1) өз құқықтары мен мүдделерін қорғайтын адамдар. Оларға; үшінші тұлғалар, яғни, ерекше өндіріс істері бойынша өтініш берушілер мен мүдделі тұлғалар кіреді,
2) мемлекеттік, қоғамдық мүдделерді не жеке адамдар мүдделері мен құқықтарын қорғайтын адамдар. Олар прокурор, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар немесе жеке азаматтар.
Сот төрелігін жүзеге асыруға жәрдемдесетін адамдар
Бұл топқа куәгерлер, сарапшылар, аудармашылар, мамандар, мүлікті сақтаушылар және басқалары кіреді. Мұндай адамдарда азаматтық іске заңды мүдделілік болмайды. Олардың азаматтық процестегі рөлі қосалқы-қызметтік болып табылады, олар сотқа істің нақтылы мән-жайларын анықтауға, оны дұрыс шешуге жәрдемдеседі және нақты әрекеттерді жүзеге асыруға көмектеседі, тап осындай көмекті олар іске қатысушы басқа да адамдарға көрсетеді.
Талапкер және жауапкер
Талапкер мен жауапкер процестің тараптары болып табылады, олар құқық туралы дауларын сотта шешетін адамдар. Талапкер — өз мүддесін немесе мүддесі көзделіп талап қойылған азамат немесе заңды тұлға. Талапкердің құқықтары мен заңды мүдделері бойынша сот дауы пайда болып, ол сотпен шешіледі.
Сотқа талап-арыз қоюшы адам әрқашан талапкер бола бермейді. Азаматтық істер мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, азаматтар не прокурор басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап арыздарының негізінде қозғалуы мүмкін.
Жауапкер — өздеріне қуыным талабы қойылған азаматтар немесе заңды тұлғалар. Жауапкер бұл құқық жөніндегі даудың екінші тарабы, ол талап қоюшының көзқарасы бойынша оның құқығын бұзған немесе дау бойынша құқығы мен заңды мүдделеріне дауласады. Процесте тек Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары ғана емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасының соттарында құқық туралы даулар қаралуға тиіс болса шетелдік құқық субъектілері де (шетелдіктер азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңды тұлғалар), халықаралық ұйымдар) тараптар болуы мүмкін. Азаматтық процеске бірнеше тараптар мен бірнеше қатысушылар қатыса алады. Сонымен, азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы құқықтық қатынастардың күрделі жүйесі, оның әрқайсысы азаматтық іс жүргізу құқығының белгілі бір нормаларының негізінде пайда болады. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар — бұл азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелетін азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысында сот пен процесс қатысушыларының бірінің арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.
3. Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы құқықтық қатынастардың күрделі жүйесі, әрқайсысы азаматтық іс жүргізу құқығының белгілі бір нормаларының негізінде пайда болады. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының міндетті субъектілері: бір тараптан — сот, екінші тараптан процеске қатысушылар болып есептеледі. Сонымен бірге азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы іске қатысушы тұлғаның ерік білдіруіне байланысты. Құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін осы қатынастарға қатысушылардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін айқындайтын құқық субъектілігі болуы керек.
Азаматтық іс жүргізудің құқық қабілеттілігі — бұл іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттеріне ие болу қабілеттілігі.—Ол азаматтар мен ұйымдардың бәрі үшін бір деңгейде танылады және азаматтардың туған сәтінен басталып, қайтыс болған сәтінде бітеді. Ұйымдар да тіркелген сәтінен басталып, таралған сәтінде тоқтатылады.
Азаматтық іс жүргізудің әрекет қабілеттілігі — бұл өз әрекеттері арқылы өз құқықтарын жүзеге асыру және сотта міндеттерін орындау, істі жүргізуді өкіліне тапсыру, жауапкершілікті дербес алып жүру қабілеті.
Іс жүргізу әрекет қабілеттілігіне толық көлемде 18 жасқа толған азаматтар, сондай-ақ егер неке жасы белгіленген тәртіпте төмендетілсе, 18 жасқа толмай неке құрған адамдар ие болады. Сотта 14 және 18 жас аралығындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері олардың заңды өкілдері, яғни ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаушылары арқылы қорғалады.