Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012



бет45/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

Әлеуметтік «Мен». Біз барлығымыз басқа адамдардың өмірлеріне қосылған кезде пайда болады, қоғам және осы қоғамға қатысты бірнеше міндеттерді мойындаймыз. Басқаша айтқанда, біз әлеуметтік рөлді ойнаймыз. Ойнаймыз-демек, сондай болып көрінгіміз келмейді ғой. Ойын шеңберінде, яғни ойын уақытысындағы біздің мінез-құлықымызды спонтанды және айтып жеткізуге болмайды, ол ол белгілі бір ережелерге бағына бастайды. Адам, оқушы, ұл (қыз), дос, спортшы, үлгеруші, жас жігіт (жас қыз) – бұлар тек жеткіншектік жаста орындалатын қысқаша рөлдердің тізімі. Біз көп уақытты басқа адамдармен рөлдік деңгейде қарым-қатынасқа түсеміз. Біздің көптеген рөліміз біздің Меніміздің маңызды бөлгі болып қалады. Өзімізді Қандай да әлеуметттік рөлдер арқылы біз нақты, шынайы бейнемізді сипаттаймыз. Басқаша қалай?
Физикалық «Мен».


Анық қара: жан – өзің, дене – киім,
Мақтан, бояу – денеге берген сыйың.
Жанға мұндай алдауың азық емес,
Оған пайда не қылдың жалғыз тиын?


Шәкәрім.


Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,
Мұрын, иіс, тіл дәмнен хабар бермек.
Біреуінен мидағы ой хабар алып,
Жақсы, жаман әр істі сол тексермек.


Шәкәрім.

«Сыртқы келбетің – ішкі ақиқатың» дейді ғой, адамның адамдығын .


Дұрыс қалыпта қалыптастыру одан әріден, рухан деңгей: жүрегіндегі Жаратушының қуаты, бөлігі – ғазиз жанынан басталады. Мұны түсінбеген жағдайда адамшылықтың құлдырауының тек қана салдары ғана көрініп, ал оның түпкі мәні, негізгі себебі сол салдардың астында қалып көрінбей қалады. Түпкі себебін түзетсе, оның түрлі салдары өздерінен өздері жоғалатыны белгілі. Бірақ бұл үшін рухани білім керек. Адамның түпкі болмысы - өзінің ғазиз жанын тани білу!
Адам егер өзін тәнімен ғана балап, тек нәпсісінің ықпалымен өмір сүретін болса, онда ол надандық ықпалынан шыға алмай, жан ауруына ұшырайтын болады. Жан ауруына: дөрекілік, ашу, көрсеқызарлық, қызғаншақтық, мансапқорлық, сараңдық, өзімшілдік, көре алмаушылық, өсек, немқұрайлылық, күйзеліс, қорқыныш, сенімсіздік, уәдеде тұрмау, алдау тәрізді келеңсіз қасиеттер жатады. Ал ондай аурулардан аман, жаны таза адамның: сыпайылық, шыдамдылық, тазалық, мейірімділік, шыншылдық, жомарттық тәрізді рухани қасиеттері болады. Олар өмірде аз қателіктер жіберіп, табиғатпен үйлесімді өмір сүре алады. Оларға жоғарыда айтылған қиыншылықтардың әсері көп болмайды. Осылай жан саулығы адамның денсаулығының негізі екенін көреміз. Адамның тәні, психикасы және жаны сау болғанда ғана ол толық сау адам бола алады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін әуелі ғазиз жан – адамның жүрегінде орналасқан Жаратушының кішкентай ғана бөлшегін, қуатын:адам болмысын танып, оның бүкіл Әлеммен, Ақиқатпен, Ғарышпен, Табиғатпен, Жаратушымен тікелей байланысын, әлемдегі адамның алатын орнын, тіпті адам өмірінің негізгі мақсатын анықтап алу керек. Өмірдің осындай түпкі сырларын өзіміздің хакім – Абай атамыз, әулие – Шәкәрім атамыз сияқты халқымыздың ұлы тұлғалары ашып беріп, айтып кеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет