Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Акулов А.И. Технология и оборудование сварки плавлением. – М.: Машиностроение, 1977.
2. Чернышов Г.Г. Технология электрической сварки плавлением. – М.: Академия, 2005.
3. Чвертко П.И., Патон В.Е., Тимченко В.А. Оборудование для механизированной дуговой сварки и наплавки. - М.: Машиностроение, 1981.
4. Технология электрической сварки металлов и сплавов плавлением. Под ред. Б.Е. Патона. - М.: Машиностроение, 1974.
№3 зертханалық жұмыс. Флюс қабаты астындағы дәнекерлеу технологиясын және жабдықтарды зерттеу (4 cағат)
1. Жұмыстың мақсаты: Флюс қабатының астындағы автоматтардың құрылымын және болатты дәнекерлеу технологиясын зерттеу.
2. Жұмыстың тапсырмалары: Флюс қабатының астында дәнекерлеу автоматтарының механикалық және электрлік бөліктерінің құрылымын және жұмыс істеу принцпін зерттеу, болаттарды дәнекерлеу үшін қажетті режимді анықтау, осы параметрлерге сүйене отырып, флюс қабатының астында дәнекерлеу орындау.
3. Құрылғылар, құралдар, жабдықтар:
- ТС-17 дәнекерлеу тракторы;
- АДС-1002 дәнекерлеу тракторы;
- А-384 дәнекерлеу басы;
- дәнекерлеу немесе балқытуға арналған болаттан жасалған үлгілер;
- өлшейтін құралдар (сызғыш, штангенциркуль);
- Св-08А дәнекерлеу сымы;
- АДФ-1005 дәнекерлеу тракторы;
- ВДУ-1250 қоректену көзі.
4. Жұмыстың мазмұны:
Флюс қабатының астында дәнекерлеу жартылай автоматтармен және автоматтармен орындалады. Флюс қабатының астындағы дәнекерлеуге арналған жартылай автоматтарда дәнекерлеу процестерін визуальді бақылау және дәнекерлеу саңылауын ауыстыру алмағандықтан аз қолданылады.
Доғалық дәнекерлеу электродтарын қабығына кіретін компоненттер дәнекерлеу флюсінде де қорғауыш аймақ ретінде қолданылады:
- Тұрақтандырғыш:
- Шлактүзуші:
- Газтүзуші:
- Тотықтырушы:
- Легерлеуші:
- Байланыстырушы.
Осындай флюстардың құрамына кальций, кремний, марганец, титан, алюминий, хром, оксилдары және кальций, натрий, калий фторидтары (болатты және мысты дәнекерлеуге арналған флюстар), хлоридтар мен калий, натрий, алюминий фторидтары(алюминийді дәнекерлеуге арналған флюстар) кіреді.
Дәнекерленетін металдың химиялық құрамына ұқсас болатын дәнекерлеу сымы алынады. Сымның диаметрі 2-6мм дейін болады, бірақ көбінесе 3-4мм қолданады.
Флюс қабатының астында дәнекерлеу режимінің параметрлеріне мыналар жатады:
дәнекерлеу сымының диаметрі мен маркасы;
флюс маркасы;
дәнекерлеу тоғының күші ІСв, А;
тоқтың полярлығы;
доға кернеуі UД, В;
электрод шығарығы LҒ, мм;
сымның берілу жылдамдығы VCв, м/с;
жік өткізу саны, n, дана.
3.1- сурет - Флюс асты автоматты доғалық дәнекерлеу сұлбасы:
1- беруші роликтер; 2- электродтық сым; 3- токөтпел; 4- флюс; 5- ерітілген флюс; 6- шлактың қабығы; 7- дәнекерлеу жігі; 8- дәнекерлеу ваннасы; 9- газдық көпіршік; 10- доға
Дәнекерлеуге дейінгі металдың бұрыштық шеттерін (кромки) және жіктердің параметрлерін МЕСТ 8713 бойынша дайындау қажет. Металдың қалыпты балқуын алу үшін дәнекерлеу тоғын мына жағдайда аламыз: 1 мм-ге = 100A, яғни ІСв=(80÷100)S, А, мұндағы S- ерітілетін бөлшектің қалыңдығы, мм, дәнекерлеу жылдамдығы VCв=15-40м/сағ, қалған параметрлерді осы шамаларға келістіріп алады. Өткізу саны n жік қимасының ауданын (мм2) 1 рет өту ауданына бөлу арқылы есептеледі: бұрыштық дәнекерлеу кезінде 64 мм2, ал «қайықша» дәнекерлеу кезінде 124 мм2 тең болады.
Флюс қабатының астында дәнекерлеу автоматтар мен тракторларға келесі механизмдер кіреді:
арбашық;
сымды беру механизмі;
флюстік бункер;
басқару пульті;
дәнекерлеу мундштігінің бұрылуын реттеу механизмі;
тоқ өткізгіш мундштугі.
5. Жұмыстың орындалу тәртібі:
5.1 Дәнекерлеуге арналған болат үлгілерін алу;
5.2 Флюс қабатының астында дәнекерлеуді жүзеге асыратын ТС-17, АДФ-1005 және АДС-1002 құрылғыларын зерттеу;
5.3 Дәнекерлеу тракторын жұмысқа дайындау;
5.4 Оқытушының басшылығымен дәнекерлеу тракторын қосу, дәнекерлеу режим параметрлерін реттеп қою;
- дәнекерлеу тоғының күші;
- доға кернеуі;
- электрод шығарығы;
- сымның берілу жылдамдығы;
- дәнекерлеу жылдамдығы;
5.5 Орнатылған режимдер бойынша қорытпалар орындап, көрсеткіштерін 3-кестеге енгізу;
5.6 Жік сапасын сыртқы бейнесіне қарап және геометриялық параметрлерін өлшеу арқылы бақылаймыз. Жік енін және ұзындығын 3- кестеге жазу.
3- кесте
ІСв,А
|
UД,B
|
Vэл, м/сағ
|
VСв, м/сағ
|
b,мм
|
h,мм
|
|
|
|
|
|
|
Жасалған қорытпалардың мәндері (ені мен биіктігі) бойынша келесі графиктерді құру: h = f(ІСв); b = f(UД); F = f(Vэл); FB = f(VСв);
6. Есеп беру мазмұны:
6.1 Жұмыстың мақсаты мен тапсырмалары.
6.2 Жұмыстың орындалу тәртібі.
6.3Флюс қабаты астында дәнекерлеу тракторының сыртқы түрі.
6.4 Параметрлер кестесі.
6.5 Режим параметрлерінің жік өлшеміне сәйкес графиктері.
6.6 Қорытынды.
7 Бақылау сұрақтары:
1. Флюс қабаты астындағы автоматтың негізгі құрылғыларын атаңыз?
2. Флюс қабаты астындағы дәнекерлеу режимдерінің қандай параметрлерін білесіз?
3. ТС-17, АДФ-1005 дәнекерлеу тракторы қандай механизмдерге ие?
4. ТС-17, АДС-1002, АДФ-1005 тракторларының дәнекерлеу жылдамдығы қалай бақыланады?
5. Дәнекерлеу жігінің формасына режим қалай әсер етеді?
Достарыңызбен бөлісу: |