Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қалалық білім бөлімі
Жалпы білім беретін № 6 орта мектеп
Жумажанова Асылай
6 «б» сынып
Қытырлақ картоптың адам ағзасына әсері
Бағыты: Химия және биология
Секция: Химия және биология
Пәні: Химия
Жетекші: Жалпы білім беретін №6 орта мектептің
химия пәні мұғалімі
Ғалиматолла Мөлдір Ғалиматоллақызы
Ғылыми жетекші: Атырау Мемлекеттік Университетінің
химия кафедрасының аға оқытушысы,
биология ғылымдарның кандидаты
Калиманова Дана
Атырау - 2013 ж
Абстракт
Жұмыстың өзектілігі: Ғылыми жұмыс «жүгіріп жүріп қоректену» деп аталатын немесе Фаст-фуд тағамдарына жататын қытырлақ картоптың денсаулыққа тигізетін әсері және жасалу технологиясы сонымен қатар құрамына сараптама жүргізу жолдары қарастырылған.
Зерттеу мақсаты: Жұмысты зерттеуде қытырлақ картоптың шетелдік және отандық өнімді құрайтын түрлеріне жалпы сипаттама жазылып, жасалу технологиясына тоқталыу. Құрамындағы крахмал, натрий хлориді, майды анықтауға сараптама жүргізу, адам денсаулығына тигізетін әсері туралы қарастыру.
Зерттеу объектісі: Ғылыми жұмыстың зерттеудің объектісін қытырлақ картоптың шетелдік және отандық өнімін құрайды.
Зерттеу пәні: Жұмыстың пәнін биология және химия пәннен сараптама арқылы жүзеге асыру тетігі құрайды.
Зерттеудің деректік негіздері: Жұмыстың деректік негізін өзінің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әдебиеттерге шолу, баспасөз ақпараттары және химиялық құрамын зерттеуде практикалық жұмыстар құрайды.
Болжам: қытырлақ картоп және оның зияны туралы
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: қытырлақ картоп түрлерінің құрамындағы май, натрий хлориді және крахмал анықталды.
Жұмыстың қорытындысы: Қазіргі кезеңде жастардың сүйікті тағамы болып саналатын фаст фуд тағамы соның ішінде қытырлақ картоптың адам денсаулығына тигізетін әсері өте көп. Қазақстан бойынша ең көп тіркелген артық салмақ, гастрит және жалпы әлсіздік – осылар зиянды дағдылардың нәтижесі болып табылады. Салауатты өмір сүруді құру мәселесінің Ұлттық орталығының мамандары бұл мәселеге үлкен көңіл бөлуге шешім қабылдадап отыр.
Abstract
Work actuality: scientific work I walk at run signup I talk I am named or fast Food meal health I lie chips I touch the impression and and also I do technology composition examination I lead line I am examined.
Research aim: on to prospect Work chips foreign and home products common description was to the written kinds that make, technology of doing. Starch, natriums of хлориді, to expose oil that examination touched conduct, man of здорове, about the impression to examine.
Research object: the Advanced study a research object makes chips foreign and home products of potato.
Article of research: the mechanism of execution of biology and chemistry makes the article of Work through examination of object.
Bases of research fact : basis of fact of Work to the corresponding duties of aim to literatures review, information of the press and on to prospect chemical composition make practical works.
Prognosis: chips and about harm of
Scientific news of research: chips oil in composition the types of potato, natrium хлоридін and starch turned out.
Conclusion of work: to the health of man of potato, that toasted фаст, at that young people have a favourite meal on the Nowaday pore, meal of фуд including, impression that touches. According to Kazakhstan maximal the registered superfluous laid, gastritis and general weakness - is отары harmful result of skills. Healthily to live question of creation a decision sits down the National specialists of center large to pay attention to this question.
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
Негізгі бөлім
І бөлім. Қытырлауық картоп туралы жалпы мағұлмат..................................5
1.1 Тарихы және жасалу жолы.........................................................................
1.2 Адам ағзасына әсері....................................................................................
ІІ бөлім. Қытырлауық картоп кұрамына сараптама жүргізіу........................
Қытырлауық картоп құрамындағы майдың мөлшерін анықтау....
Крахмал мөлшерін анықтау ..........................................................
Натрий хлоридінің мөлшерін анықтау.........................................21
Қорытынды............................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................26
Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор. Басқа ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.
Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады. Өзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға қабілетті. Жер бетінде өмір сүрген ежелгі адамдар басқа ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде өзгертті.
Тамақтану - ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға қажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері. Ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі.
Тиімді тамақтану адам біраз ауру-сырқауға ұшырамай, оларды оңай жеңіп отырады.
Тиімді тамақтану мезгілсіз, ерте қартаюдан алдын-ала сақтандырады.
Асқазаны, жүрек-қан тамыры т. б. сырқатқа ұшырағанда тамақтанудың арнайы ойластырылып жасалған ас үлесі (рацион) мен режимі емнің бір түрі болып табылады.
Тамақтану бүкіл организмнің бір қалыпты дамуы мен үйлесімді қызметін қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылуы тиіс.
Адамның кәсібіне, жасына, жынысына сәйкес, тіршілік әрекетіне қарай қажет тамақтық рационы оның құрамындағы ақуыз, май, углевод т. б. заттардың сапасы мен мөлшері жағынан реттелу керек. Организмнің физиологиялық қажеті көптеген жағдайға байланысты, олар ұдайы өзгеріп отырады.
Организмнің тамақтан жұғымды заттарды дәл осы сәтте қажетті мөлшерде бойына сіңіріп зат алмасу процесінде бір затты екінші түрге айналдыратын, керекті кезінде пайдалануға болатындай қор жасайтын, реттеуші механизмі болады. Бірақ организмнің реттеу мүмкіндігінің белгілі шегі бар; ол мүмкіндік бала кезде және егде тартқан шақта көбірек шектеледі.
Бірқатар заттарды, кейбір витаминдер, алмастырылмайтын амино қышқылын адам организмі зат алмасу процесінде жинақтай алмайды, ол дайын күйінде тамақпен бірге берілуі тиіс, өйтпеген күнде кісі тамақ жұқпайтын ауруға ұшырайды[3].
Денсаулық дегеніміздің өзі – организмнің сыртқы орта факторларының әр деңгейлі әсеріне сәйкес жауап қайтаруы арқылы сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына тез бейімделіп, жағымсыз факторларға қарсы тұра алу қабілеттілігі. Адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік факторлардың 50% тамақтануға, 20% қоршаған ортаның әсерлеріне, 20% тұқым қуалайтын қасиеттерге, тек 10%-ы ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына байланысты екен. Дұрыс тамақтанбау көптеген ауруға шалдықтыратын басты себептердің бірі болып саналады.
Соңғы жылдары өмір сүру салтының өзгеруіне байланысты ел арасында жұқпалы емес алиментарлық аурулар (жүрек-қантамыр аурулары, диабет, семіздік, анемия, зоб, ісіктің кейбір түрлері, т.б.) саны көбейді. Бұған бой алдыpмас үшін тамақ ішу тәpтібін бұзбай, күнделікті рациондағы негізгі қоректік заттар мен биобелсенді заттардың организмге қажетті үйлесімдігін сақтай отырып, тиімді тамақтану қажет. Тез дайындалатын тағамдаpмен тамақтанбаған абзал. Тамақтану тәртібінің тағы біp маңызды элементтерінің бірі – тамақтың қайда ішілетіндігі, тазалығы, т.б. Негізгі тағамдарды ішу арасында тәтті тағамдарды жемеу керек, өйткені бұлар асқоpыту жұмысының жүйесін бұзады.
ТМД елдерінің жетекші ғалымдары тамақтық заттар мен оның күнделікті рационының калориялығына қажеттілік нормаларын жасаған. Осы ғылыми негізделген ұсыныстарға сәйкес 14-17 жастардағы жасөспірімдердің тәуліктік тамақ рационының калориялығы 2900 килокалорияны, осы жастардағы қыздар үшін 2600 килокалорияны құрауы қажет. Ал ересек адамдар үшін тамақ калориялығы күш-қуатты жұмсау көлеміне байланысты белгіленеді
І бөлім. Қытырлауық картоп туралы жалпы мағұлмат
1.1 Тарихы және жасалу жолы
Өткен ғасырдың 1980-90 жж. «жүгіріп жүріп қоректену» деп аталатын немесе Фаст-фуд мәдениеті бүкіл әлемге тараған, бірақ ақырғы уақытта ғалымдар дабыл соқты, ал қоғамдық ұйымдар зиянды тағамға белсенді қарсы шықты. Мамандардың айтуы бойынша – фаст-фуд әдеттенуді туғызады, көбінесе балалар мен жасөспірімдерде. Олардың денсаулықтарына үлкен зиян келтіретін гамбургерлер, чипсілер және пицца біздің сүйікті тағамдарымыз болдып отыр.
Чипсы немесе қытырлақ картоп (ағылш. chips — жоңқа) — жұқалап жапырақтап турап қайнатылған және ыстық ауамен кептірілген немесе картоп езбесінен жұқа қабатты етіп кептірілген дайын қытырлақ картопты өзге елдерде «картоп вафлиі» деп те атайды. Бұлар алғашқыда Англияда шығарылған. Ұлыбританияда чипсылар қуырылған балыққа гарнир ретінде беріледі. Қытырлақ картопты ең алғаш байқаусызда ойлап тапқан Джордж Крам атты үнділік азамат. 1853 жылдың 24-ші тамызында АҚШ-тағы Сараторга-Спрингс демалыс орнындағы Moon Lake Lodge мейрамханасында бас-аспазшы қызметін атқарып жүргенде аталған асты жасаған екен. Аңыз-дәйектер айтуынша, Moon Lake Lodge -дің ең таңдаулы фирмалық асы болып «картоп фриі» саналған. Бірде теміржол кәсіпкері Вандербильт кешкі ас үстінде тамақ жеуден бас тартады. Семіздігін сөз еткен ол қатты қапагершілік танытып, тіпті тәрелкедегі асқа қарамауды шешеді. Сол кезде артық салмақты кәсіпкеррді аяған шеф-аспаз Крам, Вандербильтке арнап тамақ жасай бастайды. Қалыңдығы жұқа қағазбен тең картоп турап, қуырады. Түрлі дәмдеуіштер қосып дайындайды. Алайда бұл тамақ кәсіпкер мен достарына қатты ұнайды. Сүйікті тамақтарына айналады[1].
1929 жылы Фриман Макбет деген өзі өзідігінен үйренетін «чипсы» маманы, «чипсы» пісіретін қазандық ойлап тапты. Міне, сол уақыттан бері чипсыдың пісіру әдісі ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. Дәл осылай жасалып келеді: шикі картоптың арнайы сұрыпын таңдап алады, кір тазалайтын щеткамен кірінен жақсылап тазалап, арнайы ыдысқа картоп тазалағыш суға салынады. Тазаланған картопты келесі жіңішкелеп турайтын құралға апарып, дөңгелете кеседі. Ертеректе пышақшалары кәдімгі тегіс болды, бірақ аспаздарға бұл іш пысарлық болып көрінсе керек, әйтеуір соңғы кездері бұйра - ирелең турайтын құралдар пайдаланылды. Кесілген жапырақшалар үлкен қамбаға түседі. Мұнда қалған крахмалдар тазартылады да арнайы қайнатылған маймен кептіріледі. Майға осылайша булана-қуырылып жатқанда тұз араластырылады. Сондай-ақ «чипсы»-ға құмартатын дәм беру үшін «кесілген-тұздалған картопты» арнайы дәмдеуіштертер толы қамбаға салып, булайды. Қорапталар алдын арнайы тексеруден өткізіледі. «Іріктеуші маман» деп аталатын құрал «чипсы»-дың әрбір жапырағын тексереді. Айта өтейік, «Чипсы» дайындаудың бар уақыты небәрі 15 минутты талап етеді. Сондықтан «чипсы»-ды үй жағдайында жасауға болады. Тек аталған құрылғылардың үй жағдайын арналған үлгісін сатып алсаңыз болғаны[5].
