КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ:
«Қызықты математика» курсының барысында оқушылардың танымдық құзыреттілігін дамытуға жағдайлар туғызу. Өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамыту.
КУРСТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
«Қызықты математиканың» теориялық материалдарын жинақтау;
«Қызықты математика» бағдарламасына сараптама жасап, зерттеу іс‑әрекетіне сәйкес келетін тақырыптарды анықтау;
Қызықты есептерді бірнеше тәсілдермен шешуді қолдана отырып, оқушылардың теориялық білімін жүйелеуге және практикада қолдануына, қалыптасуына жағдай туғызу;
Оқушының пәнге деген қызығушылығының деңгейін сезінуге, оны игеруде өз мүмкіндігін болашаққа бағыттап, бағалауға көмек көрсету;
Оқушылардың жобалау іс‑әрекеттерін ұйымдастыру.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:
«Қызықты математика» курсын ойдағыдай толық меңгерген, танымдық құзыреттілігі дамыған, өз бетінше жұмыс жасауға қалыптасқан тұлға.
ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР:
Сауалнамалар;
Тесттер;
Зерттеу және даму мониторингтері;
Шығармашылық тапсырмалар;
Рефераттар;
Жобалар;
В.А.Андреев ықпалымен өзім жасаған тест‑сауалнама;
Оқушылардың шешуші құзыреттіліктерінің қалыптасу сапасы мен деңгейін анықтау (П.И.Третьяков);
Блум таксономиясы бойынша жұмыс істеу – тұлғаның білімін, шығармашылық деңгейін анықтау;
Оқушылардың жетістерін өлшеу ретінде тапсырмалар жүйесін құру матрицасы;
Курстың білім аумағы бойынша оқушы жететін нәтижелері.
«ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА» КУРСЫНЫҢ
БЕЙІНДІ ОҚЫТУДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Оқушылардың іздеу, зерттеу дағдыларын жетілдіру жұмыстары қазіргі заман талабына сай болуы мәлім. Яғни, одан әрі дамуы үздіксіз білім беру жүйесінің тиімді ұйымдастыруымен тығыз байланыс арқылы жүзеге асырылады. Курстың компонент мазмұнын ашуда бейінді дайырлық жұмысыны жүргізуде, болашақта шағын бизнес, программист мамандығына баулуда 5-9 сыныптары аралығында «Қызықты математика» бағдарламасы жасалды.
Бағдарламаның маңыздылығы:
Достарыңызбен бөлісу: |