Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Академик Е. А. Бөкетов атындағы



Pdf көрінісі
Дата18.07.2020
өлшемі90,51 Kb.
#75348
түріДиплом
Байланысты:
Шаяхмет Аружан доклад



Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі 

Академик  Е.А. Бөкетов атындағы  

Қарағанды мемлекеттік университеті 

Химия факультеті 

Химиялық технология және мұнайхимия кафедрасы 

Бітіруші курс студенті Шаямет Аружанның дипломдық жұмысқа  

БАЯНДАМАСЫ 

 

Тақырыбы: Электродты материалдар үшін таскөмірлі пекті алу  



 

Химиялық,  физикалық-химиялық  және  физикалық  зерттеу  әдістерімен 

анықталғандай,  таскөмірлі  пек  жоғары  конденсирленген  карбо  және 

гетероциклді  қосылыстар  мен  олардың  тығыздалу  өнімдерінің  күрделі 

гетерогенді жүйесі болып табылады. Сондықтан пектің өзіндік өнім ретінде 

және  қайта  өңдеуге  арналған  шикізат  ретінде  қасиеттерін  тану  үшін,  атап 

айтқанда  электродты  байланыстырғышты  алу  мақсатында  бастапқы  пекпен 

қатар және оның фракциялары — белгілі бір еріткіштерге бірдей қатынаспен 

біріктірілген заттар тобын зерттейді.  

Пек  қазіргі  уақытта  белгілі  еріткіштердің  ешқайсысында  толық 

ерімейтіндіктен  және  жоғары  қайнайтын  хош  иісті  қосылыстардан  және 

олардың  тығыздалу  өнімдерінен  тұрады,  термиялық  өте  тұрақсыз,  бөлінген 

фракциялар бастапқы пек заттарына сәйкес келмеуі мүмкін.  

Пекті  дистилляция  жолымен  фракцияларға  бөлуге  болмайды,  өйткені 

температура  жоғарылаған  кезде,  тіпті  терең  вакуум  жағдайында,  оның 

ыдырауы  басталады.  Пек  заттарының  құрамы  мен  құрылымдық 

ерекшеліктерін  зерттеу  үшін  инфрақызыл  спектроскопия,  электронды-

парамагнитті  резонанс,  хроматография,  масс-спектрометрия  сияқты 

физикалық  зерттеу  әдістерін  қолданады.  Олардың  көмегімен  жекелеген 

жағдайларда әртүрлі жағдайда алынған пек ерекшеліктерін анықтауға немесе 

технологиялық пайдалану кезінде олардың мінез-құлқын алдын ала анықтауға 

болады. 


Таскөмір пегінің маңызды сипаттамасы оның МЕМСТ бойынша арнайы 

аспапта  анықталатын  жұмсарту  температурасы  болып  табылады.  Бұл 

көрсеткіш пекті белгілі бір түрге немесе маркаға жатқызу үшін негізгі болып 

табылады.  Мысалы,  әртүрлі  электр  көмір  бұйымдарын  жасау  үшін 

қолданылатын электродты пек жұмсарту температурасы 65-70°С болуы тиіс; 

анодтар өндіру үшін алюминий өнеркәсібінде пайдаланылатын пек 72-76°С; 

орташа температуралы пек 65-72°С жұмсарту температурасына ие, ал пектік 

коксты алу үшін кокстеуге ұшырайтын жоғары температуралы пек 135-150°С 

жұмсарту температурасына ие. 

Таскөмір шайыры мен пекті өңдеу саласындағы ең соңғы, жаңа зерттеулер 

ұнтақ  жартылайкокс  пегінің  өндірісіне  қатысты.  Бұл  арнайы  материал 

жартылай өткізгіштер мен ұсақ түйіршікті графиттің көптеген түрлерін өндіру 

үшін  негіз  бола  алады.  Ең  тартымды  технологиялардың  бірі  автомобиль 



қозғалтқыштарына арналған графитті поршеньдерді өндіру болып табылады, 

бұл  отын  мен  майдың  шығынын  азайтуға  және  ластаушы  шығарындылар 

санын 30% дейін азайтуға мүмкіндік береді. 

Бұл  дипломдық  жұмыста  таскөмір  пегінің  химиялық  қасиеттері  мен 

құрылымы,  электродты  пекті  алудың  оңтайлы  әдістері  қарастырылып 

зерттелді.  Әдеби  дереккөздерді  талдау  таскөмірлі  пек  композициялық 

материалдардың  негізі  болып  табылатынын  көрсетті,  сондықтан  ұсынылған 

деректерден  көрініп  тұрғандай  ол  жоғары  конденсацияланатын  карбо  және 

гетероциклді  қосылыстардың  күрделі  гетерогенді  жүйесі  болып  табылады 

және  олардың  тығыздалу  өнімдері  иістілік  дәрежесімен,  құрамымен, 

қасиеттерімен, молекулалық құрылымымен, және еріткіштерге қатынасымен 

ерекшеленеді. Жоғары температурадағы таскөмір пектеріне әсер еткен кезде 

оның құрамы мен қасиеттері өзгереді және осы көрсеткіштерді пек негізінде 

композициялық материалдарды өңдеу кезінде ескеру қажет. 

Тас көмірлі пек болып реакция қабілетті материал болып табылады. Пеште 

оттегінің  қатысуымен  температураның  әсері  кезінде  оның  қасиеттерінің 

өзгеруіне әкелетін әртүрлі химиялық процестер өтеді. 

Таскөмір  пегі  өңделетін  таскөмір  шайырының  жалпы  санынан  57-60% 

массаны  құрайды.  Ол  әзірше  көмірграфит  материалдарының,  электрод 

өнімдерінің,  электродтық  және  анод  массаларының,  конструкциялық 

көмірграфит материалдарының, электр көмір бұйымдарының барлық түрлері 

үшін жалғыз байланыстырушы болып табылады. Ол сондай-ақ пекті кокс, жол 

деттейлері,  лактар,  препаратталған  шайырлар,  металлургия  өнеркәсібі  мен 

құрылыс  және  басқа  да  материалдар  өндірісі  үшін  сіңдіру  материалдары 

өндірісінде кеңінен қолданылады. 

Таскөмірлі  электрод  пегінің  сапасы,  негізінен,  толуолда  ерімейтін 

заттардың  салмақтық  үлесімен  сипатталады  және  хинолинде  ерімейтін 

заттардың салмақтық үлесімен, ұшатын заттардың шығуымен және күлдігімен 

сипатталады 

Тәжірбиелік  бөлімде  ауыр  пиролиз  шайыры  мен  таскөмірлі  пек 

қоспаларының әр түрлі қатынастарымен 5 түрлі сынама алынған болатын. Бұл 

сынамалар  әр  түрлі  температура  диапазонында  және  түрлі  импульс 

жиіліктерімен әсер ету арқасында әр сынамаға сәйкес пек алынды. 

Әр  сынаманың  пектеріне  күлділікті  анықтау,  толуолда  және  хинолинде 

ерімейтін заттардың мөлшерін анықтауға, бензапирен мөлшері азайғандығын 

тексеру үшін сәйкесінше талдау әдістері жүргізілген болатын.  

Талдау  нәтижелеріне  сәйкес  таскөмірлі  пек  пен  ауыр  пиролиз  шайыры 

50:50  қатынасында  (2  сынама)  250-270°С  температураларда  20000  импульс 

жиілігінде  5  сағат  бойы  өңделгеннен  кейін,  біртекті  араласқан, 

байланғыстырғыш  қасиеттері  бар  пек  алынды.  Зерттеу  нәтижелерінен  кейін 

осы  сынаманың  күлділік  көрсеткіші  мен  хинолин  мен  толуолда  ерімейтін 

заттардың мөлшері стандарттарға сәйкес екендігі анықталды. 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет