Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 3 кредит (135 сағат) алматы, 2012


Студенттерге талқалауға берілетін сұрақтар



бет48/131
Дата02.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#160864
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   131
Байланысты:
УМКД. Өзін өзі тану.Теория және практика

Студенттерге талқалауға берілетін сұрақтар:

  • «Продюсер» дұрыс таңдау жасай алды ма?

  • Режиссер бөліп берген рөлдерге қатысушылардың барлығы келіседі ме?

  • Әрқайсысының күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін продюсер мен режиссердің алдын ала әгімелесу ұйымдастыруы қалай болды?

«Қалтқы» жаттығу (релаксация)
Нұсқау. Көзіңізді жұмыңыз. Қарқынды теңiз, теңiз дауылы, өз жолындағының барлығын жуып - шайып келе жатқан толқынды теңіздің дауылын елестетiңiз. Аяқ асытанан сіздің назарыңызға біресе суға батып, біресе судың бетіне қалқып шығып келе жатқан қалтқы ілінді. Осы қалтқы сіз өзіңіз, ал дауылды теңіз менің өмірім деп елестетіңіз. Сізді тауқыметтің толқындары ары –бері домалатады, бірақ сіз батпайсыз. Сіздің сенімділігіңіз және сіздің сәттілігіңіз қалтқыңызды толтырып жоғарыға көтереді. Ақырында, сізді жеңе алмаған теңіз сабасына түседі, бұлттар арасынан күн көрінеді, және сіз-қалтқы- сәттіліктің күн нұрына толады. Сіз өзіңізідің өміріңізде кезекті теңіз дауылын бастан кешірдіңіз және одан жеңімпаз болып шықтыңыз. Өміріңіздің келесі дауылдарын да елестетіңіз, олардан да жеңімпаз болып, батпайтын қалтқы болып шығасыз.

«Қаһарманмен (кумирмен таңғы ас)» жаттығуы


Нұсқау: Келесі жағдайды елестетіңіз: әрқайсысымыз таңғы асымызды кумирмен, қаһарманмен бірге ішу мүмкіндігіміз бар. Бұл қазіргі кездегі атақты немес көне тарихи фигура немесе сіздің өміріңізге ерекше әсер еткен ерекше адам болуы мүмкін. Әркім кіммен, неге кездескісі келетінін өзі шешеді. Өз қаһарманыңыздың есімін қағазға жазыңыз. Енді жұпқа бөлініп, жұппен ақылдаса отырып бір қаһарманды таңдауларыңыз қажет. Пікірталасқа 2 минут. Енді жұптар төрттікке қосылады және 2 миунт ішінде қандай қаһарманмен кездесетіндерін шешу керек. Топтың барлығы бірігеді, енді таңғы асты кіммен ішетіндеріңізді шешіңіздер.
Студенттерге талқалауға берілген сұрақтар:

  • Неліктен дәл осы қаһарман таңдалынды?

  • Басқаларға жол берген оңайға соқты ма не үшін жол бердіңіз?

Оқытушы. Адамзаттық қоғамда белгілі бір іске шоғырлану үшін ұғынылатын құбылыстардың шеңберін қажет кезде шегере алуы өте жоғары бағаланады. Бұл іс-әрекетке берілу, шоғырлану деп аталады. Ең бастысы, бағалысы: ішкі және сыртқы әлеміңізде болып жатқан түрлі жағдайларды түсіне білу, түрлі көптеген түрлі бейнелерді өзіңнің бойыңа сіңіре білу, парасттылықпен өмір сүруге ұмтылуға қабілетті болу керек.. Мұндай қабілеттіліктің болмауы адамды көптеген қателіктерге ұрындырады, азап шектіреді, басына қайғы – қасірет алып келеді. Әрбір адам өзінің өмірінің иесі, сондықтан тек жақсы ойлармен, ізгі ниеттермен, ақ көңілмен өмір сүру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет