3. Курстың академиялық презентациясы. Оқу курсының типі: МК/ЖООК/ТК Пәннің мақсаты студенттердің қабілетін /дағдыларын/ құзыреттілігін қалыптастыру жолында жас маман бойында замануи талапқа сай қасиеттерге баули отырып зерттеу негізінде моральдық тұрғыдан сынақтарға төтеп беру өабілеттерін арттыру.
Пәннің негізгі міндеті: «Философия» пәнінің негізгі міндеттері түйінді құзыреттіліктермен қатар, төмендегідей арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады:
Философияның тарихи формаларын талдау және оның дамуының жалпы тетіктерін ашуда білім мен тарихи түсініктерді ұштастыра отырып жинақтау;
Философия мен философиялық дәлелдеудің маңызды ұғымдарын, принциптерін ашуда философиялық ілімдер және философиялық түсініктерді жіктеу;
Адамзаттың алуан түрлі рухани тәжірибесіне деген толерантты көзқарасты, пайымдауды қалыптастыра отырып бағалау;
Ең маңызды әлеуметтік-мәдени құбылыстарды, заңдылықтарды анықтау және оларды түсіндіру:
Жеке тұлға, қоғам және мемлекет алдында тұрған өзекті мәселелер туралы түсініктерді қалыптастыру;
Әлемдегі адамның орны туралы жүйелік көзқарастың қалыптасуына ықпал ету;
Әлеуметтік, жеке және кәсіби мәселелерді философиялық дәстүр негізінде бағдарлай отырып шеше алатын тәуелсіз ойлау қабілеттерін дамыту;
Адамзаттың алуан түрлі рухани тәжірибесіне деген толерантты көзқарасты қалыптастыру.