1.2. Жұмабек Тәшеновтың саяси қызметке келуі, қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуы.
1945 жылы Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары және мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауыстырылды. 1947-1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1948-1951 жылдар аралығында осы Облыстық атқару комитетінің төрағасы болып бекіді. 1952 жылы Ақтөбе облыстық партия комитетінің бірінші хатшылығы қызметіне тағайындалды. Облыста жақсы қызмет істеп, жоғары көрсеткіштерге жеткен Ж.Тәшеневті халық 1955 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы қызметіне сайлады. Мұнан бес жыл өткеннен кейін лайықты басшысы болып саналған 45 жастағы Тәшенев 1960 жылы қаңтар айында Қазақ КССР Министрлер Кеңесі төрағасына тағайындалды. Бұл қызметтен 1961 жылы қантар айында босатылған соң, бес ай бойы жұмыссыз отырды. Кейін қитұрқы саясаттың кесірінен Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының қатардағы орынбасары қызметіне дейін әлдеқалай кенет төмендетілді. Содан Жұмабек Тәшеневтың алпыс жасқа жеткенін күткендей, оны 1975 жылы наурыз айында мемлекеттік қызметтен шұғыл еңбегі сіңген дербес зейнеткерлер қатарына босатып жіберді. Ел ағасы болып танылып, халық құрметіне бөленді. Жанқиярлық еңбегі үшін Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Соқтықпалы соқпақсыз өмір жолын бастан кешірген аяулы азамат 1986 жылы қарашаның 18 күні 71 жасында дүниеден өтті. Ол өмір сүрген кезеңде қасқайып тұрып, ұлттың намысын қорғау, жерін сақтаймын деп талпыну, жүрек жұтқандық пен азаматтық таныта білу кез-келгеннің қолынан келмейтін кез еді.
1.3 . Ж. Тәшеновтың ел билеген тұстағы Қазақ ССр-нің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
Елі мен жерінің тұтастығын сақтап қалу жолында кеңестік жүйеге қарсы шыққан Жұмабек Тәшенов Н.С.Хрущевтің Қазақстанның бес облысын (сол кездегі Целиноград қаласымен қоса) Ресейге қосуға тырысқан әрекетіне батыл тойтарыс берген.
Осындай табанды қарсылыққа кездескен Н.С.Хрущев бұдан кейінгі уақытта қазақ ішінен шыққан басшылардың сөздеріне құлақ салуға, халқының пікірімен санасуға мәжбүр болған болатын. Егер КСРО басшысының сол жоспары іске асқанда Қазақстанның бір бөлігінен де, қазіргі Астана қаласынан да айырылып қалмақ түгіл, қазақ мемлекетінің территориялық тұтастығынан да біржола қоштасатын жағдай еді. Олай болатын болса, Жұмабек Тәшеневтің іс-әрекеті сталиндік зұлматтан кейін еңсесі түскен халықтың ұлттық рухын оятқан ерлік оқиға болды».
Ірі мемлекет қайраткері, ел қамқоры, халық ардақтысы – Жұмабек Ахметұлы Тәшенев қазақ жерін қорғап қалмаған біздің территориямыз төмендегідей болар еді.
Тура осы оқиғалардан кейін 30 жылдан соң Қазақ елі тәуелсіздігін алған болатын. Біз тәуелсіз ел ретінде территориямыздан айырылып әлемдік қауымдастыққа қандай күйде енер едік деген сауал көкейде тұрады. Сондай –ақ біз неден айырылып неден ұтылар едік. Осы сауалға жауап іздеп көрелік. Бірінші, Қазақ елі аумақтық тұрғыдан алғанда Қазіргідей әлемде 9 орын емес 15-ші орында болушы еді. Атап айтқанда солтүстік бес облыстың ауданы 565 мың шаршы шақырым, Маңғыстау облысы ауданы 165.6 мың шаршы шақырым,Оңтүстік қазақстан облысы 117 мың шаршы шақырым территорядан айырылып қалар едік. Барлығымыз білеміз Қазақстан материк ішілік мемлекет. Қазіргі таңда біз Еуразия материгінің орталығында орналаса отырып мұхиттарда алшақ тұрмыз.
«Экономист, профессор Ғарай Сағымбаевтың Ж.Тәшенов республика басшылығында болған 6 жылда Қазақстанның экономикасы мен мәдениеті қарыштап алға басқанын төмендегідей деректермен көрсетеді: электр энергиясы қуатын өндіру – 2 есе, мұнай өндіру – 1,6 есе, көмір өндіру – 2 есе, цемент шығару – 15 есе, мақтадан мата тоқу – 5 есе, тоқыма сырт киім шығару – 3 есе, минералды тыңайтқыш өндіру – 2 есе, аяқ киім тігу – 4 есе, ет өндіру – 2 есе, қант өндіру – 1,5 есе, мал майын шығару – 1,4 есе, өсімдік майын шығару – 2 есе өскен. Егіс көлемі – 6 миллионнан 22 миллион гектарға, ірі қара мал саны – 5,5 миллион, қой мен ешкі – 28,5 миллион басқа дейін өсті. Халық шаруашылығында 125 мың жоғары білімді, 215 мың орта білімді мамандар қызмет етті. Бес жылда 690 мың пәтер салынып, 2,4 мың кәсіпорындар мен мекемелер іске қосылады. 6140 кітапхана, 5140 клуб, 4777 киноқондырғылар, 25 музей, 19 облыстық театрлар жұмыс істеп тұрды. Сөйтіп, халықтың әлеуметтік жағдайы, тұрмыс мәдениеті айтарлықтай жақсарды». [4]
«Ғ.Мүсірепов іссапармен Шымкентке келгенде профессор Керімбек Сыздықов серік болып, ол кісіні ертіп жүреді. Сол сапарда Ғ.Мүсіреповтың Ж.Тәшеновке қарап айтқан мына бір сөзіне куә болыпты. Ғ.Мүсірепов: «Біз ЦК емеспіз, біреуді бір орыннан алып, бір орынға қоя алмаймыз. Жазушы деген халық кісіге өз жүрегінен орын береді. Әр уақытта менің жүрегімнің төрінен орын алатын менің ер інім, еркек інім Жұмабектің мынау елге келген қадамы сіздерге құтты болсын деп тілек айтпақпын»,- деген екен.» [5]
Халық жадында Жұмабек Тәшеневтің республика экономикасының барлық саласын жетік білетін шаруашылықты талантты жүргізетін ұйымдастырушы, іскер басшы екендігінің көптеген мысалдары бар.
Жұмабек Ахметұлы Шымкент облысында атқару комитеті төрағасының орынбасары кезінде, күзде Түркістан аймағының мақташылары мақта тазарту зауытында су мақтаны кептіруге отын таба алмай қиналып жатқанда, сол ауданға уәкіл болып барған Жұмабек Тәшенев Қарағанды облысының басшылығымен хабарласып қажетті 1,5 мың тонна көмірді жеткіздіріп береді. Соның арқасында аудан мақта дайындау жоспарын 102,7 пайыз орындайды. Сонымен қатар Жұмабек Ахметұлы Түркістандағы Қ.А.Яссауи кесенесінің жанында топырақпен көміліп жатқан шығыс моншасын қалпына келтіріп іске жаратуды жүзеге асырады. Ж.Тәшеневтің іскерлігін, қабілетін Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы В.А.Ливенцовтың өзі мойындауға мәжбүр болған. Ол 1964 жылы Мәскеудің өкілі қатысып отырған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіндегі мәжілісте Н.С.Хрущев Ж.Тәшеневті намысына тиіп, қызметінен төмендетіп бізге облатком төрағасының орынбасары етіп жіберсе де, ол өзінің таңғажайып қабілетінің арқасында Оңтүстік Қазақстандағы ең құрметті адам болып отыр деп мәлімдеген. Жұмабек Тәшенев айтқанынан қайтпайтын, екі сөйлемейтін тік мінезді адам болған. Оның от шашқан көздеріне ешбір жан тік қарай алмайтын. Алайда, Жұмабек Ахметұлымен жақын араласқан адам оның ашық жарқын, жүрегі кең, жайдары жан екенін түсіне біледі. «Құнары жоқ қырқаға, көктеп өсіп гүл бітпес, ержігіттің тағдыры, туған жермен кіндіктес» – дегендей, қазақтың шұрайлы жерлерін кеңестік солақай саясатқа бағынбай, қорғап, халқына қол ұшын беруді өзінің азаматтық борышы деп ұғынды. Адамзаттың арман ойы таусылған ба? Бірақ, амал қанша, өмірден өзі кетсе де, көзі қалды, артында өнегелі ісі мен өшпес ізі қалды.
2.Тарау .Қазақстан тарихындағы Жұмабек Тәшенов қызметінің маңыздылығы мен Ж. Тәшенов туралы қазақ интеллигенциясының пікірлері.
2.1. Жұмабек Тәшеновтың аграрлық.мәдени салалардағы атқарған қызметтері.
Ұлтының басына күн туған, қиын кездерінде қасынан табылған Жұмабек қазақ жерінің телім-телім болып, ұстағанның қолында, тістегеннің тісінде кетпеуі үшін жан аямай күрескен ұлы отаншылы. Ата-баба аманатына адалдығымен, жерін жатқа беруге қарсы жан аямай күрескен ерлігімен, өз еліне адал азаматтығымен есте қалған қайсар азамат.
Ж.А.Тәшенов республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. Шығармашылық одақтар өкілдеріне үй-пәтер бергендігі үшін Алматының ортасында “қазақ ауылын” құрды деп айыпталды. “Қазақ әдебиеті” газетін жабудан, “Социалистік Қазақстан” газетін “Казправданың” аудармасы етіп шығарылу қаупінен қорғап қалды. Жұмабектей атамыздың ең көп айтылатын ерлігі: Қазақ жерінің талан-таржыға салуға қарсы күресі [6,б.214].
1950-1956 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Бостандық, Мақтаарал аудандарын Өзбекстанға беруге қарсылық көрсетті. 1950 жылдары Кеңес Одағының басшысы Н. Хрущевтің қолдауымен орыс шовинистері Қазақстанды паршалау арқылы, қазақтан келетін қауыптың алдын алуды жоспарлады. Ал өзбектер өзіне күндес, бәсекелес есептейтін қойдан қоңыр қазақтың жерін тартып алуды орыстардың қолымен, атап айтқанда Никита Хрущевтің қолымен жасады. Қай кезде де орыстар өздеріне келетін қауыпты ең алдымен қазақтан іздейтін [7, б.8]. Орыстар бірнеше түрлі саяси мақсаттағы жобаны ойлап, тауып жоспарлады. Тіпті, өздерінің сенімді адамдары арқылы Хрущевке мақұлдатты. Міне соның біріншісі, Бостандық ауданын Өзбекстанға қосу жоспары болатын. Өзбектердің көрсеткен себебінде, бұл аудандарға қазақтар Өзбекстан арқылы өтетіндігі мен Тәшкентке жақындығы айтылып, оның үстіне мақта мол шығатын аудандарды бір басшылыққа жинап, еңбек өнімділігі мен басқаруды қолайлы ету керек деп көрсетілді. Сол арқылы қазағы көп Оңтүстік аудандарды Өзбекстанға қосу арқылы қазақтың күшін әлсіретуді көздеді. Міне дәл сол кезде, 1955 –1960 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы қызметін атқаратын Жұмабек Тәшенов өзі төрағалық етіп, осы мәселе бойынша арнаулы комиссия құрды. Комисся шешімі бойынша: “Бостандық ауданының жері мал өсіруге ыңғайлы, құрылыс материалдарын өндіруге, су- энергетикалық қоры мол, қорғасын, көмір және машина жасау өндірістерінің жұмыскерлері демалатын санаторийлер ұйымдастыруға өте қолайлы. Сондықтан бұл ауданды Өзбекстанға беруді қолайсыз санаймыз” деген шешім шығарады [8,б.8].
Комиссия шешімі 1955 жылдың 1 маусымында Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Л.И. Брежневке жіберіледі. Л.И. Брежнев басқарған комиссияның қорытындысына қарсы келмеді. Қайта қолдау білдіріп, “Бостандық ауданы Өзбекстанға берілмесін” деген қаулы қабылдайды. Өкініштісі, Москва өз шешімдерін өзгертпеді. Осылайша қасиетті қазақ жері өзбектерге беріліп кетті. Тіптен кейін өзбектер осы тәсілмен Мақтарал ауданын, Түркістан, Бағыс ауылдарын иемденіп кетті. Ал қазақтың салақ басшылары бұл мәселеде салғырттық істеп, өзбектерге көмектесті. Десе де қазақтардың тепкінді қарсылығы Москваны ойландырып тастады [9,б.3].
Солтүстік облыстарды, Тың өлкесін Ресейге қосуды тоқтатты. Академик Б. Ермұқанов «Сіз бізге қарсы емессіз, сіз өз күйіңізді күйттейсіз» деген мақаласында мынадай мысал келтіреді: ғұндардың ұлы мемлекетінің іргесін қалаушы Модэге (б. з. д. 209 ж.) дұшпандар келіп, одан сәйгүлік арғымағын беруді талап етіп, сонан соң ғұндардың аса сүйікті әйелдерінің біреуін алып кетуін емеурінмен білдіреді, ол сұрағандарын береді. Ал олар жердің бір бөлігін алғысы келгенде, ол ашуға булығып: «Жер — мемлекеттің тұғыры, оны қалай беремін?», — дейді. Ол өзіне жерді беру жөнінде кеңес айтқандардың бәрінің бастарын шауып, жауларға тарпа бас салып, оларды талқандаған [10,б.138]. Одан әрі мақала авторы мына жәйтке назар аудартады: «… 60-шы жылдардың бас кезінде Никита Хрущев Қазақстанның бес облысы (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Ақмола, Павлодар) кірген Тың өлкесі деп аталатын құрылым арқылы өлкені тікелей орталыққа бағындырып, іс жүзінде қазақ жерін күштеп бөлшектеуге жанталаса ұмтылған кезде республиканың аумақтық тұтастығына айтарлықтай қатер төнген еді. Бағымызға қарай, осы сәтте Хрущевтің буынсыз жерге пышақ салған ұсынысына өжет басшы — Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы Ж. Тәшенов батыл қарсы шықты. Ақыры Одақ басшысының бұл даурықпа дәмегөйлік пиғылы жүзеге аспай қалды»
Ж. Ташенев 30-50- ші жылдары саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау ісіне маңызды үлес қосты. Құрылған арнайы комиссия жігерінің және оның принципті басшысының арқасында жақын арада көптеген аман қалған қазақ ғалымдары, әдебиетшілері және саяси қайраткерлері қуғыннан қайтарылды және абақтыдан босатылды. Олардың арасында атақты тарихшылар Ермұхан Бекмаханов, Бек Сүлейменов, Есмағанбет Исмаилов, Хамза Есенжанов, Зейін Шашкин және де орыс жазушылары Галина Серебрякова и Александр Солженицын. Қазақ халқының атақты ұлдары Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгуровтың адал аттары құқығы қалпына келтірілді. Ұлт әдебиетінің атақты классиктерінің шығармалары оқырмандарға қайтып келді.
Кремль ойланатындай ол Қазақстан аумағында ядролық сынауларды өткізуге қарсы шықты. КСРО экономикалық апат алдында болды және полигонды ұстау үлкен мәселеге айналды [11].
Бұл адам қарапайым адамдарға ниеттес қарым – қатысымен таңғалдырған, олардың мәселелерін тез шешетін. Жұмабек Ахметұлы Алматының орталығында салынған 120-пәтерлік тұрғын үйді Қазақстанның мәдени қызметкерлеріне бергізді. Ол Мұқтар Әуезовтың «Абай жолы» романын Ленин сыйлығына ұсынуды бастамашылық етті.
«Қазақ әдебиеті» газетін жабудан құтқарып қалды, ал «Социалистік Қазақстан» газетін «Казправдының» аударма нұсқасы болатын айбаттан қорғады.
Сондай-ақ ұлтқа қарсы жасалған қиянатқа көнбейтін, қазақтың келешегіне балта шабар науқаншылдыққа төзбейтін Тәшеновтің үлкен ерлігі мынандай бір оқиғадан анық көрінеді.
1958 жылдың 28 шілдесі. Атақты Орталық Комитеттің мәжіліс залы. Шұғыл шақырылған мәжілістің күн тәртібіндегі мәселе біреу-ақ, ол – «Қазақ әдебиеті» газетін жабу. Қызыл идеологтардың пікірінше, негізін қазақ кеңес әдебиетінің басында тұрған алыптар қалаған газет қаратабан пролетариаттың жырын жырлаудың орнына «халық жауларының» сойылын соғып кеткен. Сыныққа сылтау болатын сұмдық айыптаулардың өзі әлденеше бетке жетіпті.
Алдын-ала дабыра қылмаса да, мәжіліске қатысуға Сәбит, Ғабиттермен қатар А. Жұбанов, Ә. Сәрсенбаев, Р. Бердібаев, Қ. Жұмалиев,
Қ. Мұхамеджанов, Қ. Тоғызақов пен С. Шаймерденов келіпті. Олар осы орынсыз шешімге қарсылар тарапынан орын алды. Әсіресе, «газетті менің өлімімді аттап барып жабады», - деген партизан ақын Ж. Саинның беті қатты. Ең өкініштісі – ұлттың намысына айналған басылымды тұншықтырушылардың алдын-ала дайындалған жалбаңбайлардың жарыс сөзінен кейін ғана «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы С. Мәуленовке сөз тиеді. Төрде төбедей болып отырған Ж. Тәшеновтің «Тайсақталмай батыл сөйле!» деген сөзіне арқаланған ақын ойындағысын ірікпей айтыпты. Орталық комитет өкілдері Яковлев, Журин, Гавриловтар осы мәжілісте оңбай жеңілді.
Ж. Тәшеновтің табандылығының арқасында С. Мәуленов қызметінен алынғанымен «Қазақ әдебиеті» аман қалады. Сол жылдар естелігіне сүйенсек, жаны сыршыл Сырағаң қызметтен қағылғанын мәнзүр қылмастан Комитет ғимараты алдындағы жиналған жанашырлар ортасында «Біз жеңдік!», деп гүр-гүр етіп жүрді деседі [12].
Жұмабек Ахметұлы өз кезінде өнер, мәдениет, ғылым саласындағы адамдарға да қолынан келгенше қамқоршы бола білген кісі. Академик Шапық Шөкиннің айтуынша, кейіпкеріміз 1960 жылы Үкімет басшысы болған кезде қазақ-орыс сөздігін алғаш құрастырған көрнекті ғалым Хайрулла Махмудов оның қабылдауында болады. Өзінің жай-күйін айтып, баспана жөнінен көмек сұрайды. Сонда Жұмабек Тәшенев: «Сіздей адам қалай үйсіз жүр? Қаладағы салынып жатқан үйлерден қалаған пәтеріңізді көрсетіңіз. Сол сіздікі болады», – дейді. Сөйтіп, Х.Махмудов Алматының шуылы аздау тыныш жеріндегі пәтерге ие болады. Жұмабек Ахметұлы 1958 жылы қазақ өнері мен әдебиетінің Мәскеудегі онкүндігін өткізуге үлкен күш-жігер жұмсайды. Сонымен бірге, Қалибек Қуанышбаев, Роза Жаманова, Ермек Серкебаев, Шәкен Айманов, Мұқан Төлебаев сияқты өнер тарландарына одақтағы ең жоғары КСРО халық әртісі атағын алып беруде де үлкен қажырлылық көрсетеді. Осыған дейін жоғарыдағыдай көлемде үлкен бір топ болып жоғары атақ алу қазақ топырағында болмаған екен. Сондай-ақ, 1960 жылы ол кісі Алматыдағы қазіргі Қонаев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы сәулетті 120 пәтерлік үлкен үйді түгелімен дерлік өнер және әдебиет қайраткерлеріне бергізеді. Жұмекең атамыз қазақ арасынан шыққан кемеңгер тұлғаларға бір көшенің өзін беруге қимай, үнемі сараңдық танытқан Мәскеуді Алматының ең үлкен еңселі көшесіне Абай Құнанбаевтің есімін беруге және сол көшенің қақ төріне ақын ескерткішін қоюға көндіреді. Халқымыздың рухани оянуынан тайсақтап, сан түрлі сылтау айтқандарға Қазақстан Үкіметінің басшысы Тбилисиде – Руставелидің, Мәскеуде – Горькийдің, Ташкентте – Науаидің атындағы көшелер, ескерткіштер бар екендігін бұлтартпас дәлел ретінде келтіріп, бүгінде көзіміз көріп, тамашалап жүрген Абайдың алып ескерткішінің орнатылуына септігін тигізген.
Репрессия құрбандарын ақтау комиссиясының төрағасы ретінде талай-талай мықтыларымыздың ақталуын жеделдетуі, сондай-ақ, қазақ кадрларын билікке тарту және т.б. тізбектеп келтіре беруге болатын қызметтері аз болған жоқ. Міне осы оқиғадан Ж.Тәшеновтің тек қазақ халқының жерін сақтап қалуға ғана емес, сонымен бірге мерзімді басылымдардың қыл үстінде тұрған тағдырына да арашашы болғандығын көріп отырмыз.
Жұмабек Тәшенов осындай акциялар өткізді: - ол Алматы қаласының бас магистральдарының бірін Абай даңғылы деп атау және оның басында ұлы ойшыл мен ақынға ескерткіш орнату туралы ұсыныс жасады. - Қазақстанның КП ОК бірінші хатшысы Жұмабай Шаяхметов жанында басталған істі аяғына дейін жеткізу үшін Медеу шатқалында спорт кешенінің құрылысын жүргізу үшін өзінің аға әріптесін, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Төрағасы К. Е. Алматы қаласында Ворошилова Медеу тауына құрметті қонақты апарып, әдемі шатқалды көрсетіп, оны қызықтырды және өзінің өтінішін негіздеп, кешенді аяқтау үшін қажетті қаражатты "таңдады" ;
- КПСС ХХ съезінің шешіміне сәйкес барлық республикалар бойынша "халық жауы" деп аталатын күрес компаниясының қаралы жылдары қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау жөніндегі комиссия құрылды, оның ішінде қазақ халқының көптеген даңқты ұлдары мен құрбандары болды. Міне, осындай жөніндегі Комиссияға қалпына келтіру мейірімді еске алу өтірік жаламен айыпталған және сотталғандардың ақтап алі ісін қазақстанда басқарған- Жұмабек Ахметұлы Тәшенов; - ол 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнері мен әдебиеті онкүндігінің бастамашысы болды, Қазақстандық әдебиет пен өнер қайраткерлерінің мемлекеттік наградалармен лайықты бағалануына, ал бес көрнекті әртістерге "КСРО Халық әртісі" деген жоғары атақ берілуіне жан-жақты ықпал етті;; - Алматы орталығында салынған 120 пәтерлі үйді Қазақстанның көрнекті мәдениет қайраткерлеріне толық берілуіне қол жеткізді, олардың көбі жылдар бойы Алматы қаласында пәтерсіз тұрып қалды; - Мұхтар Әуезовтың "Абай" романын Ленин сыйлығына ұсынуға бастамашылық етті; - оның бастамасы бойынша Социалистік Еңбек Ері күрісші Ыбырай Жақаев пен шопан Жазылбек Қуанышбаев екінші жұлдызына ұсынылды; – ол Жезқазғандағы геологиялық партияның басшысы Шахмардан Есеновты бірінші болып қабылдап, оны Қазақстан Республикасы Геология министрінің орынбасары етіп тағайындады.; - Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновке үшінші Алтын Жұлдыз беруге, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы мен Рахымжан Қошқарбаевқа Алтын Жұлдыз беруге жан-жақты жәрдемдесті, - Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтарға қарсы батыл мәлімдеме жасады.
Жұмабек Тәшеновтың ел тарихындағы алатын орны мен маңыздылығы
Жұмабек Тәшеневтың тірі кезінде ел арасында оның «кісендегі жолбарыс» деп аталуы да бекер емес. ...Ол, біріншіден, Абайды ұлықтау арқылы өз халқын да өркениетке бір табан жақындата түсерін білді.
Алайда ол кезде мәселенің барлығы Кремльде шешілгені мәлім. Ақша жоқ деп болмашы шығынның өзін қиынсынған орталықтағы шенеуніктерге ол Тбилисиде – Руставелидің, Мәскеуде –Горькийдің, Тәшкентте – Науаидің сондай ескерткіштері барын алға тарта отырып, ұтымды сөзбен бұлтартпастай делел келтіреді.
Мәскеудегілер амалсыз мойынсұнып, Абайдың атымен көше атауға және алып екскерткішін орнатуға рұқсат береді.
Екінші, сталиндік қызыл террордан жазықсыз жапа шеккендерді ақтау кезінде айырықша белсенділік танытуы. 1956 жылы 25 ақпандағы КПСС-тің ХХ съезінен кейін жылымықтың басталғаны мәлім. Сол кезде репрессия құрбандарын ақтау жөніндегі республикалық комиссияның төрағалығына Жұмабек Ахметұлы сайланып, Е. Бекмаханов, Қ. Мұхамедханов, Х. Есенжанов, З. Шашкин сынды қазақ ғалымдары мен ақын жазушыларын сөзбұйдаға салмай, абақтыдан дереу шығаруда үлкен еңбек сіңіреді.
Үшіншіден, 1958 жылы қазақ өнері мен әдебиетінің Мәскеудегі он күндігін абыроймен өткізуге барын салып, бес бірдей қазақ өнерпазына ең жоғарғы атақ КСРО Халық әртісі атағын алып беруі.
Осыдан кейін мұншама әртістің бір мезгілде жоғарғы атақ алуы қазақ топырағында бұрын соңды болмаған екен.
Төртіншіден, «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерін жабылудан аман алып қалуы.
Бесіншіден, Медеу мұз айдынының салып біріруіне күш салуы.
Алтыншыдан, халық батыры Б. Момышұлына Кеңес Одағының батыры атағын алып беруге әрекеттенуі. Бұл мәселе шешілмесе де, Ж. Тәшенов Бәукеңнің «Москва үшін шайқас» кітабының идеологиялық бөгеттерді бұзып өтіп, жарық көруіне септігін тигізді.
Жетіншіден, ол қолында билік тұрғанда қазақтың барлық талантты өнерпаздарына, дарынды тұлғаларына жақсылық жасаған. Еңбек майталмандары Ыбырай Жақаев пен Жазылбек Қуанышбаевтың Еңбек Ері атануы да, Нұрмолда Алдабергеновтың екінші рет Еңбек Ері атануы да Жұмекеңнің тікелей араласуымен біткен іс. Мұхтар Әуезовтың Лениндік сыйлық алуына да көп күш салған дейді білетіндер.
Сегізіншіден, ұлттық кадрлардың өсуіне, олардың жоғары өрлеуіне де Жұмекең қолдан келген барлық жақсылығын аямаған.
Тоғызыншыдан, ол өзінен жоғары мансаптағыларға иіліп-бүгілмей, терезесі тең адамша мәміле жасаған.
Оныншыдан, Түркістандағы Қ.А. Яссауи кесенесінің жанында топырақпен көміліп жатқан тас моншаны қалпына келтіріп, іске жаратуға да мұрындық болады.
Ұлтжанды азаматтың ерліктерінің ішінде Қазақстанның солтүстіктегі облыстарын аман алып қалғанын ерекше атап өтуге болатын оқиға. Тарихта белгілі 1953 жылы қыркүйек айында Никита Хрущев КОКП ОК бірінші хатшысы болып сайланады, ал 1958 жылы огың жеке-дара билікке келуі сонымен қоса КСРО Министрлер Кеңесінің Төрағасы міндетімен аяқталды. 1960 жылы онда КСРО-ң алып территориясының «шексіз» иесі «халықтар көсемінің» барлық атрибуттары болды. Келесі авантюристік шешімдер мен бейбастық қылықтарының екпінімен Никита Хрущев: «мемлекеттің халық шаруашылығын аймақтық басқарудың мезгілі жетті ... келешекте ркспубликалар арасындағы шекаралар жойылады ... бұл ақ моламен істі аяқтау керек» деп мәлімдеді. Соңғысы кейіннен өзі Целиноград қаласы деп аты ауыстырылған Ақмола жайында болатын. Әрі қарай Н.Хрущев жиналыста «бір кейінге қалдыруға болмайтын мәселе бар, республика жерінің ауданы жайында. Осы мәселе бойынша біз Қонаев мырзамен және облыс басшыларымен пікір алмастық. Олар біздің ұсынысымызды қолдап отыр. Енді, Жұмабек Ахметұлы (авт. еск. Сол кезде ҚазКСР Миннистрлер Кеңесінің Төрағасы болып табылады), осы мәселе жайында мен сіздің пікіріңізді тыңдасам деп едім». Дәл осы кезде осыған дейін ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумінің Төрағасы міндетінде қызмет еткен Жұмабек Тәшенев бас хатшы Никита Хрущевтың империялық талпынысы пайдасында Қазақстан картасын сөгіп Қазақстанның бес облысын көрші республикаға беруге ашық түрде қарсы шықты. Тәшеневтың Хрущевке айтылған айтылған келесі жауабы тарихи қанатты сөздер болып калды: «Мен Ақмолада туылғанмын. Он екі жыл Солтүстік Қазақстанда жұмыс стедім. Менің ата-анам мен олардың әке-шешелері және біздің барлық ата-бабаларымыз осы жерде жерленген. Енді сіз сол жерді Ресейге бермекпісіз? Жолдастар, ойланыңыздар, қай қазақ бұнымен келіспек?! Ойланыңыздар жолдастар! Мысалға мен бұл мәселенің қарастырылуына ғана емес, тіпті күн тәртібіне қойылуына мүлде қарсымын! Бұған шамданып қалған Хрущев «КСРО біртүтас мемлекет, сондықтан қай республикаға қандай жерді беру керектігін біз сізден Тәшенев сұрамай-ақ шеше аламыз» дегенде: «Олай болса бұл КСРО Конституциясына қарсы шыққандарыныз. Ал онда әрбір республиканың аумағы оның бұлжымас меншігі делінген. Егер Конституцияның бұл талабы ерескел бұзылатын болса, біз халықаралық ұйымдардың араласуын сұрауға қақымыз бар», - деп Тәшенев тойтарып тастайды. Оның бұл сөздерін естіп, қатарлас отырған Д. Қонаев өзі Жұмекеңнің батылдығына таңғалғаның жасыра алмай, қонақ үйге келе жатып: «Сіздің жүрегіңіз, Жұмеке, адамдікі емес, арыстандікі шығар» деген екен». Ондай қарсыластық күтпеген Хрущев тек қана кешкі ойланғаннан таңертең ойланған тиімдірек деп айтты, себебі жиналыс Ақмолада кешке өткізілген болатын. Таңертең ол Шортанды аудан орталығына демалуға кетеді, ал бір айдан соң Ж.Тәшеневты оның жоғарғы лауазымынан босатып, Шымкенттің (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы) Облисполкомы төрағасының орынбасары етіп жіберді [13].
Қасында болғандардың айтуынша, тек осы үшін ғана Никита Хрущев үреймен өзінің «тың эпопеялары» империялық қисығы бойынша КСРО-ң географиялық картасын қайта пішу ойсыз және сандырақ идеясынан бас тартты. Бір жыл бұрын ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумінің Төрағасы міндетіндегі сәтті қызметінен кейін ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы міндетіне ол өзі ұсынған «Өз адамы» деп есептеген Тәшенев қазақтардың атынан «орталықтың» қалауына қарсы шығып отырғанда, барлық халықтың мүмкін болатын қарсылығы жөнінде не айтуға болады. Мүмкін сондықтан кейіннен жиырма жылдай Қазақстан территориясынан «орталық» қайырғы жерлердің ең дәмді кесектерін үзіп алу талпынысына ұшыраған жоқ.
«Қазахстанская правда» газетіндегі «Сіз бізге қарсы емес, сіз - өзіңіз үшін» мақаласында академик Б. Ермуханов «... 60-ы жылдардың баында Мәскеудің бастамасымен Қазақстанның бес солтүстік облысы кіретін Тың аймақтың көмегімен аймақты тікелей орталыққа бағындыратын, іс жүзінде қазақ жерлерін шеттететін республика территориясы тұтастығына шынайы қатер төнді. Бақытымызға қарай Хрущевтың ұсынысына батыл қарсы шыққан қайратты басқарушы – ҚазКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Ж. Тәшенев табылды. Көпірмелі ниет сәттілікпен аяқталмады. Украинаға сыйға тартылған Крым мысалындай, өкінішке орай Ж. Тәшеневтың теңдесі жоқ әрекетін бағалауға болатын еңбектері тиісті көрініс таппады"[6]. Сонымен қатар академик Манаш Қозыбаев «... Ж. Тәшенев және басқа тұлғалар Қазақстан аумағында ядролық сынақтарға қарсы шығып, өктемдік құрбандарына айналды» деп көрсеткен [14].
Аталған ерлік көрсеткен Республика Министрлер Кеңесінде бір жылға жетер-жетпес уақыт жұмыс істеген Ж.Тәшеневті “бөгде ойлы адам” ретінде күстәналап, Н. Хрущевтің нұсқауымен Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті төрағасының қатардағы орынбасары қызметіне тайдырып жіберді, осында ол 1975 жылға дейін, зейнеткерлікке шыққанша абыройлы жұмыс істеді. Елім деп еңіреген, отансүйгіш аптал азаматты осыншалық батпандай зұлымдық жазадан Н. Хрущевтің қызметі қатал сынға ұшыраған КОКП Орталық Комитетінің 1964 жылғы қараша пленумынан кейін де заман зауалы ахуалымен ҚазақКОК-нің атақты бірінші хатшысы Д. Қонаевтың өзі де ақтай алмады. Керісінше, (Ж. Тәшенев республикалық тақтан кеткен сон) "... дәл осы тұста құрамына Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Қазақстанның Шымкент облысы басшылары енген Орта Азия бюросы құрылды. Хрущевтің күллі жымысқы ойы осыдан кейін тайға таңба басқандай айқын болып еді. Ол болашақта республика арасындағы шекараларды жою жөніндегі өз идеясын қалайда тезірек жүзеге асырмақ”, – деп Д. Қонаев жазды [15].
Егер Солтүстік Қазақстанның бес облысын сақтап қалу мәнін қазіргі әлеуметтік-экономикалық шынайылықтардың призмасы арқылы қарастырсақ, онда оның республикамыз үшін ролі күмәнсіз. Тәшенев қорғап қалған аумақтың жалпы ауданы орта есеппен Қазақстанның барлық территориясының бестен бір бөлігі, яғни 565,4 мың шаршы км. немесе 3,7 млн. адам (1999 ж. санақ нәтижесі бойынша) тұратын немесе ел тұрғындарының төрттен бір бөлігі тұратын аумақты құрайды. Соның арқасында Қазақстан Солтүстік Американың (АҚШ-ң солтүстігі мен Канада), Еуропада (Франция, Украина, Ресейдің оңтүстігі), оңтүстік жартышарда (Әсіресе Аргентина мен Австралия) сияқты жерлерді өзіне қосатын бидай белдеуіне кірді және ірі бидай мәдениетін өндірушілер құрамына кірді.
Жалпы Қазақстан КСРО қоластында болғанда үлкен басшылықта қызмет еткендер арасында ұлттық мүдде үшін тайсалмай сөйлеп, ашық алысқан жалғыз Жұмабек Тәшенов десек, қателеспейтін шығармыз.
2.3. Жұмабек Тәшенов туралы қазақ интеллигенциясының естеліктері мен пікірі.
Еліне адал қызмет жасаған қоғам қайраткерінің өмірлік ұстанымдары мен адамгершілік, азаматтық қасиеттері жайында замандас, үзеңгілес достары, аға тұтып, қамқорлығын көрген азаматтар осы күнде де сол бір қазақтың батыр ұлы туралы естен кетпейтін естеліктерін жариялауда. Олардың өзін мазмұн-мағынасына қарай бірнеше топқа бөліп, тарихи дерек ретінде қарауға болады. Қайраткермен бірге қызмет жасаған достарының естеліктері, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан уақытындағы әріптестерінің жазғандары, туыстарының жазған естеліктері, әр кезде түрлі жағдаймен алдына барып, оның жанашырлық қамқорлығын көрген азаматтардың естеліктері және ұлтжанды ақындардың туындыларын атауға болады.
Елімізге танымал ақын, қоғам қайраткері Кәкімбек Салықов, өзінің Жұмабек Тәшеневке арнаған «Дарабоз туған ер қазақ» [16, 131] атты толғауында:
«...Сыр бермесе кеңестік сұм сойылға,
Өз басы емес, ел тұрды оның ойында.
Бурабайда Жеке батыр секілді,
Ұйықтап жатыр Сырдария бойында.
Тарлан тарих ашса ақиқат есігін,
Сағыныпты асыл ұлы Есілін.
Елбасының бұл да тура шешімі,
Астананың көшесі алса есімін.
Осы дерсің тәуелсіздік жеңгенді,
Еңсесін көтерді ғой ел де енді.
Ол туған ел қай жерінде жатса да,
Барша қазақ жүрегінде жерленеді...», - деген, жыр жолдарын келтірген.
90-нан асқан Қарағандылық қария ақын, өткен жылы ғана өмірден өткен Махмет Темірұлы, ақын, студент кезінде Қарағанды қаласында Бүркіт Ысқақов бастаған достарымен бірге ЕСЕП (Елін сүйген ерлер партиясы) партиясын құрғаны белгілі, Нұра ауданының құрметті азаматы.
Жұмабек Ахметұлы алғашқы еңбек жолының бірін Нұра ауданының ортасында бастағаны белгілі.
Ақын Алаштың абзал азаматы Жұмабек Тәшеневке арнаған «Аждаһаны ауыздақтаған баһадұр» [16, 117] атты толғауында
«...Жаралған алып батыр, ердің ері,
Қазақтың асып туған кемеңгері.
Жұмекең жан пида деп кіріспесе,
Зар жылап қалар еді Қазақ елі.
Әл жетпес ауыр жүкті шыққан сүйреп,
Мұндай жан бұл өмірде туар сирек.
Меншіктеп ала жаздап қалған жоқ па,
Шұрайлы қазақ жерін тегіс билеп...», - деген жыр жолдары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |