«КОМПЬЮТЕРЛІК ХИМИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША ЕМТИХАН ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУ шкаласы
Балдар: 1 сұрақ-30, 2 сұрақ – 30, 3 сұрақ - 40
|
Білім алушы:
|
A
|
- сұрақтарға стилистикалық сауатты әрі логикалық тұрғыда дұрыс жауап берілген;
- теориялық білім нақты мысалдармен келтірілген;
- Компьютерлік химияның бағдарламаларымен жұмыс істей біледі;
- Компьютерлік желіде ақпараттарды іздеу және жіберуді жетік меңгерген;
|
A-
|
- ғылыми терминологияны қолдануда жеке қателіктер немесе дәлсіздіктер жіберілген, дегенмен ол, оқу материалын білмеу және түсінбеудің салдары болып саналмайды;
|
B+
|
-тапсырманы орындауда шығармашылық тәсіл қолданылған, дегенмен, тәжірибелік тапсырма толық орындалмаған;
|
B
|
- Компьютерлік химияның бағдарламаларымен жұмыс істей біледі, бірақ кемшіліктері мен қателіктер жіберген;
- жауаптың негізгі мазмұнын баяндауда бір-екі кемшіліктер жіберілген.
|
B-
|
-ғылыми терминологияны қолдануда қателік немесе екіден астам кемшіліктер жіберілген;
- тәжірибелік тапсырма толық көлемде орындалмаған.
|
C+
|
- білім алушы сұрақты жалпы түсінген және жеткілікті білімі бар, дегенмен, материалдың мазмұны толықн немесе жүйелі түрде ашылмаған, түсініктерді анықтауда, терминді қолдануда қателіктер жіберілген;
- тәжірибелік тапсырма толық көлем орындалмаған.
|
C
|
-білім алушы теориялық білімді жаңа жағдаятта және/немесе тәжірибелік тапсырманы орындауда қолдана алмаған.
|
C-
|
-теориялық материалды игеруде негізгі білік пен дағдылардың жеткіліксіз қалыптасқандығы байқалады.
|
D+
|
- Компьютерлік химияның бағдарламаларымен жұмыс істей алмайды;
- оқу материалын білмеуі немесе оның маңызды бөлігін түсінбегендігі анықталған.
|
D
|
-ұғымдарға анықтама беруде және терминдерді пайдалануда қателіктер жіберілген.
|
|