І бөлім. 10 сынып 10- сыныптар үшін аптасына 1 сағат, жыл бойына 34 сағат тарау. Логика және арифметика (7 сағат)
Логикалық және арифметикалық есептер. Қатынастарға байланысты, схемалардың, кестелердің көмегімен шешілетін логикалық есептер.
2- тарау. Алгебралық өрнектер (7 сағат)
Мәселе есептер. Проценттер мен күрделі проценттер, ерітінді мен қоспа, жұмыс өндірісіне байланысты және қозғалысқа есептер
тарау. Функция графиктерін салу (13 сағат)
Функция. Негізгі элементар функциялар және олардың графиктері. Функцияларды түрлендіру. Графиктерін параллель көшіру(жылжыту) әдістерін қолдану. График бойынша функция формуласын жазу.
тарау. Тригонометриялық функциялар (7 сағат)
Тригонометриялық функцияларды қосу (азайту). Тригонометриялық функцияларға кері тригонометриялық амалдар қолдану.
ІІ бөлім. 11 сынып 11- сыныптар үшін аптасына 1 сағат, жыл бойына 34 сағат 5- тарау. Комбинаторика (7 сағат)
Орналастыру, алмастыру, теру. Ньютон биномы. Оқиғаның ықтималдығын есептеу үшін комбинаторика формулалары мен Ньютон биномын қолдану. Бернулли формуласы.
6- тарау. Модуль таңбасымен берілген теңдеу, теңсіздіктерді шешу. (9 сағат)
Модуль таңбасымен берілген сызықтық, квадраттық, кері функциялардың және тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу, функциялардың графиктерін салу.
7-тарау. Туындыны қолданып есептеулер (11 сағат)
Функцияның дифференциалы. Дифференциалды жуықтап есептеуге қолдану. Функцияның графигіне жүргізілген жанама мен нормальдің теңдеуі. Екінші ретті туынды және оның физикалық мағынасы. Функция графигінің ойыстығы мен дөңестігі. Иілу нүктелері.
8-тарау. Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер, теңсіздіктер (7сағат)
Айнымалысы логарифмнің негізінде берілген логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістері. Күрделілігі жоғары көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер.