Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012



бет42/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

«Шеңбер қуаты» медитация
«Шеңбер қуаты» - бұл студенттер өздерін күшті сезінгілері келгенде кез-келген кезде қолдана алатын визуализацияның қарапайым формасы, қойылған мақсат сәтті орындалуы үшін жинақталып және саналарын шоғырландыру керек.
Нұсқау: ыңғайланып отырып, көзіңізді жұмыңыз. Үш рет терең тыныс алыңыз. Өзіңді сахнада тұрмын деп ойлаңыз. Төбеңнен прожектор жұмсақ әрі жылы жарығын төгіп тұр. Сен алтын жарықтың құшағында басыңнан аяғына дейін шомылып тұрсың. Осы жылы алтын жарықты өзіңе дем алу арқылы жұта аласың, сол кезде осы жарықтың күші мен жылуы денеңнің барлық бөлігіне, қолыңның саусағының ұшынан, аяғыңның саусағының ұшына дейін енеді. Сен өзіңді қуатты және бақытты, ең бақылампаз және сабырлы сезінетін жерде өз күштеріңнің шеңберінде тұрсың. Сен өзіңнің қуат шеңберінде өзіңде жаңа күштердің құйылғанын және өзіңіздегі сенімділікті сезінгіңіз келген кезде елестете аласыз. Сені қоршап тұрған алтын жарық картинасын көре аласың және бұл жарық сені жаңа күштермен толтырып, қыздырады. Енді ақырындап көзіңізді ашыңыз.
Қорытынды. Сабақтың қорытындысы.
Оқытушы. Мақсаты және айналысатын ісі бар адам рухани бай тұлға болып табылады. Егер сіз ұмтылатын мақсат, армандарыңыз болса шынымен де үлкен күшке ие боласыз. Алдыңыздағы тұрған мақсатты ұғына отрып, әрбір бос уақытыңызды соған арнайсыз. Осылайша рухани тірек қалыптасады. Егер өмірімізде арманымыз және оған жету жолы болса, онда біз күш -жігерге және тұлғалық тұрақтылыққа ие боламыз. Студенттік даму кезеңінде сіздерде рухани-адамгершілік мүмкіндіктер бар, соларға сеніп, өзіңнің мақсаттарыңа қарай жүру керек.
Қоштасу рәсімі. Қарсы тұрған адамға жақындап бүгінгі күнге жақсы және жылы үш тілек айтыңыз.


2 - сабақ.
Тақырыбы: «Тұлғаның ішкі әлемі»


Сабақтың мақсаты: топтық тұтастылық деңгейін көтеру және эмоционалды шиеленісті төмендету. Студенттерде ішкі жан қуатының, тұлғалық ерекшелігін сезінуге үйрету. Топтық жұмыс арқылы рухани үйлесімділік дағдысын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет