Байланысты: Силлабус Азаматтық құқық негіздері 22-23
3. Пәннің қысқаша мазмұны. Курстың мақсаты:
- студенттерді азаматтық-құқықтық реттеу пәнін құрайтын, мазмұны бойынша әртүрлі қатынастарды құқықтық реттеу ерекшеліктерімен таныстыру;
- студенттерді заңгер мамандығын алуға қажетті шаруашылық және азаматтық құқықтық дауларды қарау кезінде азаматтық құқықтық қалыптарды талқылап және қолдана білуге үйрету.
Курс міндеттері: "Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының" негізгі міндеті студенттерге құқықтың негізгі базалық саласы ретіндегі азаматтық құқық туралы, азаматтық- құқықтық қатынасты реттеу тәртібі туралы, азаматтық-құқықтық қалыптарды құрйтын қалыптық актілердің кешені туралы мәлімет беру. соттарда, прокуратура органдарында, нотариатта, аралық сотта және заң қызметінде дауларды шешу үшін азаматтық кодекспен және басқа да азаматтық-құқықтық актілермен танысу, категориялар, анықтамаларды танысу.
Курста азаматтық-құқықтық қатынастар кешенінің құқықтық режимін оның көп жақтылығы, азаматтық құқық теориясынан және соттарда, прокуратура органдарында, нотариатта, аралық сотта және заң қызметінің тәжірибесінен мәліметтер келтіру арқылы анықтау.
Курстың маңызы: Азаматтық заңнамасының теориясы мен тәжірибеде қолданылуы азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғаудың, еңбек қақтығыстарын және басқа дауларды шешудің, моральдық және материалдық зиянды өндірудің, азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің тиімді құралы болуға бағытталған.
Бұл міндеттерді іске асыру, заңгерлердің жұмысында біліктілікті талап етеді. Құқықтың нарықтық және демократиялық табиғатын түсінетін, азаматтық қоғам мен мемлекеттің қазіргі құрылымын білетін заңгерлердің білікті корпусын қалыптастыруға студенттердің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы саласында терең білім алуы ықпал етеді.
Пәннің негізгі міндеттері “Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы” білім алушыларда пәндер бойынша оқыту нәтижелерін (РО) ББ(ОП) бойынша пәндік құзыреттіліктермен қатар қалыптастыру болып табылады; cтудент курсты оқу нәтижесінде біледі: “Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы” курсын оқу нәтижесінде студент құқықтың базалық бір саласы ретіндегі азаматтық құқық туралы мәліметі, оның қағидалары, міндеттері мен құрылымы; азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін азаматтық заңдардың жүйесі; азаматтық-құқықтық реттеу ерекшеліктерін білу; азаматтық-құқықтық қалыптарды қолдану және талқылау; әртүрлі азаматтық-құқықтық шарттарды жасай білу; азаматтық-құқықтық дауларды шешудің сот тәжірибесінде жасалған казустар мен есептерді шеше білуі қажет.
“Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы” курсын оқу барсында студент азаматтық-құқықтық нормалардың мазмұнын оны тәжірибеде қолдану үшін білуге міндетті.
Студент азаматтық заңнамаларды азаматтық құқыққатынастарға қолдану тәртібін және ерекшеліктерін білуге міндетті.
Тыңдаушы азаматтық-құқықтық нормаларды талқылаудың тәжірибелік маңызын және нақты құқықтық жағдайларға қолдана білуі керек.
Студент үйренеді:
- процессуалдық мектептер мен бағыттарды білу, азаматтық құқығының жекелеген мәселелері бойынша ғылыми және өзіндік ұстанымды қалыптастыру.
- азаматтық құқықтың теориялық және тәжірибелік мәселелеріне өз бетінше талдау жасау;
- азаматтық заңдардың нормаларына талдау жүргізу;
- азаматтық заңнамасын тәжірибеде өз бетінше қолдану.