Қытырлақ картопты жасауда төмендегі тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:
1. Шикі картопты жуу және сорттау;
2. Тазалау;
3. Кесу;
4. Крахмалдан тазалау;
5. Кептіру;
6. Қуыру;
7. Тұз және дәмдеуіштерді қосу;
Технологиялық тұрғыдан төмендегі тәсілдер орындалады:
1. Шикі өнімді крахмалмен және дәмдеуішпен араластыру;
2. Қытырлақ картопты кесіп әзірлеу;
3. Кептіру;
4. Қуыру;
5. Суыту;
6. Қаптау;
Әрине, «Чипсы»-дың тіл үйіретін дәмінен ешкім бас тарта қоймас. Алайда, жеңіл астың жалған үлгісін жасап, тазалауыш құралдарсыз өндіруші «алаяқ фирмалар» көбейгелі қашан. Ендеше, аталған асты сатып алар алдын міндетті түрде өндіруші атына назар аударыңыз. Егер мекен-жай көрсетілмей немес күмән тудырарлық кешін тұстары байқалса сатып алмағаныңыз дұрыс. Тәбетіңіз тартып тұрған жағдайда, денсаулығыңызға кері әсеру турасында ойланғаныңыз жөн.
1.2 Адам ағзасына әсері
Артық салмақ, гастрит және жалпы әлсіздік – осылар зиянды дағдылардың нәтижесі болып табылады. Салауатты өмір сүруді құру мәселесінің Ұлттық орталығының мамандары бұл мәселеге үлкен көңіл бөлуге шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта бигмак, шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп. Бірақ, олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Оны көпшілік біле бермейді. Бұл тағамдардың барлығы фаст-фуд (тез әзірленетін тамақ) қатарына жатады. Сондықтан, осындай тағамдар адам денсаулығы үшін өте зиянды болып табылады. Фаст-фуд тағамдарын біреулер күнде ішіп-жеп жүрсе, кейбіреулер анда-санда ғана пайдаланады. Тамақты үйде асықпай дайындауға мүмкіндік болмағандықтан, ол бізге қолайлы әрі бағасы қымбат емес. Алайда, өте қауіпті. Соған қарамастан кей адамдар еріншектігінің салдарынан дайын асқа жүгіретіні шындық. Бұл дұрыс емес. Әсіресе, балаларды кішкентай кезінен бастап мұндай тамақтарға үйретпеген жөн. Фаст-фуд сататын дүкендер әдемі жарнамалары арқылы өнімдерін төмен бағалармен ұсынып, жылдам әзірленетінін айтып, тұтынушылардың назарын өздеріне аударады. Егер, сіз осындай тағамдарды жақсы көретіндер қатарына кірсеңіз, онда газеттер мен журналдардағы ақпараттар сіздің пікіріңізді өзгерте алмайды. Мамандардың айтуынша, фаст-фуд тағамдары ішінен қытырлақ картоппен тамақтануға мүлдем болмайды. Ондай тағамдардың құрамында майлар мен консерванттар көп болғандықтан, дәрумендер мүлдем жоқ. Ал ол несімен қауіпті десек, қытырлақ картопты дайындау барысында маргарин көп мөлшерде қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды өнім, яғни транс майлар көп. Кейбіреулер бұл тағамның денсаулыққа зиян екенін біле тұра, одан бас тартпайды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жағдай адамды психологиялық және химиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. Өйткені, аталған өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады да, сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады екен
Соңғы кезде «чипсы» өнімдерінің көбеюі де көп адамды семіздік дертіне ұшыратып жатқанын байқай бермейміз. Иісі мұрын жаратын, тез дайындалған тағаммен жүрек жалғап алуға үлкен-кішінің бәрі құмар. Мұндай тағамдарды жасау үшін көбіне май қышқылындағы трансизомерді көбейтетін қатты маргаринді қолданады. Сондықтан бұл тағамдардың құрамында дәрумендер болмайды, есесіне қоректік қуаты (калориясы) жоғары. Құрамындағы белгілі бір мөлшер сақталмағандықтан, «қытырлақ картоп» өнімдері адамды семіздікке алып келеді. Ал семіздіктен адам бойындағы зат алмасу бұзылып, әр түрлі ауруға шалдығады
Диетолог-дәрігерлер семіздікке апаратын «қауіпті» тағамдарды атап өтті. Бірінші орында тәтті газды сусындар тұр. Шөл басу үшін емес, қайта шөлдетіп, қайта-қайта ішуге мәжбүрлейтін құтыдағы бұл сусындардың құрамында қант шектен тыс көп. Үлкен-кіші құмарланып ішетін бір стакан коланың өзінде 5 шай қасық қант бар, ал бір литр колада 25 шай қасық немесе 125 грамм қант болады екен. Сол сияқты картоптан жасалған чипсыларды бала біткен жақсы көреді. Бұлар пюреден жасалғандықтан, оның құрамына жасанды май мен жасанды түрлі дәмдеуіштер қосылып, адамды жеген үстіне жей түсуге шақырады. Сонымен бірге сосискалар, пісірілген шұжықтар, паштеттер еттен жасалғандай көрінгенімен, негізінен жартысына жуығы майдан жасалып, түрлі тәтті дәмдеуіштермен бүркемеленеді. Қуырылған семіз ет, кофе, шоколадтар, арзан әрі калориясы көп нан-жарма, кондитер өнімдері де адамды семіздікке апарып тірейді[1].
Әсіресе, осындай ас-ауқат салдарынан қоғамда семіздіктің артып бара жатқандығын дәрігерлер дабыл қағып айтып жүр. Алайда, гамбургер мен пицца, қырылақ картоп (чипсы) сынды тез әзірленетін тағамдар адамның ойлау қабілетін тежейді дегенді кім ойлаған?! Еуропалық ғалымдардың пікірінше, фастфуд адамды семіртіп қана қоймайды, сондай-ақ, оның мәңгүрттенуіне де алып келеді екен. Бұл жайында британдық BBC телерадиокомпаниясы мәлімдеді.
Ұлыбритания диетологтары адамның ойлау қабілетіне қан құрамындағы қант пен холестерин әсер етеді деп болжаған болатын. Осыған орай, ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оған 35-55 жас аралығындағы 6000 британдық азамат қатысты. Ғылыми тәжірибенің өзі болса тура он жылға созылған. Осы уақыт аралығында тәжірибеге қатысқандар әрдайым ІQ-ге және ойлау қабілетіне байланысты тесттер тапсырып отырыпты. Шара барысында ешкімге ешқандай шектеулер қойылмаған. Тексеру барысында белгілі болғандай, фастфудпен қоректеніп, салмақ қосқан адамдардың ойлау қабілеті күрт төмендеп кеткен. Ал, салауатты өмір салтын ұстанғандарында бұл процесс керісінше жүріпті. Ғалымдардың айтуынша, фастфудпен қоректенетін жандардың миы тез қартаяды, яғни есте сақтау қабілеті мен ойлау дәрежесінің жұмысы дамымай, төмендеп кетеді екен. Бүгінгі таңда дәл осындай дертке Еуропаның жарты миллион халқы ұшырап отыр.
Тамақтану туралы ғылымда прогресс үздіксіз болып жатыр, көбіне ол басқа ғылымдардың жетістіктеріне, ғалымдардың тамақтану туралы өз саласындағы да, білімнің басқа салаларындағы да күш-жігеріне байланысты. Алайда тамақтану саласындағы мамандандырылған институттардың немесе жоғары оқу орындарының тиісті кафедраларының ұсыныстары, жаңа фактілері әуелі лабораториядағы хайуанаттарға, содан соң барып, «волонтер» (өз қалауымен тамақты аз ішетіндер) адамдарға мұқият сынай тексеріп алғаннан кейін ғана айтылады.
Адамдардың қалай тамақтануы тек жасына, жынысына, еңбегінің сипатына, климат жағдайлары мен денсаулығына ғана байланысты емес. Бұл арада дәстүр, кемелдену мен мәдениеттілік деңгейі, ауқаттылық пен азық-түліктік жеткіліктілігі де маңызы зор мәселе. Адам организімінне өте зиянды фастфуд тағамдары туралы айтқанда сосиска, шұжықтар және неше түрлі еттен жасалатын қарапайым халық көп тұтынатын тамақтар келеді. Бұндай ас тамақтардың құрамында майлар көптеп кездеседі. Сонымен қатар қуырылған түрде фаст фуд өнімдерінде көптеп кездесетін адам ағзасына зиянды еттердің майлы түрлері де жатады.Түрлі елдердегі медециналық зерттеулердің нәтижесі фаст фуд өнімдерін күнделікті қолдану семіздікке әкеледі дейді. Бір ғана орташа көлемдегі гамбургер немесе бір стакан кока кола 1500 колорияға тең күнделікті адамның бір күндік тамағы 1500 колорияны құрау керек. Ал сіз бір ғана гамбургер мен шектеліп қоймайсыз ғой. Қытырлақ картоп өнімдері адамды толық қанағаттандыра алмайды ол тек қана аз ғана уақытқа аштықты жасырып қояды. Жарты сағаттан соң адам тағыда тамақтанғысы келеді. Қытырлақ картоп өнімдерінен целюлит, безеулер, тері кеуіп және шаштар әлсіздене береді. Ал күнделікті қолданатын болсаңыз гипертонияға, иммунитеттің төмендеуіне, ішкі ағзалардағы түрлі ауруларды шақырады. Қытырлақ картоп өнімдерінің құрамында холестериннің көп болуынан тамырларда таяқшалар пайда болады.Әлі қатаймаған балалардың организмі фастфуд өнімдерінің зиянды элементтерін тез қабылдап алады. Балаларда қантты диабет, эндокринді жүйе мен имунды жүйенің бұзылыстары, жүрек қан тамырларының аурулары және басқа да көптеген аурулар туындауы мүмкін[3].
Гастроэнтолог дәрігерлердің есебінше жыл басынан бері асқазан, ішек ауруларымен 120-дан астам адам келіп түскен. Тез тамақтанудың кесірінен ас қорыту жолдары қиындайды. Қытырлауық картопқа үйір жандардың асқазан жүрек аурулары қан қысымы қант диабеті аурулары күн өткен сайын үдей түседі.
ІІ бөлім. Қытырлауық картоп кұрамына сараптама жүргізіу
Біз тәжірибе бөліміне екі түрлі қытырлақ картопты алуды шештік: біріншісі - шетелдік өнім " Lay`s ", және отандық өнім "Русская картошка" деп аталады.
Тәжірибе мектебіміздің химия кабинетінде жүргіздік. Бұл тәжірибеге бұл екі өнімді алумыздың себебе құрамдары бойынша сараптама жүргізу кезінде, екеуі тең келеді екен. Құрамдары бойынша:
Белоктар: " Lay`s " - 7гр.
"Русская картошка"-4,8
Көмірсулар: " Lay`s " - 53гр.
"Русская картошка" - 52,4гр.
Майлар: " Lay`s " - 30 гр.
"Русская картошка" - 30гр.
Тәжірбе бөлімі үш кезеңнен тұрады. Олар:
Қытырлақ картоп құрамындағы майды анықтау
Натрий холридін анықтау
Крахмалды анықтау
Достарыңызбен бөлісу: |