1. Жұмыс кітабы парақтарын байланыстыру.
Жұмыс кітабы парақтарына түрлі тақырыптардан тұратын мәліметтер енгізіледі. Кейбір бағандарға енгізілген мәліметтер түрлі парақтарда қайталануы да мүмкін. Оларды бір парақтан екіншісіне алмастыру буфері арқылы көшіру қиын емес. Мұндай көшірудің екінші әдісі – парақтар арасында байланыс орнататын формуланы пайдалану. Оның жазылу форматы: <Парақ атауы>!<адрес>
Мұндағы:
<Парақ атауы> - қайталанатын жолдық немесе бағандық мәліметтерді көшіру үшін пайдаланатын бастапқы жұмыс парағының атауы;
! – сол параққа сілтеме белгісі;
<адрес> - бастапқы парақтан мәндері көшірілетін ұяшық немесе ұяшықтар блогына сілтеме (соңғы парақта формула енгізілетін ұяшықты алдын-ала таңдап алу керек).
Мысалы: Математика, физика, информатика пәндеріне арналған электрондық емтихан тізбесін құрып, оларды байланыстырғаннан соң шығатын кестені көрсетейік. Ол үшін:
1)1-суреттегідей кестені толтырып, оны Матем.xls деген атпен сақтайық;
1-сурет. Беттер арасындағы байланыс.
2)Әр парақтың атын пән атына байланысты ауыстырамыз;
3)Соңғы бетте (қорытынды) байланысты жүзеге асыру үшін – осы беттегі D4 ұяшығына =матем!D4, E4 ұяшығына =физика!D4, ал F4 ұяшығына =информатика!D4 сілтемелерін енгіземіз;
4)егер кез-келген ұяшықтағы бағаны өзгертсек, автоматты түрде Қорытынды бетте сол өзгеріс сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |