Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты
«Гуманитарлық-педагогикалық және құқықтық пәндер» кафедрасы
|
«Бекітемін»
«Институттың ғылыми-әдістемелік кеңесінің төрайымы
______________А.Б.Әлібекова
« 8 » қаңтар 2020ж.
|
6В01408(5В010700) –«Бейнелеу өнері және сызу»
білім беру бағдарламасы бойынша кешенді мемлекеттік емтихан бағдарламасы
Қызылорда, 20___ж.
Бағдарлама Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары» негізінде құрастырылған.
Құрастырушылар: «Гуманитарлық-педагогикалық және құқықтық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы п.ғ.м А.Б.Бекенова, аға оқытушысы А.Сералиев.
«Гуманитарлық-педагогикалық және құқықтық пәндер» кафедрасының мәжілісінде талқыланған
Хаттама № 5, « 25_» 12 2019 ж.
«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде талқыланып, бекітілді.
Хаттама № 3, « 8 » 01 2020ж.
Кіріспе
6В01408(5В010700)-«Бейнелеу өнері және сызу» даярлау бағыты бойынша бакалаврларды даярлаудағы білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері: еңбек нарығын бәсекеге қабілетті, құзыретті, жауапкершілігі мол, өз мамандығының иесі және қызметтің тиісті бағыттарына бағдарланған, әлемдік деңгейдегі стандартқа сай мамандығы бойынша тиімді жұмысқа қабілетті, әлеуметтік және кәсіби ұтқырлық, үнемі кәсіби тұрғыда өсуге дайын мамандармен қасмтамасыз ету.
6В01408(5В010700)-«Бейнелеу өнері және сызу» білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік кешенді емтихан ауызша - жазбаша түрде келесі пәндер бойынша өткізіледі:
- Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі;
- Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі;
- Сызуды оқыту әдістемесі;
Емтихан тапсырмалары жоғарыда аталған пәндер әрқайсысынан біреуден 3 сұрақтан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |