және оның түрлерін сипаттау;

  • диалектиканы әрі жеке ғылым, әрі философияның таным үрдісінде қолданатын әдісі ретінде сипаттау;

  • философиядағы гносеологияның даму заңдылықтарын ашу;

  • қоғамның экономикалық базисі мен идеологиялық қондырмасын және олардың қарым-қатынасын сараптау;

  • ғылыми-техникалық революцияның адамзатқа әкелген табыстары мен зиянды жақтарын сараптау;

  • ғаламдық проблемаларды талдау.

БҚ 4,7

ӘЭП 03

Саясаттану және әлеуметтану негіздері:

Саяси ой тарихы және қазіргі саяси мектептер.

Қазақстандағы қоғамдық ой. Саясат түсінігі. Саяси билік. Саяси жүйе. Мемлекет. Саяси партиялар. Қоғамдық ұйымдар және қозғалыстар. Саяси процестер және саяси өзгерістер. Әлеуметтану пәні, оның қоғамдағы орны мен рөлі.


Білімдер:

  • саясаттанудың ғылымның дербес пәні ретінде пайда болуы мен дамуы;

  • саясат объектісі мен субъектісін және атқаратын қызметтері;

  • саяси жүйе ұғымы, құрылымы, қызметі;

  • саяси партиялардың қалыптасуы мен дамуы;

  • қоғам ұғымы, құрылымы, қызметі;

  • қоғамдық ойдың даму тарихы;

Іскерліктер:

  • ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі саяси ой тарихы кезеңдерін сипаттау;

  • Қазақстандағы саяси ахуалға өз көзқарасын білдіру;

  • саяси режимдердің (тотаритарлық, авторитарлық, демократиялық) мәнін ашу;

  • мемлекеттің пайда болуы, белгілері мен қызметтерін, себептерін ашу;

  • Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстары мен саяси партияларының қоғам өміріндегі атқарып жатқан іс - әрекеттерін бағалау;

  • саяси процестердің мәні мен құрылымын сипаттау;

  • социология ғылымының қалыптасу үрдісіне үлес қосқан ойшылдардың өмірі мен көзқарастарын сипаттау.

БҚ 7,8

ӘЭП 04

Экономика негіздері:

Экономикалық теорияға кіріспе. Микроэкономика. Макроэкономика. Дүниежүзілік экономика.

Өтпелі экономиканың теориялық негіздері.


Білімдер:

  • экономикалық теория пәні, қоғамдағы экономиканың рөлі;

  • экономикалық ойдың даму тарихы және қазіргі бағыттары, мектептері;

  • тауар және қызметке сұраныс және ұсыныс түсінігінің айырмашылығы және бағаның тепе-теңдігі;

  • дүниежүзілік экономика дамуының бағыттары;

  • өтпелі кезеңде макроэкономикалық тұрақтылықтың қажеттілігі;

Іскерліктер:

  • экономикаға ғылым ретінде толық анықтама беру;

  • экономикалық жүйенің типтері мен модельдерін талдау;

  • нарықтың мәнін, негізгі факторларын, қызметін және түрлерін түсіндіру;

  • биржаның қалыптасу себебін және қазіргі экономикадағы мәнін ашу;

  • экономикалық өсудің негізгі факторларын, деңгейлері мен түрлерін сипаттау;

  • қазіргі ғалам проблемаларының экономикалық аспектілерін түсіндіру;

  • нарықтың әлеуметтік- экономикалық теорияның мәнін талдау.

БҚ 4,7

ӘЭП 05

Құқық негіздері және еңбекті қорғау:

Құқық негіздері:

Мемлекет және құқық негiздерi. Конституциялық құқық негіздері. Азаматтық құқық, меншік құқығы, отбасы құқығы, әкімшілік құқық, қылмыс құқығы, еңбек құқығы негіздері. Экологиялық құқық негіздері. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсінік.



Еңбекті қорғау.

Еңбек туралы Заңның сақталуын мемлекеттік тексеру және қоғамдық бақылау. Білім беру мекемелеріндегі еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

Еңбек заңдарының негіздері.

Білім беру мекемелеріне арналған санитарлық-техникалық талап негізі. Зақымдану. Бала зақымдануының алдын-алу жұмыстары.

Электр қауіпсіздігінің негізгі талаптары.

Өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары.



Білімдер:

  • мемлекет пен құқықтың қалыптасуына әсер еткен қоғамдық тарихи жағдайлар;

  • ҚР Конституциясы, ҚР заңдары;

  • Қазақстандағы сайлау жүйесі, азаматтардың сайлауға қатысуы;

  • әкімшілік құқық бұзушылықтар мен әкімшілік жазалар;

  • еңбек келісімшарты, ұжымдық шарт, еңбекақы, еңбек тәртібі;

  • қоғамды демократияландыру, құқықтық мемлекет құру ісі;

  • еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастырудың түрлері мен формалары;

  • «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» Заңы;

  • жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы қарым‑қатынас;

  • еңбекті қорғау жағдайын бақылау түрлері;

  • қауіпсіз еңбекпен қамтамасыз ететін бөлім ретінде еңбекті қорғауды басқару нысаны;

  • бөлме температурасының бекітілген және рұқсат етілетін санитарлық нормалары;

Іскерліктер:

  • мемлекеттің негізгі заңын, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сезімін қалыптастыру;

  • азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын пайдалану;

  • құқық бұзушылық фактілерін талдау;

  • қылмыс заңына, қылмыс құрамына анықтама беру;

  • нормативтік-құқықтық актілерді қолдану;

  • құқықтық тәрбиелеу әдістерін таңдау мен дұрыс қолдану;

  • құқықтық құжаттар мазмұнын талдау.

  • санитарлық-гигиеналық, алды-алу, емдік, эргонометриялық шараларға салыстырмалық талдау жасау;

  • адамды электр тогынан қорғауға арналған құралдарды айыру;

  • төтенше жағдайда алғашқы көмек көрсету;

  • өндірістік қызметке байланысты сұрақтарды шешуде еңбекті қорғау бойынша білімдерін қолдану.

БҚ 4,6,7

ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП 01

Ахлақ:

Ахлақтың мағынасы. Ахлақтың жеке адамның өміріндегі, сондай-ақ қоғамдағы орны. Исламдағы қарым-қатынас әдептілігі. Тәрбие әдебі. Тіршілік құқығы. Исламның ұлттық әдет-ғұрыптар мен құндылықтарға деген көзқарасы. Ата-анамен қарым-қатынас. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) қасиеттері. Құран ахлағымен тәрбиеленген кәміл мұсылман.



Білімдер:

– исламдағы әдеп пен тәрбие негізін қалыптастыру;

– ұлттық салт-дәстүр, адами қарым-қатынастың маңыздылығын білу.

Іскерліктер:

– кәсіптік іс-әрекетте осы пәннен алған білімін қолдану;

– анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеу;

Дағдылар:

– техникалық құралдармен, анықтама әдебиетпен жұмыс.



БҚ 1,2,6

КҚ 3.1.4


КҚ 3.1.10


ЖКП 02

Көне түркі тілі:

Көне және ескі түркі жазба ескерткіштері. Түркі жазу ерекшеліктері, тарихы. Дауысты дыбыстар емлесі. Дауыссыз дыбыстар. Дауысты дыбыстар жүйесі. Дауыссыздардың тіркесі. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың түсіп қалуы. «Қыстырынды» дыбыстардың таңбалануы. Дыбыс алмасуы. Ескі қыпшақ тілінің буын жүйесі. Дауысты дыбыстардың өзара алмасуы. Буын үндестігі. Ерін үндестігі. Қыстырылма дыбыстар. Дауысты дыбыстардың түбір сөз құрамында жұмсалуы. Үндестік заңы. Дауыссыз дыбыстар. Метатеза. Қосарлы дауыссыздар. Буын және оның құрамы. Сөз тұлғалары. Біріккен сөздер. Қос сөздер. Күрделі сөздер. Сөз таптары. Зат есім. Жалпы есімдер. Көптік жалғауы. Тәуелдік жалғауы. Септік жалғаулары. Қосымшалар. Есім сөздерінен туынды зат есім тудыратын жұрнақтар. Етістік түбірге жалғанып есім тудыратын жұрнақтар. Көмекші есімдер. Сын есім. Сын есімнің шырайлары. Сан есім. Есімдік. Етістік. Есімдерден етістік жасайтын жұрнақтар. Көмекші етістіктер. Есімше. Көсемше. Рай категориясы. Шақ категориясы. Үстеу. Одағай. Көне түркі тілдерімен ортақ сөздер. Басқа тілдерден енген сөздер. Қыпшақ тілі лексикасының мағыналық топтары. Ескі қыпшақ тілі лексикасының стильдік топтары. Қуман қыпшақтары тіліндегі араб-парсы лексикасы.



Білімдер:

– көне түркі тілі туралы негізгі ұғымдар;

– көне түркі тілінің ерекшеліктері мен басты жетістіктері;

– көне түркі тілі туралы білімін қалыптастыру.



Іскерліктер:

– көне түркі тіліне қатысты тарихи әдебиеттерді, жәдігерлерді, сөздіктерді қолдану;

– кәсіптік іс-әрекетте осы алған білімін қолдану, түпнұсқа мәтінін оқи алу:

– түрлі ақпараттық техникалық құралдармен, анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеу;

– көне түркі тілінде жазылған кітаптарды оқып түсіну, еркін қолдана алу;

– ұлттық мұрамызда сақталып жатқан еңбектерді тауып аударма, түрлі ғылыми жобаларға қатысу және ғылыми ізденістер жасау мүмкіндігіне ие болу;

– ғибадат исләмия кітабында берілген тазалық, намаз, ораза, зекет, қажылық секілді шариғат мәселелерін ханафи мазһабы бойынша үйреніп шығу.


БҚ 1,8

КҚ 3.1.8


КҚ 3.1.10

КҚ 3.1.14




ЖКП 03

Практикалық араб тілі:

Практикалық араб тілі заңдылықтары. Жазбаша дұрыс сөйлем құру. Әдеби араб тілінде сөйлесу. Күнделікті ауыз-екі тілде еркін сөйлесу. Диалогтар құру. Оқудың төрт түрін меңгеру. Фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдар. (Мәдениетаралық коммуникация.)



Білімдер:

– тілдің лексикалық-грамматикалық құбылыстары және заңдылықтары, оқушылардың кәсіби, мәдениетаралық коммуникативтік әрекетіне арналған материалдар.



Іскерліктер:

– пікірталас, интервью, әнгіме жүргізе алуы үшін аргументациялық-полемикалық іскерлігін ары қарай қалыптастыра алу;

– оқып үйренетін тіл елінің дәстүрін, тарихын, мәдениетін, заң ережелерін және тіл өкілдерінің әлеуметтік мінез-құлық ережесін білу.


БҚ 1,4,9

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.6

КҚ 3.1.7


КҚ 3.1.14


ЖКП 04

Араб тілі:

Араб алфавиті. Араб тілінің дыбыстық жүйесі, ерекшелігі, дауысты және дауыссыз дыбыстар. Буын. Екпін. Харіптердің махражы. Түрлері басқа, махражы ұқсас әріптердің арасындағы айырмашылықтар. Жуан оқылатын әріптер. Кейде жуан кейде жіңішке оқылатын әріптер. Харакаттар. Фатха, дамма, кәсра. Сөз соңы өзгеретін және өзгермейтін сөздер. Тануин, сукун, ташдид. Тә-марбута. «Алиф-Ләм» артиклі, шамсия және қамария әріпері. Мәд әріптері, Алиф, уау, ияй. Мадда белгісі, алиф мамдуда және алиф максура. Хамза және оның жазылу ерекшеліктері. Уасыл хамза. Катьи хамза. Сөз тіркестері. Ассимиляция, дифтонг, лигатура. Буын, буынның түрлері. Тыныс белгілері. Сөз таптары. Септіктер, септеуліктер. Сөйлем түрлері. Лексикология, лексикография. Сөздіктер.



Білімдер:

– араб тілі фонетикасының ерекшеліктері;

– араб сөйлемінің құрылымдары, сөйлем мүшелерінің орын тәртібі;

– араб тіліндегі құрылымы мен түрлері әртүрлі сөйлемдер.



Іскерліктер:

– сөйлесім, оқылым, айтылым, жазылым барысында фонетикалық, грамматикалық заңдылықтарды пайдалана білу;

– анықтама әдебиетпен жұмыс істеу.


БҚ 1,2,4,5,9

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.2

КҚ 3.1.6


КҚ 3.1.7

КҚ 3.1.14



ЖКП 05

Сарф:

Сөз табы: Есім, етістік, харф. Етістіктің түрлері: Салт және сабақты етістік. Маьлум және мажһул етістік. Осы шақ, өткен шақ, келер шақ етістіктері. (син, сауфа). Бұйрық рай. Әмір және наһи түрлері. «Суласи-мужаррад» (негізгі үш әріптен тұратын түбір етістік) және «Суласи мазид» етістіктері: «Рубаьи» баптар, «Хумаси» баптар, «Судаси» баптар, «Рубаьи-мужаррад» (негізі төрт әріптен тұратын түбір) етістік. «Рубаьи мазид» етістіктер: «Хумаси» және «Судаси» баптар.Әлсіз әріптер. Ақсам. Масдар. Исмул-фаьил, исмуль-мафьул, сифату мушәббаһа. Исму тафдил, мубалағату исми фаьил, исму заман және макан. Исму әлат, исму тасғир, исму мансуб. Зат есімнің жекеше, екілік және көпше түрлері. Флекция заңдылықтары: Идғам. Ибдал және иьлал. Сиға, есім сөздер терминдерінің құрылымы, түбірлердің құрылымы, есім сөздердің және етістіктердің құрылымы. Сөзжасам.



Білімдер:

– морфологиялық формалар арқылы араб сөздерінің жасалу ерекшеліктерін білу.



Іскерліктер:

– араб тіліндегі сөз түбірін ажырата білу арқылы сөздіктерді пайдалану ережесін үйрену;

– тілдік іс-әрекет түрлерін меңгеру;

– анықтама әдебиетпен жұмыс істеу.



БҚ 1,4,9

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.2

КҚ 3.1.5


КҚ 3.1.7


ЖКП 06

Нахв:

Араб тіліндегі сөйлем құрылысы. Иғраб және бинә. Мұғраб етістіктер. Мәбни етістіктер. Мәбни есімдер. Есім. Есімдердің септелуі. Етістік. Етістіктердің септелуі. Фаил. Наиб фаил. Бастауыш пен баяндауыш. Кәнә және оның ұқсастары. Иннә және оның ұқсастары. Сөз тіркестері. Амилдер. Мезгіл пысықтауыш. Мекен пысықтауыш. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері. Арнайы қызмет атқаратын сөздер. Сөйлемдер арасындағы байланыс. Сан есім.



Білімдер:

– сөздің түрлері, құрылымы, талдануы, белгілі және белгісіз хал түрлері;

– есімді және етістікті сөйлемдердің құрылысын, жасалу жолдарын білу.

Іскерліктер:

– практикалық синтаксистік зерттеу жасауды қолдана отырып, жеке өзіндік ережені емес, синтаксистік ережені қолдана алу;

– тілдік іс-әрекет түрлерін және сөйлеу нысандарын ажырату.


БҚ 1,2,4,5,7

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.2

КҚ 3.1.7


КҚ 3.1.8

КҚ 3.1.14



ЖКП 07

Педагогика және психология:

Педагогиканың мақсаты мен мәселелері. Педагогиканың әдістемелік негіздері. Педагогикадағы зерттеу әдістері.

Педагогикалық үрдістің құрылымы мен кезеңдері. Тәрбиелеу теориясы. Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары. Қазақстандық ұлтжандылықты тәрбиелеу. Өнегелі, еңбек, экономикалық, экологиялық, эстетикалық, физикалық және құқықтық тәрбие. Дидактика, білім беру мен оқытудың теориясы ретінде, оның негізгі санаттары.

Оқыту үрдісі және оның түрлері. Оқытудың әдістері, құралдары және ұйымдастыру нысандары. Оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдылары тексеру және бағалау.

Психология пәні. Мақсаты мен мазмұны. Психология әдістері. Рух пен сананың дамуы. Психологияның негізгі бағыттары. Тұлға туралы ұғым. Іс-әрекет туралы ұғым. Іс-әрекеттің құрылымы. Іс-әрекеттің негізгі түрлері мен қасиеттері. Сезіну. Бейімделу туралы ұғым. Қабылдау. Жады туралы ұғым. Ойлау туралы ұғым. Ойлау мен сөйлеудің бірлігі. Елестету туралы ұғым. Эмоциялар мен сезімдер туралы ұғым.


Білімдер:

– педагогика және психология саласындағы білімді меңгеру;

– педагогика және психологиялық жаңа технологияларды үйрену;

– педагогика мен психологиядағы негізгі бағыттарды, құрылымдарды, ұғымдарды білу.



Іскерліктер:

– педагогикалық және психологиялық біліміне сүйене білу;

– кәсіптік қызметіне қажетті педагогикалық және психологиялық ақпаратты тауып, пайдалану;

– күнделікті өмірде және кәсіптік іс-әрекетте педагогика мен психологиядан алған білімдерін дұрыс қолдану.



Дағдылар:

– өзіндік талдау, логикалық ойлау;

– сөздіктер, анықтамаларды пайдалану.


БҚ 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
КҚ 3.1.1-3.1.14

ЖКП 08

Діндер тарихы:

-Алғашқы діндер

-буддизм тарихы

-христиан тарихы

-ислам тарихы.

Қоғам тарихындағы діннің генезисі мен эволюциясы; Мифологиялық сана; Діни сенімнің алғашқы құрылымдық түрлері (фетешизм, тотмизм, магия, анимализм, анимизм) және олардың адам мен қоғамның қалыптасуындағы ролі. Рулық діндер, рлық қауымдық қатынастардың ыдырау дәуіріндегі діни көріністің дамуы; ежелгі әлемнің полетеистік діндері; шығыстың ұлттық мемлекеттік діндері (конфуциандық, даосизм, синтоизм, брахманизм) монотеистік діндердің қалыптасуы (иудаизм, зороастризм); әлем діндерінің құрылуы мен эволюциясы, қазіргі заманның діні.



Білімдер:

– пәннің теориялық, практикалық мазмұны;

– діндер тарихынан мәліметтер;

– діндердің шығу себептері, құрылымы, дамуы, қалыптасуы;

– қазіргі заман діндерінің ерекшеліктері.

Іскерліктер:

– пәннен алған білімін кәсіптік іс-әрекетте қолдану;

– діндердің құрылымын, эволюциясын талдау;

– қазіргі заман дінінің ерекшеліктерін ашу.



Дағдылар:

– әлеуметтік зерттеулер;

– өзіндік талдау, логикалық ойлау.


БҚ 1,2,3,5

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.6

КҚ 3.1.9


КҚ 3.1.14

ЖКП 09

Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу

Іс жүргізу ұғымы, жүйесі және ұйымдастыру. Ұйымдастырушылық- өкімдік, нормативтік-құқықтық, анықтамалық құжаттар. Еңбек қатынастарын құжаттау. Істі безендіру, сақтау және мұрағатқа тапсыру. Қызметтік этикет.



Білімдер:

  • іс-қағаздарын жүргізу негіздері;

  • қызметтік құжаттар;

  • кәсіптік терминдер;

  • қызметтік этикет;

Іскерліктер:

  • іс-қағаздарын жүргізу;

  • істі безендіру, сақтау, мұрағатқа тапсыру;

  • кәсіптік бағыттағы мәтінді, іскерлік құжаттарды өңдеу және жетілдіру.




АП 00

Арнайы пәндер

АП 01

Құран:

Құрантануға кіріспе. Құран туралы мағлұмат, тарихы және кітап болып жинақталуы. Уаһи және оның түсіндірмесі. Аяттардың түсу себептері. Құран ілімінің пайда болуы және дамуы. Құрандағы теңеулер, тұрақты тіркестер. Құран аяттарының құпиялық сырлары. Сүрелердің алғашқы және соңынан түсуіне қарай Меккелік және Мединелік болуы. Сүрелердің тәртібі. Жеті диалекті. Құран көркемдігінің шешендікке қатысы. Құран Кәрім аяттары негізінде құқық мәдениетін және ахлақ тәрбиесін қалыптастыру.



Білімдер:

– аяттар негізіндегі құқық мәдениеті, ахлақ тәрбиесі;

– Құран мен құрантануды меңгеру;

Құранға байланысты терминдерді, мәліметтерді, аяттарды т.б. жетік білу;

– лауазымдық құрылымды, құжаттау технологиясын меңгеру.

Іскерліктер:

– маманның кәсіптік іс-әрекетінің нормативтік-құқықтық жақтарын білу;

– Құран туралы мағлұматтарды, алған білімін болашақ мамандығында сауатты түрде пайдалана алу.


БҚ 1,2,3,4,6,9

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.2

КҚ 3.1.4


КҚ 3.1.7

КҚ 3.1.8


КҚ 3.1.9

КҚ 3.1.14



АП 02

Тәжуид:

Тәжуид ілімін оқудың шариғи үкімі мен оның маңыздылығы. Құранды тәжуид ережелеріне сәйкес оқудың үкімі. Тәжуид сөзінің тілдік жіне терминдік мағынасы. Қирағат түрлері, ережелері, оның ерекшелігі. Тәжуид ілімін негізін салушылар.

Тәжуид ережелері:

Әл-истиғаза мен әл-басмаланың үкімдері және олардың оқылу формалары. Сүкінді нун мен тануинге қатысты ережелер: Изһар, Идғам, Ихфа, Иқлаб. Сүкінді мимге қатысты ережелер: Идғам мисләйн. Ихфә шәфәуи. Шаддалы нунмен шаддалы мимге қатысты үкімдер.

Ғұннаның анықтамасы. Идғам: әл-мутақарибәйн, әл-утажәнисәйн, әл-тутәбәғидәйн ережелері. Қалқала ережесі. Ләмға қатысты ережелер: Изһар, Идғам, Ләм әл-фиғл, Ләм әл-харф. Мәд – созылып оқылатын әріптерге қатысты ережелер: Мәд әт-табиғи. Мәд әл-муттасил. Мәд әл-мунфасил. Мәд әл-ләзим. Мәд әл-арыд. Мәд лин ләзим. Мәд лин арыд. «Ра» әрпінің бес жағдайда «тәфхим» (жуан) және төрт жағдайда «тарқиқ» (жіңішке) болып қалу ережелері.

Әріптердің «махраждары» (шығатын орындарына) қатысты ережелері. «Сәктәлардың» оқылу ережелері.



Білімдер:

– тәжуид ілімінің негізгі ережелерін меңгеру;

– Құранды тәжуид ережелеріне сай оқуды білу;

– тәжуид іліміне қатысты терминдерді, әдебиеттерді, үкімдерді, құжаттарды пайдалану.



Іскерліктер:

– пәннен алған біліміне сай тәжуид ілімін жақсы меңгеру;

– тәжуид ережелерін дұрыс, еркін пайдалан алу;

– республикадағы діни басқармалар мен орталықтардың нұсқауларын, ережелерін т.б. басшылыққа алу, пайдалану;

– анықтама әдебиетпен жұмыс істеу.

Дағдылар:

– оқу ақпаратын логикалық құрылымдау.



БҚ 1,2,4

КҚ 3.1.3


КҚ 3.1.5

АП 03

Ақида:

Ақида пәнінің мәні, мақсаты және міндеттері. Ақида ілімінің негіздері, тарихы. Аллаһқа иман. Періштелерге иман. Кітаптарға иман. Пайғамбарларға иман. Ақыретке иман. Тағдырға иман. Ислам сөзінің мәні және оның мағынасы. Тәухид ілімі. Аллаһ Тағаланың есімдері мен сипаттары. Исламның мән-мағынасы және оның иманмен байланысы.



Білімдер:

- пәннің мазмұны, мақсаты, міндеттері, ақида ілімінің негізі, тарихы;

- иманға қатысты ұғымдар;

- тәухид ілімі, ислам сөзінің мәні, иманмен байланысты.



Іскерліктер:

- пәннің негізгі ұғымдарын еркін пайдалану;

- діни құндылықтарды қадірлеу;

- пәннен алған біліміне еркін сүйене білу, сын айта алу, дәлелдеу, талдау жасай алу.



БҚ 1,2,5

КҚ 3.1.1


АП 04

Фиқһ:

Фиқһ сөзінің тілдік және терминдік мағыналары. Исламдағы фиқһ ілімінің маңыздылығы мен орны. Фиқһ саласында түрлі көзқарастар мен мәзһабтардың шығу себептері. Имам Ағзам. Имам Шафи. Имам Ханбали. Имам малики. Шариғи үкімдер алынатын Құран, сүннет, ижмағ, қияс, истихсан, маслахатүл мүрсәлә, ғұрып, истихсаб негіздері. Парыз, уәжіп, сүннет,мустахаб, мубах, харам, макруһ және муфсид сөздерінің діни терминдік мағынасы. Шариғи үкімдерді шығару жолдары

Тазалық, намаз, зекет, ораза, қажылық, неке, емізу, талақ,серт, сауда, шафъа, қисмат, сый, аренда, арият, аманат, ғасб, кепілдік, хауалә, өкілеттілік, серіктік, мудараба, егіншілік, жерді құнарландыру,уақф, караһият, ішімдіктер, мал бауыздау, құрбандық, ау аулау, жоғалған мал, тастанды бала, үкім шығару, куәлік, иқрар, дағуа, келісім, жаза, ұрлық, жиһад, қылмыс, құн, тыйым, өсиет, хунсә секілді шариғи мәселелерді ханафи мазһабы бойынша үйрену.


Білімдер:

- исламдағы фиқһ ілімі туралы білімін қалыптастыру;

- фиқһ ілімінің құндылық бағыттары;

- фиқһ негіздерін үйрену.

- намазға байланысты білім негізі, әлеуметтік, адамдық құндылықтар.

Іскерліктер:

- кәсіптік іс-әрекетте осы пәннен алған білімдерін қолдану;

- фиқһ ілімі қамтитын мәселелерді түсіну, білу;

- үйленуге т.б. байланысты рәсімдерді меңгеру.

- исламдағы фиқһ ілімі туралы білімін қалыптастыру;

- фиқһ ілімінің құндылық бағыттары;




БҚ 1,2,7

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.4

КҚ 3.1.14



АП 05

Ислам тарихы:

Құранда аттары келген 25 пайғамбардың тарихы. Адам, Нұх, Ибрахим, Жақып әулеті, Мұса, Иса т.б. пайғамбарлардың қиссасы.

Мұхаммедтің (с.а.у.) дүниеге келуі, жастық шағы. Мекке (610-622) және Мадинада (622-632) кезеңі.

Алғашқы төрт халифаның дәуірі. Омеядтар халифаты. Аббаситтер халифаты. Орта Азияда (Мәуренахр) ислам дінінің жайылуы. Ислам тарихындағы Мәуренахрдың орны. Қазіргі кезеңдегі ислам. Исламда модернизация қозғалысы. Жаңа тәпсірлер, фәтуалар, ислами партиялар, қарулы күрес, халықаралық терроризм, ислам және саясат, ислам дінін бетперде еткен экстремистік және террорристік ағымдар.

Сопылық ағымдары – Иассауия, Нақшбандия, Кубрауия және тағы басқалардың даму тарихы, мазмұны, бағыты. Егеменді Қазақстан тарихында ислам дінің орны.


Білімдер:

- Қазақстандағы ислам дінінің тарихы;

- ислам дінінің дүниеге келуі мен дамуындағы Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) жетекшілігі;

- қазіргі кездегі ислам дініндегі мәселелер, оларды талдау, ашу, нақтылау, қорытындылау.



Іскерліктер:

- пән мазмұнына сай қысқаша әңгіме құру;

- ислам дінінің пайда болуы мен дамуы, қалыптасуы себептерін талдау;

- кәсіптік іс-әрекетте осы пәннен алған білімін дұрыс қолдану.



БҚ 1,2,6,7

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.3

КҚ 3.1.5



АП 06

Мазһабтар тарихы:

Мазһаб сөзінің анықтамасы. Тарихы. Мазһабтардың шығу себептері. Саяси себептері. Географиялық себептері. Мазһабтардың Пайғамбар дәуірінен алшақтаумен болған шығу себептері. Мазһабтардың жер-жүзінде етек жаюуы. Мазһабсыз шариғи амалдармен өмір сүрудің мүмкін еместігі. Мазһабсыз шариғатпен өмір сүруге болат дегендердің қателесуі. Сенім бойынша мазһабқа бөліну. Құқықтық мазһабтарға бөлігу. Саяси мазһабтардың түрлері мен тарих сахынасына шығулары. Сенім мазһабындағы негізгі Әһли Суннат Уал Жамаға мазһабы имам әл-Матрудидің көзқарастары. Матруди ақидасының шығу тарихы. Методы. Құқықтық мазһабтардың шығу тарихы. Етек жайған өлкелері. Метод ерекшеліктері. Көрнекті ғалымдары. Саяси мазһабтардың шығу тарихы. Қазіргі кездегі Қазақстан аумағындағы мазһабтар. Қазақстан мұсылмандарының ұстанатын негізгі мазһабы. Сенімдегі мазһабы. Құқықтағы мазһабы. Дүние-жүзіндегі мұсылман халықтарының көпшілігінің ұстанатын мазһабы. Қазіргі таңда мазһабқа бөлінудің басты проблемалары.



Білімдер:

- мазһабтардың тарихы;

- мазһабтардың шығу себептері, дамуы, әлемге жайылуы, қалыптасуы;

- мазһабтың қазіргі кездегі басты мәселелері;

- Қазақстандағы негізгі мазһаб.

Іскерліктер:

- анықтама әдебиеттермен жұмыс істей алу;

- мазһабтың пайда болу, таралу себептерін ашу;

- кәсіптік іс-әрекетте осы пәннен алған білімін қолдану.



Дағдылар:

- оқу ақпаратын іздеу жұмысы;

- мәліметтер базасы ретінде ақпаратты жүйелеу.


БҚ 1,2,4

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.3

КҚ 3.1.5


АП 07

Тәпсір:

Тәпсір пәнінің мақсаты мен міндеттері. Атақты тәпсіршілер Насафи, Замахшари, Суюти, Ибн Касир, Табари және тағы басқалардың тәпсірлерінің түсіндірмесі. Құранда күнделікті намазда және жиындарда оқылатын қысқа сүре және аяттармен қоса, иман, ислам, ғибадат, неке, отбасы секілді адам өмірінде қажетті болған тақырыптағы аяттарды, сондай-ақ бейбітшілік, сабырлылық, төзімділік, ізгілік, адамгершілік, мейірімділікке үндейтін аяттардың түсіндірмелерін біліп бару.




Білімдер:

- Тәпсір пәні, мақсаты, міндеттері;

- Құран Кәрімдегі әлеуметтік, адамдық мәселелер

– атақты тәпсіршілер

түсіндірмесі;

- аяттар негізіндегі құқық мәдениеті, ахлақ тәрбиесі;

– қысқа сүрелер мен аяттардың түсіндірмелерін меңгеру;

– Құранға байланысты терминдерді, мәліметтерді, аяттарды білу;

– лауазымдық құрылымды, құжаттау технологиясын меңгеру.

Іскерліктер:

- Құрандағы мұсылмандыққа байланысты ілімді зерттеу;

- ғылыми-кәсіби тілді дамыту, ғылыми еңбектермен жұмыс істей алу.

Дағдылар:

- діни әдебиеттермен, құжаттармен жұмыс.



БҚ 1,2,7,8

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.3

КҚ 3.1.9



АП 08

Хадис:

«Хадис» сөзінің мағынасы. Хадистердің ислам дініндегі орны. Педагогикалық-тәрбиелік мәні. Ислам дініндегі хадистерді жинақталу кезеңі. Хадистанудың қалыптасуы және оның өзекті проблемалары. Хадистің түрлері. Атақты хадисшілер имам аль-Бұхари, Муслим, Әбу Дәуіт, имам ат-Термизи, Насаи, Ибн Мәжа, және тағы басқалардың шығармалары жайлы. Хадистердің тарихы, жалпы мағыналары және фиқһтық мәселелер. Хадистерде сахабалардың риуаяттары және олардың Исламда алатын орны. Хадистердің арабша мәтінін терең үйрену, мағынасын түсініп оқу. Иман, ілім іздеу, өнер үйрену, ата-ананы құрмет ету, бала тәрбиесі, спорт, шүкір, тәубе, ислам, тәрбие, тазалық, адалдық, имандылық, садақа, жақсылық жасау, бауырластық, күнадан арылу, үйлену, байлық, сауда-саттық т.б. тақырыптарға қатысты хадистерді жаттау, оның мағыналарын түсініп оқу.



Білімдер:

- пәннің теориясы мен практикасының мазмұны;

- исламдағы хадис және сүннет ұғымы;

- хадистердің жазылуы, таралуы, жүйеленуі;

- хадистердің түрлері, тарихы, олардың тарихи қалыптасуы;

- атақты хадисшылар.



Іскерліктер:

- хадистердің түрлері мен ұғымдарын, тарихын, қалыптасуына байланысты білімдерін қолдану;

- оқу ақпаратын іздеу әдісін білу.

Дағдылар:

- ақпараттық, діни, арнайы құжаттармен жұмыс.



БҚ 1,2,6,7

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.2

КҚ 3.1.9


АП 09

Қазақ ойшылдары:

Шәкәрім Құдайбердіұлы, Абай /Ибраһим/ Құнанбайұлы. Ақтамберді Сарыұлы. Ахмед Иүгінеки. Махмұд Қашқари. Қаблиса (Қабан) жырау. Шалкиіз жырау. Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы). Ыбырай /Ибраһим/ Алтынсарин.



Білімдер:

- қазақ ойшылдары туралы білімдерін қалыптастыру;

- қазақ ойшылдарының қазақ халқының рухани дамуындағы алар орнын ашып көрсету.

Іскерліктер:

- сөздіктер, нұсқаулықтар, әдебиеттермен жұмыс;

- қазақ ойшылдары туралы тарихи құжаттармен, зерттеулермен жұмыс;

- қазақ ойшылдарының өмірі мен қызметі туралы баяндама, реферат т.б. дайындау жұмысы.



Дағдылар:

- түрлі жаңа технологияларды қолдану;

- әдеби, мәдени, саяси, т.б. әдебиеттермен жұмыс.


БҚ 1,2,5,8

КҚ 3.1.1


КҚ 3.1.2

КҚ 3.1.7


КҚ 3.1.10

КҚ 00

Кәсіптік практика

КҚ 01

Оқу практикасы:

Практика оқытудың практикалық дағдылары мен әдістемесін қалыптастыру мақсатында өткізіледі. Сондай-ақ ЖЭЕМ-де, сонымен қатар компьютерлік қолданбалы бағдарламалармен жұмыс істеуге дағдыландыру қарастырылады.

Практика кәсіби оқу орнының кафедралары мен лабораторияларында, сондай-ақ қажетті маман-кадрлармен және ғылыми-техникалық әлеуеттермен қамтамасыз етілген өзге де ұжымдарда ұйымдастырылуы мүмкін.

Практика отандық және шетелдік ғылымдағы жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктермен, ғылыми зерттеудің қазіргі әдістерімен, оларды зерттеп сұрыптау жолдарымен таныстыру мақсатында атқарылады.

Білім алушылар жаңа технологияларды меңгеріп, оларды пәндер бойынша материалдарды практика жүзінде қолданғанында пайдалануға дағдылануы керек. Жалпы мамандық бойынша еңбектің озық әдіс-тәсілдерін қолдануға үйрету.

Араб тілін жақсы меңгеріп, құран оқу тәжірибесінің нәтижелерін пайдалана отырып алынған теориялық білімдерді практика жүзінде ой елегінен өткізуге және қорытындылауға жаттығады.

Оқуын жоғары оқу орнында жалғастыруы үшін арнайы пәндер бойынша кешенді білімдерді меңгеруді көздейді. Діни мәдениетті, халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын салыстыруды, өзіндік сөздік қорын білімнің әртүрлі салаларын зерделеу арқылы толықтыруды үйренеді.

Ресми және бейресми жағдайларда өзін-өзі ұстауды; тәртіп және тіл мәдениетін меңгереді.

Дәстүрден тыс дәрістер және ақпараттық технологиялар туралы білімі мен білігін жетілдіреді. Тәрбие жұмысының тиімді түрлері туралы білімін тереңдете түседі.


Іскерліктер:

- білім беру құралдарын тиімді пайдалану; практикалық жұмыстарды жасау үшін техникалық құралдарды пайдалану;

- ақпараттық материалдарды іздеп тауып, дұрыс қолдануға жаттығу;

- курстық жұмыстарды, рефераттарды, баяндамаларды жаза алу.



КҚ 3.1.8

КҚ 3.1.4


КҚ 3.1.10

КҚ 02

Диплом алды практикасы:

Ислам канондары мен Құранның мазмұнын біліп, Құран оқу іскерлігін меңгеріп, басқа діндер туралы түсінігін молайтады. Кәсіптік білімі бар мамандарға жүктелетін жұмыстар шеңберінде жеке топты басқару дағдыларын дамыту;

- болашақ кәсібіне қажет ақпараттық құралдарды қолдануға дағдыландыру;

- болашақ қызметінің тікелей жұмыс процесін оқыту; кәсіпорындардың, кәсіби ұйымдардың жалпы құрылымымен таныстыру; таңдап алынған мамандық бойынша ұйымдастырушылық жұмыс дағдыларын игеру; дипломдық жобалау үшін материалдарды жинау; практика кезіндегі өзінің қорытындыларын пайдалануға жаттығады.



Іскерліктер:

- өндірістік бөлімшенің жұмысын талдау;

- кәсіби мамандыққа қажетті құжаттаманы оқып, дипломдық жобаның тақырыбын таңдап алу және дипломдық жобалау үшін бастапқы материалдарды алу;

- білім алушы лауазымында кәсібі бойынша қызмет көрсету



Дағдылар:

- техникалық құралдармен және құжаттамамен жұмыс істеу;

- жеке топты басқару

- жұмыс орнында нұсқаулық өткізу.




КҚ 3.1.3

КҚ 3.1.4


КҚ 3.1.11

КҚ 3.1.12

КҚ 3.1.13

КҚ3.1.14


КҚ 03

Оқу-өндірістік практика:

Оқу-өндірістік практиканың мақсаты – шәкірттердің жалпы кәсіби және арнайы пәндерді оқып-үйрену барысында алған теориялық және практикалық білімдерін бекіту.

Практиканың өтетін орны: мамандыққа сай кәсіпорындар, оқу-өндірістік бөлімшелер және оқу орнының зертханалары.

Білім алушылардың өндірістік практикасы оқу барысында алған теориялық білімін практикада қолдануға, практикалық дағды мен біліктілікті, сонымен қатар, алдыңғы қатарлы тәжірибелерді игеруге бағытталған.

Практика оқу жоспарында көрсетілгендей жеке іс жоспарындағы мерзімге сай іске асады. Осы мерзім ішінде болашақ мамандығына керекті техникалық құралдарды, түрлі әдебиет көздерін т.б. дұрыс қолдануға дағдыландыру көзделеді. Болашақта ұстаздық етуге байланысты жүктелетін жұмыстар шеңберінде тікелей дәріс беру, уағыз айту, жұмыс орнын тәртіппен дұрыс ұстау, ұйымдастырушылық жұмыс дағдыларын игеру қарастырылады.

Практиканы ұйымдастыруға арналған пәндердің теориялық негіздерінен жиналған материалдарды жүйеге келтіріп, өздік жұмыс дағдыларын, бақылау және өзін-өзі бақылау дағдыларын молайтады.

Пәндер бойынша зерттеу жұмыстарының әдістемесі туралы түсінігін тереңдетеді.

Оқу-өндірістік практикасының нәтижелерін кәсіби жұмыс барысында пайдалануды үйренеді.

Пәндердің теориялық негіздерін білім алушы оқу-өндірістік практика саласында тереңдете түседі.

Имам және ислам негізінің мұғалімі жұмысының дағдыларын меңгереді.



Іскерліктер:

- бақылау, таңдау, баяндау, пікірлесу т.б. білу; кәсіби жұмыстарды жүргізу үшін техникалық құралдарды пайдалану;

- жоспарлар, бағдарламалар жасау;

- біліктілікке сәйкес жабдықтарды дұрыс қолдану;

- қажет болған жағдайда өзгелерге кәсіби мамандық бойынша көмек көрсету;

- болашақ кәсібі орнында қауіпсіздік шараларын сақтауға, оған қажетті құралдарды пайдалануды үйрену.



Дағдылар:

- техникалық құралдармен жұмыс істеу;

- практикада теориялық білімдерін пайдалану;

- ұжымда жұмыс істеу.




КҚ 3.1.1

КҚ 3.1.3


КҚ 3.1.5

КҚ 3.1.6


КҚ 3.1.7

КҚ 3.1.14



Ескерту:1-кесте. Базалық құзыреттер

Құзырет

тер коды

Базалық құзыреттер

БҚ 1

өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңызын түсіну, оған тұрақты қызығушылық таныту;

БҚ 2

кәсіптік жағдайға жүйелі әрекет ету қабілеті болу керек, өзінің іс-әрекетін талдап, жобалауға, белгісіз жағдайларда өз бетімен әрекет етуге қабілетті болу керек;

БҚ 3

орындалатын жұмысқа жауапкершілік танытуға, кәсіптік іс-әрекет саласында проблемаларды тиімді шешуге дайын болу;

БҚ 4

әртүрлі ұйымдастырушы-құқықтық нысандағы мекемелерде кәсіптік міндеттерді шешу бойынша практикалық іс-әрекетке қабілетті болу; кәсіптік лексиканы меңгеру;

БҚ 5

өз еңбегін ғылыми ұйымдастыруға қабілетті болу, кәсіптік іс-әрекет саласында компьютерлік техниканы қолдануға дайын болу;

БҚ 6

әріптестермен өзара жылы қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа дайын болу;

БҚ 7

үнемі кәсіптік жағынан өсуге, жаңа білім алуға дайын болу, творчестволық өзін-өзі жетілдіруге талпыну;

БҚ 8

Кәсіпкерлік қызмет негіздерін және кәсіптік салада кәсіпкерлік ерекшеліктерін білу;

БҚ 9

Ақпаратты өз бетінше іздеу және табу негізіне тәжірибелік міндеттерді шешу;

2-кесте. Кәсіптік құзыреттер

ТжКБ деңгейі

Біліктілік

Кәсіптік құзыреттер (КҚ)

3. Орта буын маманы

0112013 –Имам хатиб, 0112023–Ислам негізінің мұғалімі

КҚ 3.1.1Өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік, саяси, мәдени т.б. маңызын түсіну;

КҚ 3.1.2 Қазақстан Республикасының заңдары мен кәсіби нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау;

КҚ 3.1.3 Исламтанушының кәсіби міндеттерін дер кезінде саналы әрі сапалы орындау;

КҚ 3.1.4 Кәсібіне сай міндеттерді орындауға қажетті сана, ақыл-ой, саяси, мәдени, отан сүйгіштік деңгейінің жоғары болуы;

КҚ 3.1.5 Кәсіптік міндеттерін орындауға керек іс-әрекет жоспарларын және қажетті жұмысты ұйымдастыра алу;

КҚ 3.1.6 Өзінің жеке бас қабілеттерін жетілдіру мен өз іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра, жоспарлай алу дағдылары, түрлі проблемалық жағдайларды шеше алу икемділіктері болуы;

КҚ 3.1.7 Коммуникативтік: қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болуы, көпмәдениетті, көпэтникалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болуы;

КҚ 3.1.8 Технологиялық: педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, кәсіби шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білуі;

КҚ 3.1.9 Бақылаушылық: менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық мониторингті іске асыру, педагогикалық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеру, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға, әділдікке, ақиқатқа ұмтылуы;

КҚ 3.1.10 Танымдық-практикалық: діни, философиялық және лингвистикалық дүние танымды қалыптастыру, тіл дамыту, шығармашылық қабілетті жетілдіру, сөз мәдениетінің мәнін ұғыну, пікірталас мәдениетін жетілдіру, ғылыми ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру, танымдық қызығушылықты арттыру, логикалық ойлауды қалыптастыру, әдеби тіл нормаларын меңгеру, тілдік және діни сауаттылықты арттыру, тілдік-эстетикалық талғамдарды қалыптастыру;

КҚ 3.1.11 Мамандық бойынша атқарылатын жұмыстардың сапасын бақылау;

КҚ 3.1.12 Мамандық бойынша қызметінің негізгі көрсеткіштеріне есеп бере алу;

КҚ 3.1.13 Өзінің қызметінің тиімділігін бағалау;

КҚ 3.1.14 Мамандыққа қажетті түрлі ақпараттық техникалық жабдықтарды, құралдарды пайдалану.






Каталог: images -> ebiblateka -> 1kaz
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды мен бейіні
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды және бейіні
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары техникалық және кәсіптік білім Білім коды және бейіні
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары
1kaz -> Үлгілік оқу жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет