Разряд(8 (ә)-сурет) кестесінде разрядтар мен оларға тиісті жалақылар, ал Сотрудник(8 (б)-сурет) кестесінде қызметкерлер және олардың сәйкес разрядтары мен жүктемелері енгізілген. Екі кестені пайдаланып, қызметкерлердің жалақысы есептелген қажетті сұраныс кестесін құру алгоритмі төмендегідей:
1) Сотрудник ДҚ-да СервисБерілгендерсхемасы командасы бойынша Раязряд кестесіндегі кодөрісі мен Сотрудник кестесіндегі Разрядөрістері арасында «бірікөбіне» байланысын орнатамыз (9-сурет);
9-сурет. «Бірікөбіне» байланысының көрінісі
2) Сұраныс объектісіндегі Конструктор режімінде жаңа сұраныс құрамыз;
3) Конструктор режімінің Сұраныс терезсінің төменгі жағындағы бағандарда Сотрудниккестесінен сотрудник пен ставка, ал Раязряд кестесінен разряд өрістерін таңдаймыз (10-сурет).
10-сурет. Сұранысқа қажетті өрістерді таңдау.
4) Төртінші бағанда жаңадан Жалақы (Зарплата) өрісін ашып, сол бағанда жанама мәзір көмегімен Өрнек құрастырушы (Построить Построитель выражений) терезесін ашамыз да қызметкердің тиісті жалақысын есептейтін формуланы енгізгеннен соң ОК батырмасын шертеміз (11-сурет);
11-сурет. Өрнек құрастырушы терезесінде жазылған формула.
5)Конструктор режімінде ашылған сұраныс терезесіндегі соңғы өзгерістерді сақтай отырып терезені жабамыз.
Осы алгоритмдерді орындай отырып 12 (а)-суреттегідей сұраныс кестесін алуға болады. 12 (ә)-суреттегі Жалақы (Зарплата) өрісінде әрбір қызметкердің жүктемесі мен разрядына сәйкес тиісті жалақылары есептеліп көрсетілген.
а)
ә)
12-сурет. Конструктор және қалыпты режімде ашылған сұраныс кестесі.