Жиынтық бағалау: Сіздің қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2) 0,6 + емт 0,4
Бағалау саясаты
Бағалау саясаты турашылдық, ашықтық, икемділік қағидаларына негізделген. Кредиттік технологиямен оқытуды ұйымдастыруда студенттердің оқу жетістіктерін бағалауда балдық-рейтингтік жүйе пайдаланады.
Пән 100 -балдық өлшемде бағаланады.
Қорытынды бағалауды есептеу әдісі.
Философия пәнінің оқу жетістігінің деңгейі емтиханға жіберілу деңгейінің бағасынан құралған (ағымдағы және аралық бақылау бағаларының балдарының орташа қосындысы) қорытынды бағамен және қорытынды бақылаудың (емтихан) бағасымен анықталады.